қоғам
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмысы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес берген тапсырмаларын орындауға, мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, Үкіметтің, министрліктің жоспарларында негізделген әлеуметтік-еңбек саласының міндеттері мен басымдылықтарын, атап айтқанда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік бағдарламаларды орындауға бағытталған.

Жол картасын, Солтүстік Қазақстан облысының халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдаралмасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру мен лайықтау, жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау және және біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізу қолданылады.

Экономиканың негізгі салаларын дамыту жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жеткілікті жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендету мүмкіндігін берді.

2009 жылы Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы мен Жол картасы бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құрудың ай сайынғы мониторингі жүргізілді, оған сәйкес 22673 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде Жол картасы бойынша 6754 жаңа уақытша жұмыс орны және 990 маусымдық жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту органдарының жолдамалары бойынша 19245 жұмыссыз тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, немесе ол 2008 жылға қарағанда 2,1 есе (9906 адамға) артық. Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін өтініш бергендер санының жұмысқа орналасқан азаматтар үлесі 87,1%-ды құрайды.

 Өтініш берген азаматтар арасынан 20,9% (4620 адам) қоғамдық жұмыстарға жіберілді, республика бойынша бұл көрсеткіш 23%-ды құрайды. Кәсіби даярлауға және қайта даярлауға 1074 адам жіберілді, ол 2008 жылға (1010 адам) қарағанда 1,1 есе артық, немесе ол жұмыспен қамту органдарына өтініш бергендер санының 4,9%-ын құрайды. Жол картасы бойынша жоспар 5002 адам болған кезде, 43 мамандық бойынша 5005 адам оқуға жіберілді. 4161 адам оқуды аяқтады, соның ішінде 2310 адам жұмысқа орналастырылды, немесе ол 55,5%-ды (жоспар 30% ) құрайды.

Халықтың нысаналы топтарындағы 3453 азамат үшін (Жол картасы бойынша - 2857), 2606 әлеуметтік жұмыс орны құрылды (2063- Жол картасы бойынша), немесе ол жыл тапсырмасының 117%-ын құрайды.

2009 жылы алғаш рет Жол картасы бойынша оқу орындарының 1552 түлегі жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылды, немесе ол жыл жоспарының 129%-ын құрайды.

2009 жылы жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету үшін 60 бос жұмыс орындары жәрмескесі өткізілді. Жәрмеңкелерді өткізу барысында мамандар еңбек заңнамасы мәселесі бойынша 2162 консультация берді. Өткізілген бос орындар жәрмеңкелер нәтижесінде 1420 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 283 жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

2009 жыл ішінде белсенді түрде жәрдем көрсету үшін 14 Жұмыс іздеу клубында 376 оқу семинары өткізілді. Үйрету сабағына 2013 жұмыссыз, соның ішінде 815 адам жұмысқа орналастырылды, 519 адам уақытша және қоғамдық жұмыстарға, 395 адам кәсіби даярлау курстарына жіберілді.

Мұқтаж оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсіби даярлау және қайта даярлау курсы арқылы жана мамандық алуға көмек көрсетіледі, атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Шаруашылық субъектілерінің жайлы қызмет етуі үшін экономикалық қатер туындаған кезде еңбек қатынастары тараптарының мүдделерін барынша есепке алуды қамтасыз ету және әлеуметтік шығынды төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Облыс әкімдігі, «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы заңды тұлғалар бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалы Кәсіподақтардың Солтүстік Қазақстан облыстық кеңесі арасында өзара ынтымақтақтастық туралы Меморандум жасалды.

Қазіргі уақытта қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі жайлы меморандумдар жасау жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2010 жылдың 1 қаңтарына 457 кәсіпорынмен меморандумдарға қол қойылды.

Қызметкерлердің де, жұмыс берушілердің де тең мүддесіне қол жеткізу үшін ұжымдық шарттар жасасудың маңызы зор.

2010 жылдың 1 қаңтарына 3019 кәсіпорында ұжымдық шарт жасалды немесе ол белсенді жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарының жалпы санының 68,3 %-ын құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының Халықты жұмыспен қамтудың 2010 жылға арналған бағдарламасы бойынша кедейлік пен жмұыссыздықты төмендету үшін мынадай іс-шаралар көзделген:

  • жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша тұрақты жұмыс орындарына 7989 жұмыссызды, соның ішінде халықтың нысаналы топтарынан 4123 адамды (52%) жұмысқа орналастыру болжануда;
  • қоғамдық ақылы уақытша жұмыстарға 4295 жұмыссыз, соның ішінде халықтың нысаналы топтарынан 2161 адам (50%) қатысатын болады. Осы мақсаттарға аудандар мен Петропавл қаласының бюджеттерінен 167,3 млн.теңге жіберілентін болады.
  • халықтың нысаналы топтары үшін жұмыс берушілермен бірлесіп 16,6 млн.теңге мөлшерінде іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ете отырып, 434 әлеуметтік жұмыс орны құрылатын болады;
  • еңбек нарығында талап ететін 30-дан астам мамандық бойынша 1038 жұмыссыз үшін кәсіби оқуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аудандар мен Петропавл қаласының бюджеттерінен 54,1 млн.теңге бөлінді. Елді мекендердің әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін мамандықтар бойынша оқыту бірінші кезекте жүргізілетін болады.

2010 жылдың Жол картасы бойынша 7238 уақытша жұмыс орнын, соның ішінде 5283 инвестициялық жөндеу бағыттары бойынша (4,8 млрд теңге) және әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасын өткізуді кеңейту есебінен 2000 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Жол картасы шеңберінде 800 адам кәсіби оқуды өтуде, 2009 жылдан 119,9 млн.теңге мөлшеріндегі қалдықты ауыстыру арқылы қарыжылық қамтамасыз етілді.2010 жылы тағы да 1785 адам (178,1 млн.теңге) оқуға жіберілетін болады.

2010 жылы Жол картасын іске асыруға бөлінген қаражат 5,4 млрд.теңгені құрайды.

Еңбек нарығында талап ететін мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу, кәсіби білім алу немесе қайта оқу мәселелері бойынша тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының web-сайты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тарауына сілтеме) немесе ауылдық округ әкіміне арыздану қажет.

Қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey