Басқарма мекенжайы:
150007, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, С.Мұқанов к-сі, 58
Телефон (факс): +7 7152 42-24-72
web-cайт : http://yzo.sko.kz
e-mail: oblzem@sko.kz
Басшылық
Басқарманы облыс әкімі тағайындайтын бастық басқарады. Бастықтың облыс әкімінің келісімі бойынша тағайындалатын бір орынбасары бар.
Бастық –Есенгелді Шәйкенұлы Кәрібаев
Тел.: 42-24-72
Орынбасары – Нұрлан Төлеуұлы Биболаев
Тел.: 36-32-88
Азаматтарды қабылдау кестесі
Басқарма бастығы:
Есенгелді Шәйкенұлы Кәрібаев – сәрсенбі 900-1300
Басқарма бастығының орынбасары
Нұрлан Төлеуұлы Биболаев – сейсенбі 1400 – 1800
Басқарма қызметі
«Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарманың құзыретi мен функциялары
1. Қойнауын пайдалану мен магистральдық өткiзгiш құбырын салу, Жер мұнай және газ өңдеу объектiлерiнiң құрылысы, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын кеңейту үшiн жер учаскесiн алу және беру жөнiнде облыстың жергiлiктi атқару органы шешiмдерiнiң жобаларын және ұсыныстарын әзiрлеу.
2. Мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарына және олардың тәжiрибесi мол шаруаларына, және мемлекеттiк тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығына жер учаскелерiн беру жөнiнде облыстың жергiлiктi атқару органы шешiмдерiнiң жобаларын және ұсыныстарын әзiрлеу.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың барлық түрлерiн жасау үшiн жердi резервте сақтау бойынша ұсыныстарды әзiрлеу.
4. Мемлекеттiң, оның құзырет аясында, нақты жер учаскелерiн жеке меншiкке сататын кадастрлық (бағалау) құнын бекiту.
5. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн жер телiмiнiң, оның құзыретi аясында, анықтамасы.
6. Жер учаскелерiн қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекiту және жерге орналастырудың өткiзiлуiн ұйымдастыру.
7. Облыс жерлерiн ұтымды пайдалану бойынша бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды және жердi аймақтарға бөлу жобаларын әзiрлеуiн ұйымдастыру.
8. Жер сауда-саттық (конкурстар, аукциондар), оның құзырет аясында, өткiзудi ұйымдастыру.
9. Жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық бағдарламаларын, жобаларын, схемаларын сараптан өткiзу.
10. Сатып алу-сату шарттары мен жер учаскесiнiң жалға беру және уақытша өтеусiз жердi пайдалану, оның құзырет аясында, шарттарды жасау.
11. Берiлген аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) негiзiнде облыс жерлерiнiң теңгерiмiн құрастыру.
12. Жерге орналастыру жұмыстарының өндiрiсiн лицензиялау
13. Облыстың жергiлiктi атқару органдарына осы Кодекстiң 71 бабына сәйкес iзденiс жұмыстарын өткiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануына рұқсат беру бойынша ұсыныстарды әзiрлеу.
14. Ауыл шаруашылық алқаптардың бiр түрiнен басқа түрiне ауысуы жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу.