Ескендіров Самат Сапарбекұлы
1966 жылы 24 шілдеде Көкшетау облысының Симферополь селосында туған. Үйленген. Екі бала (Қанат, 1990ж.т., Алмат 1995 ж.т.) және бір қызы (Салтанат, 2001ж.т.) бар.
Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.
Ауыл шаруашылығының инженер-механигі, экономика магистрі.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Тайынша ауданының Дмитриев атындағы колхозда техника жөніндегі егістік бригадирінің көмекшісі болып бастаған.
1994 жылдан 2004 жылдарға дейін Ақмола облысының Щучинск қ. «Есіл» ЖШС-нің құрылтайшысы, директоры, кейін бас директоры болып жұмыс істеген. 2004 жылдың тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылық және жер қатынастары департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2004 ж. қарашасынан 2007 ж. қазанына дейін Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Қызылжар аудандарының әкімі болып қызмет етті.
2007 жылдың қарашасынан — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
«Құрмет» орденімен (2007ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл» (2005 жыл), «Астанаға 10 жыл» (2008ж.) мерейтойлық медальдерімен марапатталған.
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы
1968 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.
В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет басқарудың Ұлттық жоғары мектебін бітірген.
Инженер-системотехник, мемлекеттік басқарудың магистрі.
Еңбек жолын Алматы қ. «Казгипросельхоз» аумақтық мемлекеттік жобалау институтында техник болып бастады. ҚР ҰҒАқпарат және басқару проблемаалары институтында, банк саласында істеген.
1996 ж. ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық Кеңес Хатшылығының аға сарапшысы болып тағайындалды.
1997 — 2003 жж. дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттікте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөнідегі агенттікте, ҚР Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2003ж. ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2005–2007 жж. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі, кейін басшысының орынбасары болып істеді.
2007–2008 жж. -ҚР Білім және ғылым вице-министрі
2008 жылдан 2010 жылғы сәуірге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.
2010 жылдың сәуірінен — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
Сапаров Айдарбек Сейпiлұлы
1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келді. Үйленген. Үш баласы бар (ұлы — Нұрсұлтан, қызы — Сұлушаш, ұлы — Айсұлтан). Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992 ж.), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006 ж.) аяқтады. Зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры мамандықтарына ие.
Институт аяқатған соң Булаев ауданының ауылшаруашылығы кәсіпорындарында мамандығы бойынша жұмыс істеген.
1995–2003 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры.
2003–2005 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары.
2005–2006 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.
2006–2006 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының бастығы.
2006–2008 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Шал, ақын ауданының әкімі, Сергеевка қаласы.
2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, Булаев қаласы.
2010 жылдың сәуірінен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
«Құрмет» орденімен (2008 ж.), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2008 ж.) марапатталған.
Чжен Александр Моисеевич
1956 жылы 15 маусымда Көкшетау облысы Келлеров ауданының Келлеровка селосында туған.
Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1978ж.).
Мамандығы — инженер-құрылысшы.
Еңбек жолын Қарағанды қ. «Карагандажилстрой» тресінің ҮСК конвейер учаскесінің шебері болып бастады.
1980 жылдан 1989 жылға дейін Көкшетау қ. өндірістік-техникалық ұйымдарында басшылық қызметте жұмыс істеді.
1989—1992 жж. — Көкшетау қ. Көкшетау облыстық атқару комитетінің күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
1992—2004 жж. — Көкшетау қаласында «АГВА» агрофирмасы ЖШС бас директоры.
2004 ж. — Айыртау ауданының әкімі.
2004—2005 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің экономикалық дамыту департаменті бастығының орынбасары.
2005—2008 жж. — Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулеттік-құрылыс бақылау басқармасының бастығы.
2008ж. қазанынан — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2006 ж.).