Басты бет »  


 
Өзекті
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С. Біләловтің облыс тұрғындары алдындағы Есебі. Петропавл қ., 2010 ж. 12 ақпан

Құрметті активке қатысушылар!

Қымбатты достар!

2010 жылғы есепті кездесу үстіміздегі жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының ел дамуының 2020 жылға дейінгі нақты стратегиясы белгіленген Қа-зақстан халқына Жолдауының жариялануымен елеулі болмақ.Мемлекет басшысы жедел индустриялық-иннова-циялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және елді индустрияландыру картасын жүзеге асыру бо-йынша тиісті тапсырмалар берді. Ол өңірлік дамуға және экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруға айрықша маңыз береді.Өткен 2009 жыл еліміз бен облыс өміріндегі ма-ңызды оқиғалармен атап өтілді.Қазақстанды ТМД елдерінің ішінен бірінші етіп 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға қызметіне сайлау туралы шешім біздің еліміз үшін ең ірі жетістіктердің бірі болды.Біз өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күрделі құ-рылыста айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Ден-саулық сақтауда, білімді дамытуда ірі әлеуметтік бағ-дарламалар жүзеге асырылды.Алдағы кезең – бұл елімізді экономикалық, әлеу-меттік және рухани дамытудағы ұлан-ғайыр өзгерістер дәуірі. Сондықтан осы ізгі міндетті орындауға өзінің ай-тарлықтай үлесін қосу әрбір солтүстікқазақстандық-тың парызы болып табылады.

* * *

 Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес осымен алтыншы рет өткізіліп отырған барлық деңгейлердегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру үдерісінің маңызды тетігі ғана болып қойған жоқ, тұрғындар нақ осында өңір дамуының барынша өткір проблемаларын көтеретіндіктен, атқарушы органдар үшін нағыз сынақ болып табылады. Бұл – атқарушы биліктің жауапкер-шілігін арттырып, есеп беруіне мүмкіндік тудыратын халықпен ашық сұхбат.2010 жылдың қаңтар айы бойы 678 елді мекенде, Петропавл қаласының шағынаудандарында барлық деңгейлердегі әкімдердің 112 мыңнан аса адам қа-тысқан 930 есепті кездесуі болып өтті.Есепті кездесулер тұрғындардың жоғары белсен-ділігімен өтті, бұлардың барысында 3500 адам сөйлеп, 3100-ден аса ұсыныс енгізілді. Есеп беру барысында мен облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттер басшыларының қатысуымен облыс тұрғындарымен кездесулер өткіз-дім. Бұл кездесулерде шұғыл шешуді талап ететін көп-теген проблемалар белгіленді, ескертулер мен ұсыныс-тар айтылды. Көтерілген әрбір мәселе бойынша ауыл-дық округтердің, аудандардың, Петропавл қаласының әкімдеріне, тиісті департаменттер мен басқармалар-дың басшыларына тапсырмалар берілді, оларды жү-зеге асыру жөнінде шаралар жасалды. Бұрынғы, сондай-ақ биылғы есептердің тәжірибесі атқарушы биліктің жергілікті жерлерде азаматтардың толғақты проблемаларын, оларды Мемлекет басшысы “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” Жолдауында қойған міндеттер тұрғысынан қарай отырып, шешуге үлкен назар аударатынын көрсетеді.

* * *

Қазіргі уақытта облысымыз қарқынды дамыған өңірлер тобына жатады және Қазақстан экономика-сында маңызды орын алады. 2009 жылдың қорытын-дылары осыны дәлелдейді.Қазақстан Республикасының ЖӨӨ көлеміндегі Сол-түстік Қазақстан облысының жалпыөңірлік өнімінің үлесі 2,7 пайызды құрады, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңдегіден 0,3 пайыз артық.ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығы – 31,5 пайыз – барынша үлес салмағына ие, өнеркәсіпке – 10,1 пайыз, саудаға, автомобильдер жөндеуге, тұр-мыстық бұйымдар мен жеке тұтыну заттарына – 14,3, көлік пен байланысқа 5,9 пайыздан келеді.Тұрғындардың жан басына шаққанда 464,2 мың теңгеге тауарлар өндіріліп, қызметтер көрсетілді, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңдегіден 7,1 пайыз жоғары.2009 жылдың қорытындылары бойынша ЖӨӨ көлемі өткен жылға қарағанда нақты 4,5 пайыз өсуімен 459,4 млрд. теңге көлемінде болатыны болжануда.2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 115 пайызға өсу қар-қынымен 710,3 мың теңге сомасында шығарылды.Әлеуметтік индикаторлар айтарлықтай жақсарды. Облыс бойынша орташа айлық жалақы 14,8 пайыз өсіп, 45 мың теңгеден асты.2009 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 102-ге қысқарып, 3224 жұмыссыз болды, жұ-мыссыздардың үлесі 0,8 пайызды құрады, 14,9 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту экономиканың тұрақты дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.Мемлекет басшысы 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қа-зақстан халқына “Жаңа онжылдық – жаңа экономика-лық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында экономиканың аграрлық секторын да-мыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорт әлеуетін дамыту мәселелеріне айрықша назар аударды.Дүниежүзінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұ-раныс экономикадағы теріс тенденциялар ықпалына барынша аз мөлшерде түскен. Әлемдік азық-түлік на-рықтарындағы тағам өнімдерінің бағаларының көте-рілуінің ұзақ мерзімдік болжамы облыстың ауыл ша-руашылығы өндірісінің тиімді дамып, өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді.2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 238 млрд. теңгеден аса болып, нақты көлем индексі 2008 жылғы деңгейге 114 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін салаға жыл сайын елеулі қаржы қоры жұмсалады. 2009 жылы республикалық бюджеттен 5,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 74,1 млн. теңге бөлінді.Облыста өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, оны бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған дақылдарға қайта бағыттау бойынша ұдайы, мақсатты жұмыстар жүргізілуде.Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды, ылғал, ресурс сақтаудың қарқынды технологияларын жүзеге асырудың арқасында облыста астық өндірісін ұлғайтуда, саланың табыстылығын арттыруда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. 2009 жылдың қиын ауа райы жағдайларында жақсы дәнді дақылдар егіні өсірілді, орақты қолайлы мерзімде өткізу қамтамасыз етілді, сөйтіп облысымыз елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экспорт әлеуетінің және республи-каның астықты мемлекет ретіндегі беделінің артуына лайықты үлес қосты.Өткен жылы астықтың жалпы өнімі гектар басы 16,6 центнер шығымдылықпен өңдеуден кейінгі салмақпен 6,4 млн. тоннаны құрады.“Азық-түлік корпорациясы” ҰК” АҚ бөлген ресурстар-ға сәйкес республикалық тұрақтандыру қорына 1,4 млн. тонна астық сатып алынды.Солтүстік Қазақстан облысы республикадағы ірі астықты экспорттаушының бірі болып табылады. 2009 жылы экспортқа 1 млн. тоннадан аса астық шы-ғарылды.Өздері өндірген өнімдер есебінен облыс тұрғында-рының картоп пен көкөністерге сұраныстары толы-ғымен өтеледі.Мал шаруашылығы серпінді дамуда.Өткен жылы ет өндіру көлемі – 96 мың тонна, сүт – 573 мың тонна, жұмыртқа – 305 млн. дана болып, бұл республика бойынша бүкіл өндірістің тиісінше 6,10,9 және 9,3 пайызын құрады.Қуатты мемлекеттік қолдау мал шаруашылығының дамуына жаңа серпін беріп, агроқұрылымдар басшыларының өндірісті әртараптандыруға ынтасын арттырды.Атап айтқанда, 2009 жылдың наурызынан бастап “Петропавл бройлер фабрикасы” өз өнімдерін облыс пен республиканың басқа өңірлеріндегі базарларға жөнелтті. “Баско” фирмасының құс фабрикасы мен шошқа кешені ойдағыдай жұмыс істеуде. “Тайынша-Астық” ЖШС-інде Канададан әкелінетін қара малға арналған 1000 бастық сүт кешенінің құрылысы аяқталуда.Қанатқақты жоба – “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінде 800 бас канадалық сиырлардың сүт кешені жұмыс істеуде, 2009 жылы мұндағы әр сиырдан сауылған сүт 7 мың литрге жуық болды.Бірқатар сүт фермаларында қайта құру жүргізіліп, оларда сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған осызаманғы технология енгізілуде.Жыл өткен сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату мен тағамдық өнімдер өндірісінің көлемі артып, олардың түр-түрі кеңейтілуде.Бүгінгі күні біздің алдымызда түбегейлі жаңа, неғұрлым биік міндеттер тұр. Ең алдымен бұл салада еңбек өнімділігін арттыру, облыс пен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетін жүзеге асыру басты мақсаттар болып табылады.

 

ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан халқына арналған “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өр-леу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауда ин-дустриялық-инновациялық даму арқылы экономиканы әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінген. Мұның өзін-де қызметтің негізгі бағыты ретінде өндіріске иннова-цияны енгізу арқылы еңбек өнімділігін кешенді арттыру белгіленген.Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру облыстың өнеркәсіп кешеніне өндірістің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2009 жылы өнеркәсіп өнімдері көлемі 77 млрд. теңгеге жуық болып, ол 2008 жылғы деңгейге қарағанда 5% өсті.Өнеркәсіптің жетекші кәсіпорындары экономиканың қиын жағдайында және жеткілікті дәрежеде қатал бә-секелестік туындап отырғанда бәсекеге қабілетті, ха-лықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ке-летін өнімдерді игеру жөнінде ұдайы жұмыстар жүр-гізуде.2009 жылы жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, бұл жаңа кәсіпорындар құруға және өндірісте өнімдердің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берді.“СУ-808” ЖШС-і асфальтбетон қоспасы өндірісін ұйымдастырды.“Рязанцев” жекеменшік кәсіпорны ПВХ бұйымдары өндірісіне қажетті жабдық сатып алды.“Тез құрастырылатын ғимараттар мен имараттар зауыты” ЖШС-і электрмен дәнекерлеп дайындайтын қоставрлы, сэндвичпанельді, профтабақты және С тәріздес профильді металл конструкциялары өндірісін игерді. “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС-і полиэтилен құбырларын және құрылымдық оқшаулау панельдерін шығару бойынша 3 желіні пайдалануға берді. Қазақстан Республикасының Президенті елі-міздің жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму жоспарына арналған бейнеконференция ая-сында 2009 жылғы 3 шілдеде бұл жобаның тұсауын кесті. “Петропавл құбыр зауыты” ЖШС-інде болат та-бақтан болат құбырларының импортты алмасты-ратын өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан басқа өткен жылы “ЗИКСТО” АҚ “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы үшін 1,9 млрд. теңге сомаға 250 вагон шығарды. Үстіміздегі жылы 600 вагон шығару жоспарлануда. Зауыт жаңа өнім түрлерін шығаруды жалғастыруда және бүгінгі күні Қазақстан-ның темір жолында талап етілетін жүк тасымалдауға арналған окатыш тасымалдаушылар мен платформа-лардың сынақтары оң нәтижелі аяқталды. Тайынша ауданында “Кен-байыту фабрикасының құрылысы бар Обухов титан-цирконий кені кенішін иге-ру” жобасы аясында жылына 40 мың текше метр кен өң-деу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды.

Тамақ өнімдерін өндіру өңдеу өнеркәсібінің 58 пайызын құрайды. Осы салада 34,1 млрд. теңгенің өні-мі шығарылды. 2009 жылы ет, ет қалбырларының, шұ-жық өнімдерінің, рапс майының, өңделген сүт пен кіле-гейдің өндірісі ұлғайтылды. Өңдеу кәсіпорындарының желісін дамыту жалғас-тырылуда.Мәселен, 2009 жылы “Петропавл бройлер фабри-касы” ЖШС-інде қалдықсыз өндірісі бар осызаманғы сою цехы салынды және инкубатор құрылысы бас-талды. 2009 жылы Айыртау ауданында “Керемет” АТК қуаттылығы жылына 700 тонна сүт өңдейтін цехты іске қосты. Аққайың ауданында “Қиял” ЖШС-і ыдысқап шығару бойынша өндірістік цехты пайдалануға берді, бұл ұн үгуге, сондай-ақ даяр өнімді өзі шығарған қаптарға салуға мүмкіндік береді. М.Жұмабаев ауданында “Пальчик” ЖК-і өнімділігі жылына 48 тонна сары майды қаптау желісін өндіріске енгізді. 2010 жылдан Қазақстанда жеделдетілген индус-триялық-инновациялық дамудың бесжылдығы бастал-ғаны бәрімізге мәлім, бұл экономиканың дамуына және жаңа ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуға қуатты серпіліс береді және еңбек өнімділігін арттыру үшін жағдай жасайды. Осыған байланысты өнеркәсіпте 2010 жылға ар-налған перспективалық даму жоспарларында өнер-кәсіптік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, но-менклатурасы мен өндіріс көлемін ұлғайтуға, оның тұ-рақты өндірісін қамтамасыз етуге, қазақстандық үлесті дамытуға бағытталған бірқатар мәселелерді шешу көзделуде. Осының барлығы өндіріске инвестициялар тарту үшін бұдан да қолайлы ахуал қалыптастыруға ықпалын тигізетін болады.Индустриялық инвестициялық жобаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының индустрия-ландыру картасы аясындағы жобаларды іске асыру, жоғары қосылған құнымен өнім шығару бойынша жаңа өндірістер ұйымдастыру, сондай-ақ облыс кәсіпорын-дарында халықаралық стандарттар негізінде менедж-мент жүйесін жасау және енгізу жұмысын жандандыру өңірде индустрияландыру жүргізуге ықпалын тигізетін болады.

2010 жылы облыстың индустриалды-инновациялық дамуы аясында кәсіпкерлердің жеке және қарыздық қаржыларына 6,1 млрд. теңге сомасына 5 ірі инвестициялық жобаның іске асырылуы аяқталады, 550-ден астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады.

  • мамыр айында Петропавл қаласында «Құрғақ пенобетондық қоспалар зауыты» ЖШС-мен құны 164,5 млн. теңге құрғақ пенобетондық қоспалар шығаратын зауыт іске қосылады, 38 жаңа жұмыс орындары ашылады.
  • маусым айында Тайынша ауданында «Тиолайн» ЖШС-мен титан-цирконий жездерін қайта өндіру мен барлау бойынша Обухово кен орнында жылына 40 мың куб метр қуаттылымен екінші кезегі іске қосылады, жылына 500 мың куб метр жез өндіретін байыту фабрикасы іске қосылды, құны 3855,5 млн. теңге, 157 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар бірінші жартыжылдықта келесі өндірістер іске қосылады:

  • Ақжар ауданында «Актобе GLASS» ЖШС кен-байыту фабрикасының құрылысы аяқталады, Айсары кварц құмдарының кен орнында карьер игеріледі, құны 1200 млн. теңге, 150 жаңа жұмыс орны ашылады.
  • Петропавл қ. «ЗИКСТО» АҚ астық тасымалдауға арналған төрт осьты жабық вагон-хоппердің моделі енгізіледі, жоба құны 340 млн. теңге, жаңа 90 жұмыс орны ашылады.
  • желтоқсан айында «ЗИКСТО» АҚ-да болашағы зор мамандырылған платформа (контейнер тасушы) енгізіледі, жоба құны 503 млн. теңге, 120 жаңа жұмыс орны ашылады.

Кәсіпкерлердің жеке және қарыздық қаражаттарына, жалпы сомасы 11,5 млрд. теңге, екі ірі жобаның іске асырылуы бастау алады, нәтижесінде 660 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады.

  • Айыртау ауданында «Сырымбет» АҚ – «Сырымбет» кен орнын игеру» құны 8,1 млрд. теңге, 560 жаңа жұмыс орны ашылады.
  • Аққайың ауданында «New Polymer» ЖШС (Астана қ.), «Алькор» ЖШС (Алматы қ.) – «Заманауи полимерлік жүйелер шығару бойынша зауыт», құны 3,4 млрд. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

КӘСІПКЕРЛІК

Мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлікті белсенді дамытусыз экономикалық өсім мүмкін емес. Облыста 24 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар, онда 69 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2009 жылы шағын және орта бизнес кәсіпорындары 124 млрд. теңгеден астам сомаға тауарлар шығарды және қызметтер көрсетті, 2008 жылға қарағанда көлемдердің өсуі 3,6 пайызға жетті. 2009 жылы қаржылық көмек көрсету мақсатында банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 11 млрд. теңгеден астам сомаға кредиттер берді.2009 жылы кәсіпкерлердің қаржылық ресурстарға қолжетімділігін жеңілдету үшін мемлекет бюджетінен “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ қатысуымен 4,6 млрд. теңге, “Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы 50 млн. теңге бөлінді.Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ арасында ынтымақ-тастық туралы меморандумға қол қойылды. “Бизнес-Кеңесші” бағдарламасы аясында облыс аудандарында және Петропавл қаласында шағын және орта бизнес субъектілері үшін оқыту тренингтері жүргізіледі. Мемлекет басшысының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін-діктері” атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлік экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші ретінде айқындалды. Осыған байланысты 2010 жылы кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік бастамаларды, соның ішінде бизнесті дамытуда материалдық-қаржылық, ақпараттық-құ-қықтық қолдау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысы жалғасты-рылатын болады.

 

ИНФЛЯЦИЯ

Қолданылған шаралар нәтижесінде облыста баға тұрақты. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстағы инфляция деңгейі 5,9 пайызды құрады. Бұл орташа республикалық деңгейдегіден 0,3 пайызға және 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айындағыдан 3,2 пайызға төмен.Азық-түлік саудасында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 2009 жылдың басында көтерме, бөлшек сауда кәсіпорындары және облыс орталығындағы базар-лардың басшыларымен 2009-2010 жылға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақ-тандыру мәселесі жөнінде өзара ынтымақтастық туралы, азық-түлік тауарларының 27 түріне 10 па-йыздан және басқа топтағы тауарлар түрлеріне 15 па-йыздан көп емес көлемде сауда үстеме ақысын қол-дану туралы меморандумға қол қойылды.Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін базар-ларға және сауда кәсіпорындарына тікелей жеткізу қамтамасыз етілді.Облыс аумағында 26 жеміс-көкөніс қоймасы жұмыс істейді, оларға 2009-2010 жылғы қысқы кезеңде 14 мың тонна картоп пен көкөніс салынды (2008 жылғы деңгейден 3 есеге артық), бұл оларды бөлшек сауда орындарына үнемі жеткізіп отыруды қамтамасыз ету-де.Петропавл қаласында “Шапағат” павильондар жүйесі жұмыс істейді, оларда тұрғындардың әлеу-меттік қорғауды қажет ететін топтарын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы және жеміс-көкөніс өнімдері базардағыдан 10-15 пайызға төмен бағаға сатылады.2009 жылы “Наурыз-2030” ЖШС “Тобыл” ӘКК-мен бірлесе отырып, жабық жерде көкөніс өндіруді ұлғайту мақсатында ескі жылыжайларды қайта құрды. 2009 жылдың соңына таман жабық жерде көкөніс өсіру алаңы 6 гектарды құрады немесе 2008 жылғыдан 33 пайыз ұлғайды. Бұл Петропавл қаласының тұрғын-дарына белгіленген бағамен жеткізіліп тұратын көкөніс мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік берді.Көкөніс бағасына байланысты туындайтын түсініс-пеушілікті болдырмау үшін республиканың оңтүстік өңірлерінен “Қызылжар” коммуналдық базарына тікелей тасымал ұйымдастырылды.Делдалдардың санын қысқарту мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда, бұл тұрғындарға азық-түлікті базардағыдан 10-15 пайызға төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік береді. 2009 жылы 523 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, оларда 607,0 млн. теңгенің өнімі сатылды, соның ішінде Петропавл қаласы бойынша 418,7 млн. теңгенің өнімі сатылған 49 жәрмеңке өткізілді.Қол қойылған меморандумдар шарттарын сақтау және облыс базарларындағы баға жағдайы үнемі бақылауда. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2009 жылы облыс экономикасының негізгі қорына 47,2 млрд. теңге инвестиция құйылды. Оның респуб-ликалық бюджеттен түскен 12,5 млрд. теңге және жергілікті бюджеттің 3 млрд. теңге қаражаты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тұрғын үй нысандарының құрылысына жұмсалды.Өз қаражаты және шаруашылық субъектілерінің қарыз қаражаттары есебінен құралған облыстық инвестиция 30,8 млрд. теңгені құрады. Ол өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, энергетиканы, көлікті, бай-ланысты және басқа салаларды дамытуға жұмсалды.

 

ҚҰРЫЛЫС

2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асырудың екінші жылы табыс-ты аяқталды. Облыста тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 101 пайыз орындалды, яғни 108,7 мың шаршы метр баспана салынды, оған 3,5 млрд. теңге қаражат жұмсалды.Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көле-мінің ішінде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10,7 мың шаршы метрлік комму-налдық 84 пәтерлі үй салынды.2009 жылы республикалық бюджет трансферттері есебінен Петропавл қаласында жалпы аумағы 19 мың шаршы метрлік (342 пәтер) 3 тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысына негіз қаланды. Кредиттік қаражат есебінен Петропавл қаласында жалпы аумағы 18,4 мың шаршы метр (215 пәтер) 3 бес қабатты және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында жалпы көлемі 0,78 мың шаршы метрлік 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

 

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Бұрынғыша біздің облыс үшін таза ауыз су өткір мәселе болып табылады. Сондықтан да біздің осы мәселеге ерекше көңіл аударуымыз кездейсоқтық емес.2009 жылы “Ауыз су” бағдарламасының аясында су шаруашылығы іс-шараларын іске асыруға 3 млрд. жуық теңге бағытталды, бұл 2008 жылғыдан 1,1 есеге артық, соның ішінде республикалық бюджеттен – 1 млрд. 541 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 295 млн. теңге, Азия даму банкінің қарыз қаражаты – 1 млрд. 125 млн. теңге. 200 километрден астам су құбырлары мен тарату желілері салынды және қайта құрылды.Тұрғындар саны 12,6 мың адамды құрайтын 25 елді мекенге су тартылды. Сонымен қатар 52,6 мың тұрғыны бар 10 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсартылды.Үстіміздегі жылы су құбырларын және тарату желілерін салу, қайта құру жолымен сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

КӨЛІК

 Өңірімізде облыстық және аудандық маңызы бар жеті жарым мыңнан астам шақырым автожолдар бар, оларды жөндеу мен ұстауға 2009 жылы 3 млрд. 542 млн. теңге бөлінген, бұл 2008 жылғыдан 1,6 есе артық. 14,2 километр КТ-1 “М-51-Петерфельд-Архангелка-Новокаменка-А-16” автожолын қайта құру жалғасты-рылды, 31,2 километр жолға күрделі жөндеу жүргізілді.2010 жылға Үкімет жергілікті маңызы бар авто-жолдарды қайта құруға және күрделі жөндеуге респуб-ликалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге мақсатты транс-ферт бөлді. Облыстық бюджеттен облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу мен ұстауға 546 млн. теңгеден артық қаражат бөлінді. “Жол картасы” бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін 2010 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 645 млн. теңге бөлу қарастырылды.Жалпы өңірдің жол саласына 2,8 млрд. теңгеден астам көлемде қаржы бөлінеді.

 

БЮДЖЕТ

2009 жылғы облыс бюджеті экономиканың серпін-ді дамуының барлық параметрлеріне сәйкес келді.Облыстың жергілікті атқарушы органдары, салық, қаржы, экономикалық қызметтері жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін арттыру, олардың субвенциялығын тө-мендету және салықтық әкімшілендіру жөнінде дәйекті жұмыс жүргізді. Облыс бюджетіне 16,6 млрд. теңгеден астам меншікті кіріс жиналғаны, бұл – белгіленген жос-пардан 1,3 пайызға артық екендігі жүргізілген жұ-мыстың тиімділігінің көрсеткіші.2009 жылдың басында қалыптасқан сомасы – 5,5 млрд. теңге, соның ішінде кіріс жөніндегі жоспарды асыра орындау есебінен 0,9 млрд. теңге бос қалдықты ескере отырып, бюджетті нақтылау жүргізілді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, жолдар, тұрғын үй құрылысы және тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің басым сала-ларына жергілікті бюджеттен қосымша 1 млрд. теңге-дей жұмсалды.Аяқталған жылы біздің облысқа республикалық бюджеттен 55,5 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде: субвенциялар – 34,1 млрд. теңге, нысаналы транс-ферттер – 21,4 млрд. теңге.Шығыстар бойынша облыс бюджетінің нақтылан-ған көлемі 2008 жылғымен салыстырғанда 15,9 па-йызға өсіп, 72,3 млрд. теңгені құрады.Әлеуметтік саланы дамытуға 2009 жылы шығыс-тардың жалпы көлемінен 46,6 млрд. теңге немесе 64 пайыз бағытталды. Салыстыратын болсақ, 2008 жылы әлеуметтік салаға 38,7 млрд. теңге бөлінді.2010 жылы облыс бюджетінің шығыстары 9 па-йызға ұлғайып, 78,8 млрд. теңгені құрайды.Күрделі экономикалық жағдай және нақты секторға салықты жалпы төмендету жағдайында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын және бюджеттік қаражат-тарды мейлінше үнемдеуді қамтамасыз ету қажет.

 

БАНК САЛАСЫ

Қазіргі кезде мемлекеттік саясаттың негізгі мақ-саттарының бірі өңірдің банктік жүйесін қолдау және дамыту болып табылады.Облыстың банк жүйесінде қалада және аудан-дарда екінші деңгейдегі 15 банк филиалы және олардың 70 құрылымдық бөлімшесі бар. Банк филиалдарымен салымдарға тартылған тұрғындар мен заңды тұлғалардың ақшалай қара-жаттарының көлемі 12,8 пайызға өсіп, 2010 жылдың 1 қаңтарында 25,5 млрд. теңгені құрады.Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік салымда-рының көлемі сомасы 61,6 млрд. теңгені құрады. 2009 жылғы банктердің шағын бизнесті кредиттік қолдауы шамамен 11 млрд. теңгені құрады.Банктер 1,7 млрд. теңге ипотекалық кредит, 3,2 млрд. теңге тұтынушылық кредит берді.Облыста екінші деңгейдегі банктердің филиал-дары орнатқан 202 банкомат, сондай-ақ 613 pos-терминал бар. 278 сауда және сервистік нүктелер жұмыс атқарады, онда облыс тұрғындарына карточка бойынша қызмет көрсетіледі.Облыста шағын кредиттік ұйымдар желісінің кеңеюі байқалады. 2009 жылы 215 шағын кредиттік ұйым құрылған.Бүгінгі күнге 261 шағын кредиттік ұйым тіркелген. Барлық шағын кредиттік ұйымдар 2009 жылы сомасы 535,5 млн. теңгенің екі мыңдай шағын кредитін берді.Облыс аудандарында ауылдық кредиттік серік-тестіктер қызмет атқарады, олар 2009 жылы 1,7 млрд. теңге кредит берді.Қаржы саласындағы жұмыс ілгеріде де қаржы саласын тұрақтандыру, кредиттік салымдар көлемін және банктердің құрылымдық бөлімшелерін сақтау, ауылда шағын кредиттік ұйымдар желісін дамыту және олардың ресурсын толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.

 

ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Ел экономикасының даму қарқыны әлемдік дағда-рыстың әсерімен нақтыланатыны – бүгінгі өмір шын-дығы.Қаржылық дағдарыс салдарының алдын алу үшін облыста дағдарысқа қарсы бағдарлама және “Жол картасы” әзірленген, оларда экономиканы және қаржы саласын тұрақтандыру, жұмыспен қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру жолында нақты іс-қимыл бағдарламасы мен мүлтіксіз бағдарлар айқындалған.Облыс бойынша жалпы “Жол картасын” іске асыруға 2009 жылы 4,9 млрд. теңге жұмсалды, соның ішінде:– “Жол картасының” инвестициялық бағыттарын іске асыруға – 3,7 млрд. теңге, одан республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 2,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 млрд. теңгеден астам (облыстық бюджет – 992 млн. теңге, төмен тұрған бюджеттер – 91,5 млн. теңге);

-  Кадрларды даярлау мен қайта даярлауға –республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 485,1 млн. теңге;

– әлеуметтік жұмыс орындары және “Жастар тә-жірибесі” бағдарламасын кеңейтуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 272 млн. теңге, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 164 млн. теңгеден астам, жастар саясаты бағдарламасын кеңейтуге – 108,3 млн. теңге.

“Жол картасының” барлық бағыттары бойынша 4 364,8 млн. теңге игерілді.

“Жол картасы” іс-шараларын орындау 2009 жылы 11206 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

“Жол картасының” құрылыс-жөндеу жұмыстары бойынша 6754 жұмыс орны құрылды (бұл – жоспардың 101 пайызы). Барлық жобалардың 182-сінде жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталған.43 кәсіп бойынша даярлауға және қайта даярлауға 5000 адам жіберілді.2009 жылы алғаш рет “Жастар тәжірибесі” бойынша жұмысқа орналастыру енгізілген. ЖОО, колледждер мен лицейлердің 1552 түлегі жұмыс орындарын алды. Еңбек қызметінде белсенділік көрсеткен 325 адам тұрақты жұмыс істеуге ұсынылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту есебінен 2857 жұмыс орны құрылды.

“Жол картасы” 2010 жылы жалғастырылатын болады және оны іске асыруға 5 млрд. астам теңге жұмсау көзделген, соның ішінде:

– “Жол картасының” 13 8 инвестициялық жобасын іске асыруға – 4876,6 млн. теңге, одан республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 3 251,1 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 1 625,5 млн. теңге;

– кадрларды даярлау және қайта даярлауға рес-публикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 178,1 млн. теңге;

– әлеуметтік жұмыс орындары және “Жастар тәжірибесі” бағдарламасын кеңейтуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 240 млн. теңге, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 117 млн. теңге, “Жастар саясаты” бағдарламасын кеңейтуге – 123 млн. теңге.

5 300 жаңа жұмыс орнын құру болжануда.2009 жылы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-дарды жұмыспен қамтамасыз етудің облыстық бағдар-ламасына сәйкес 28446 жұмыссызға жұмысқа орна-ласуға жәрдем көрсетілді, бұл жылдық жоспардың 114 пайызын құрады, соның ішінде 24461-і жұмыспен қам-тамасыз ету мәселесі бойынша өкілетті органдар ар-қылы. 14929 жаңа жұмыс орны құрылды. “Нысаналы топ” заңнамасында анықталған 596 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Қо-ғамдық ақылы жұмыстарға 4620 жұмыссыз жіберілді (тапсырманың 108 пайызы). Кәсіби оқытуға 1074 жұ-мыссыз жіберілді немесе жылдық көрсеткіштің 105 па-йызы.Жалпы жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 2008 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендетуге ықпал жасады және облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 6,1 пайызын құрады.2009-2010 жылдары жұмыс орындарын сақтау және тұрғындардың әлжуаз жіктерін әлеуметтік қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында облыстың 457 кәсіпорнымен жұмысшыларды әлеу-меттік қорғау туралы меморандумға қол қойылды.Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мүдделік теңгерімін қамтамасыз ету үшін 3019 шарт жасалды. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл аударылуда. 18,2 мың адамға сомасы 268,3 млн. теңге әлеуметтік мемлекеттік көмек көрсетілді.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамында балалардың үлес салмағы мейлінше көп екендігін ескере отырып, ана мен баланы қолдау шараларына баса назар аударылуда. 2009 жылы 15 мыңнан астам отбасы (31,3 мың бала) 320,3 млн. теңге мөл-шерінде 18 жасқа дейінгі балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларына берілетін жәрдемақыны алды. Қабылданған шаралар нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1850 адамға азайды. Негізгі азық-түлік тағамдарына бағаның өсуіне бай-ланысты аз қамтамасыз етілген азаматтар үшін жер-гілікті бюджет қаражатынан 37,0 млн. теңге қосымша көмек көрсетілді. Табысы кедейлік шегінен төмен 7,3 мың азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді.Апта сайын облыс аудандарының қатысуымен өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қалалық-тарға айтарлықтай көмек көрсетіп отыр. Оларда азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерінің бағасы базардағы-дан төмен.Облыста 19 әлеуметтік дүкен, 87 сауда нүктесі, 46 әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді, мүгедектер мен зейнетақы мөлшері төмен зейнеткерлер және атаулы әлеуметтік көмек алушылар көкөніс өнімдерін, азық-түлік тағамдары мен дәрі-дәрмекті төмен бағамен са-тып алады.Мүгедектерді оңалтудың жүйесі ұдайы жақсар-тылуда, қызметтердің жаңа түрлері және әлеуметтік жәрдемақылары енгізілуде, әлеуметтік қызмет көрсе-тудің стандарттары жетілдірілуде. 2009 жылдың басынан бері соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне тегін көлік қызметтерін ұсыну үшін олар-ды облыс орталығының маңызды әлеуметтік нысан-дарына жеткізу мақсатында “Әлеуметтік такси” қызметі ұйымдастырылды. Осы қызметпен 2744 адам қам-тылды.Жұмыспен қамтудың икемді түрлерін қолдану, аз қамтамасыз етілген азаматтарды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру, зейнеткерлер мен мүгедектерге қосымша әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жүргізілген жұмыс тұрақтылықты сақтауға және халықтың осал топтарына қажетті әлеуметтік қолдау көрсетуге мүм-кіндік береді.

 

БІЛІМ

2009 жылы “Білім” саласын қаржыландыруға 23,7 млрд. теңге бөлінді, бұл 2008 жылға қарағанда 13,5 пайыз артық.Өткен жылы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 3,2 есе, яғни 109-дан 356 бірлікке дейін ұлғайған. Атап айтқанда, балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 35,7-ден 52,1 пайызға өсті.2010 жылы 7025 орынға арналған 123 мектепке дейінгі ұйымдарды пайдалануға беру жоспарлануда.2009 жылы республикалық бюджет есебінен Мамлютка қаласында сметалық бағасы 1,3 млрд. теңге 200 орындық жатақханасымен 400 орынға арналған жалпы үлгідегі мектеп-интернат пайдалануға берілді. Уәлиханов ауданындағы Береке ауылында жергілікті бюджеттің есебінен сметалық құны 192 млн астам 80 орындық мектеп пайдалануға берілді.Облыс мектептері үшін жаңашыл пәндік, лин-гафондық-мультимедиалық кабинеттер сатып алуға бюджеттен қаражат бөлінуде.“ОkuNet.kz” осызаманғы ақпараттық-білімдік желісіне 170 білім ұйымы қосылған. “Компьютер-оқушы” арақатынасы 1:9 құрайды (2008 жылы - 1:12).Өткен жылы оқулықтар, оқулық-әдістемелік кешен-дер сатып алу және жеткізуге 151,9 млн. теңге жұм-салды.“Жол картасы” аясында 2009 жылы сомасы 500 млн. теңгеге 50 білім беру нысанына 100 пайыз күрделі жөндеу жүргізілді.Жоғары білімді мұғалімдер саны 82 пайызға жетті (2008 жылы – 80 пайыз).Мектептегі түскі астың сапасын жақсарту және ыстық тамақпен қамтуды ұлғайту мақсатында облыста мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік және жер учас-келерін дамыту мен тиімді пайдалану бағыты қолға алынып отыр. Мектептердің 86 пайызында оқу-тә-жірибелік учаскелері бар, мектеп жанындағы 142 жы-лыжай қалпына келтірілді және жұмыс істейді.ҰБТ нәтижелері облыстың рейтингінде қолайлы көрініс тапты.Түлектердің тестілеуден өту нәтижелері бойынша республика ауқымында облыс 2-орын алды.Біздің облыстың ауылдық мектебінің түлегі 2009 жы-лы ең жоғары нәтиже – 125 балл көрсеткен республика мектептері түлектерінің қатарына қосылды.Республиканың ең үздік жүз мектебінің қатарында біздің облыстан төрт мектеп бар. 34 үміткер мектептің ең жоғары наградасы – “Алтын белгіні” алды.Үстіміздегі оқу жылында 32 кәсіптік білім беру ұйымында 18,7 мың жасөспірім ұлдар мен қыздар білім алуда.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На-зарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауында 2020 жылға қарай балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуға тапсырма берді. Осыған байланысты балаларға мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамтамасыз етілуін арттыруға бағытталған “Балапан” арнайы бағдарламасын әзірлеу және үстіміздегі жылғы бірінші жартыжылдықта іске асыруға кірісу қажет.Сондай-ақ орта білім берудің 12 жылдық оқыту үлгісіне көшуге қажетті барлық шараларды қолдану қажет.Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіптік стандарттар мен экономиканың қажеттілігіне қатаң өзара байланысқа негізделуі тиіс.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 34 ауруха-налық ұйым, 166 амбулаториялық-емханалық ұйым, 485 медициналық қосын және 1 фельдшер-акушерлік қосыннан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдар желісі бар. 2009 жылы “Денсаулық сақтау” саласын қаржылан-дыруға 16,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2008 жылға қарағанда 35 пайызға артық.Біздің өңірде “100 мектеп, 100 аурухана” жобасы ая-сында 2009 жылы 4 денсаулық сақтау нысаны құрылысын салу жүргізілді: облыстық қан орталығы, бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана, Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауы-лында бір ауысымда 90 адам қабылдайтын 100 орынға арналған екі ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер салынуда, оған 2677,6 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінген және толық көлемде игерілген.Облыстық қан орталығын салу 2009 жылғы желтоқ-санда аяқталды. Жалпы сомасы 2439,4 млн. теңгеге қалалық емхана және екі туберкулезге қарсы диспансер құрылысын аяқтау 2010 жылға жоспарлануда.2008 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққайың ауданындағы Ленинское (құны 99 млн. теңге), Жамбыл ауданындағы Троицкое (құны 98,3 млн. теңге), М.Жұмабаев ауданындағы Полтавка ауылдарында (құны 100 млн. теңге) 3 емдеу амбулаториясының құ-рылысы басталды, 2009 жылы жоғарыда аталған ем-деу амбулаторияларын салуды аяқтауға бөлінген 109,3 млн. теңге игерілген, олар 2009 жылғы шілде- қыркүйекте пайдалануға берілді.2009 жылы облыстың емдеу-алдын алу ұйым-дарының материалдық-техникалық базасын нығай-туға 495,6 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 290,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 204,8 млн. теңге.2009 жылы жалпы сомасы 401,3 млн. теңгеге 3148 бірлік медициналық жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, соның ішінде сомасы 198,4 млн. теңгеге 26 бірлік жоғары технологиялық жабдық сатып алынды.Бұдан басқа жалпы сомасы 92,1 млн. теңгеге 41 бір-лік санитарлық автокөлік сатып алынды.Санитарлық авиациясы бар облыстық жедел ме-дициналық жәрдем орталығы ашылды және жұмыс істейді.2009 жылы жалпы сомасы 956,8 млн. теңгеге 36 ден-саулық сақтау нысаны жөнделді, соның ішінде “Жол картасы” аясында 29 ЕАҰ-на 500 млн. теңге бөлінген және игерілген.Облысқа 113 дәрігер келді, бұл 2008 жылға қа-рағанда 48 пайыз артық. Облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде 63 медицина академиясын бітіруші жұ-мысқа кірісті.Медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу үстіміздегі жылы Петропавл қаласында 88 пә-терлі жайлы жатақхана және 60 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйді салуды аяқтау және пайдалануға беру есебінен жоспарлануда.Озық технологияларды енгізу есебінен әлеуметтік-елеулі ауруларды азайту жөнінде шаралар қолдануда. Мәселен, №2 қалалық аурухана негізінде кардиоло-гиялық орталық құрылды және жұмыс істейді. Аста-наның ғылыми-ұлттық медициналық орталығымен және Каунастағы жүрек институтымен ынтымақтастық аясында ашық жүрекке 51 ота жасалды.Бүгінгі таңда облыста Түмен облыстық клиникалық ауруханасының кардиохирург-дәрігерлері туабіткен жүрек ақауы бар 428 балаға ота жасады, бұған 50 млн. теңге бөлінген.Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде облыс тұрғын-дарының денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақ-саруы байқалып отыр. Ана мен бала өлімі, тұрғын-дардың жалпы дертке шалдығушылық өсімі төмен-деуде. Туберкулезбен ауыру 20 пайызға және туберку-лезден өлім-жітім 19 пайызға төмендеген. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 9 пайызға төмендеді.2010 жылғы 1 қаңтардан бастап “Халықтың денсау-лығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексті іске асыру аясында бәсекелес орта қалыптастыру және медициналық қызмет көрсету мөлдірлігін қам-тамасыз етуге, пациенттің дәрігерді және емдеу ұйы-мын еркін таңдауға, соңғы нәтижені бағдарлауға және мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтың ынты-мақтас жауапкершілігін енгізуге бағытталған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде.2010 жылға арналған “Жол картасы” аясында денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге 580 млн. теңге жұмсалады (республикалық бюджеттің ны-саналы трансферті есебінен 387 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 194 млн. теңге).Мыналар жөнделетін болады:

облыстық перинаталдық орталық (акушерлік-гине-кологиялық корпус);Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылдық ау-руханасы туберкулезге қарсы диспансерге бейім-делетін болады; “Облыстық аурухана” коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның лор, офтальмология, гематология бөлімшелерінде және емханасында сан-техникалық құрал-саймандарды, су құбырын, жылу, кәріз, электрмен жабдықтау желілерін ауыстыру, те-резе және есіктерді жаңарту, жалпы құрылыс жұ-мыстары жүргізіледі.

 

МӘДЕНИЕТ

2009 жылы 3 жаңа клуб және 4 кітапхана ашылды, 8 клуб мемлекеттік желіге берілді.Жалпы облыс бойынша 586 мәдениет ұйымы, соның ішінде мемлекеттік меншікте 454 нысан бар. Облыстың кітап қоры 3,7 млн. дананы құрайды, мемлекеттік тілде 674 мың данадан астам.2009 жылы саланы қаржыландыру көлемі 1 млрд. 316 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 5 пайыз артық.“Жол картасы” аясында 2009 жылы 40 мәдениет объектісінде күрделі жөндеу жүргізілген, 240,0 млн. теңге игерілген (100 пайыз).“Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада М.Жұма-баевтың шығармашылығына арналған “Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...” атты ғылыми-тәжірибелік конфе-ренциясы өтті.Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұң-ғыш Президентінің мұражайында өткен “Алға ұмтылған Қазақстан” республикалық жоба аясында “Тарих тоғысында” атты көрме өтті, онда біздің облыстың мұражай қорларынан экспонаттар орналастырылды.Үстіміздегі жылы бірқатар атаулы күндер жоспар-лануда.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын өткізуге жергілікті бюджеттен 163 млн. теңгеден артық бюджет қаражаты бөлінген. Облыста дайындық жұмыстары жүргізілуде, іс-шаралар жоспары әзірленген, осы мерекеге арналған “Жеңіс жауынгерлері” атты кітап шығарылуда. Соғыс ардагерлері сияқты тыл еңбеккерлеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.Бұдан басқа республикалық бюджет қаражаты есебінен 351 млн. теңге көзделген, соның ішінде:Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне және ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек төлеуге – 305,2 млн. теңге;Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің жол жүруін қамтамасыз етуге – 15,8 млн. теңге.Жазушы, академик, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл толуын мерекелеуге 21 млн. теңгеден астам қаржы жоспарланған, Ш.Уәлихановтың 175 жылдығын мерекелеу жөнінде іс-шаралар өткізуге 20 млн. теңге көзделген.Облыстың 26 көркемөнерпаз ұжымы “халықтық”, “үлгілі” атақтарын ойдағыдай дәлелдеді, 6 көркемөнер-паз ұжымына “халықтық” атағы алғаш рет берілді.Облыстың дарынды орындаушылары мен ұжымда-ры Мәскеу, Санкт-Петербург, Түмен, Астана, Павло-дар, Қарағанды, Шымкент қалаларында өткен 18 ха-лықаралық және республикалық байқауларға қатысты.

 

СПОРТ

2009 жылы спорт ғимараттарының материалдық базасы ұлғайтылған болатын, 21 спорт нысаны пай-далануға берілген. Соның ішінде облыс орталығында 50 метрлік жүзу бассейні, Ғ.Мүсірепов атындағы ау-данның Нежинка ауылында және Қызылжар ауданын-дағы Бескөл ауылында спорт кешендері, М.Жұмабаев ауданындағы Возвышенка ауылында стадион са-лынды.Спорт ғимараттарының желісі 2166 бірлікті құрайды.2009 жылы саланы қаржыландыру көлемі 1 млрд. 432 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 20 пайызға артық.“Жол картасы” аясында 2009 жылы 4 спорт ныса-нына күрделі жөндеу жүргізілген, 47,0 млн. теңге иге-рілген (100 пайыз).965 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді, оларда 108 мың адам спортпен айналысады. Облыста бір мыңнан астам спорттық іс-шаралар өткізілген, соның ішінде 9 республикалық жарыс. Біз-дің облыста “Ақ бидай” төртінші республикалық ауыл-дық спорт ойындары өткізілді, оған Қазақстанның бар-лық облыстарынан 2 мыңнан астам спортшы қатысты. Дүбірлі жарыс нәтижесінде біздің облыстың құрама командасы құрметті бірінші орынға ие болды.

 Бүгінгі күні 199 солтүстікқазақстандық спортшы халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғауда. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назар-баевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауына сәйкес бұқаралық спортқа қазақстандықтардың 30 пайызын тарту спорт саласындағы негізгі міндет болып табылады.

 

РЕСЕЙ ӨҢІРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Көп жылдар бойы Ресей Федерациясы географиялық орналасуының артықшылықтарына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының басты сауда-эко-номикалық серіктесі болып табылады. Облыстың сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 50 пайыздың үстінде.Ресей Федерациясының шекаралас Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен ынтымақтастық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастық туралы жасалған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.2009 жылы облыстың Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 548,2 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 26,6 млн. АҚШ доллары, импорт – 521,6 млн. АҚШ доллары. Солтүстік Қазақстан облысының және Ресей Федерациясының кәсіпорындары арасындағы қол қойылған құжаттар аясында өзара тиімді тауарлар жеткізіліміне және қызмет көрсетуге шарттар жасалып, іске асырылуда.Солтүстік Қазақстан облысы және Ресей Федера-циясы шекаралас облыстарының ресми делегациялар алмасу тәжірибесі жалғастырылуда.2009 жылдың наурыз айында Петропавл қаласында Ресейдің Екатеринбург қаласы және Свердлов облысы іскер топтары делегациясының қатысуымен сауда-экономикалық миссия өткізілді. Кездесу нәтижесінде екі өңірдің кәсіпорындарымен және кәсіпкерлік құрылымдарымен ынтымақтастық туралы 5 шарт жасалды және келешекте іскерлік байланыстар орнату ниеті туралы 15 хаттамаға қол қойылды.Сондай-ақ 2009 жылдың наурыз айында Зауралье халықтары Ассамблеясы Кеңесі делегациясының жұмыс сапары аясында облыстың мемлекеттік құрылымдарының, қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізу нысандарының кәсіпкерлікке қол-дау көрсету мәселесінде тәжірибе алмасу бойынша Қорған облысының өкілімен кездесу өткізілді.2009 жылғы мамыр айының 18-21 аралығында Ресей Федерациясының Новосибирск және Кемерово қалаларында Солтүстік Қазақстан облысының іскер топтарының сауда-экономикалық миссиялары өткі-зілді. Делегация құрамына өңірдің 11 кәсіпорнының өкілдері кірді. Плазмалық және энергия жинақтау технологиялар саласында бірегей инновациялық тә-жірибе, өндірістің жаңа технологиялары туралы ақ-парат, коммерциялық ұсыныстар, кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі алмасылды. Бірқатар бірлескен жобалар әзірленді.2009 жылғы қазан айында Петропавл қаласында Пермь өлкесі кәсіпорындарының жауап ретіндегі сауда-экономикалық миссиясы өткізілді.Өткен жылы шекаралас облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы өзара тиімді байланыстары айтарлық-тай нығайғанын атап өту керек. Құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрестегі өзара әре-кет, есірткінің заңсыз айналымы, қару-жарақ контра-бандасы, барлық көлік түрлері қозғалысының қауіп-сіздік мәселелері бойынша ынтымақтастығы жалғас-тырылуда.Ресеймен облыстың серіктестік қарым-қатынасын дамыту алдағы уақытта да жалғастырылады.

 

Құрметті достар!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы “Жаңа онжылдық– жаңа экономикалық өр-леу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында еліміздің алдағы он жылда даму стратегиясының негізгі кезеңдерін өте айқын белгілеп берді. Басты ба-сымдықтардың ішінде жедел индустрияландыру, эко-номиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту бар.Сіздерді біздің облыс алдағы уақытта да қызметтің осы аталған барлық салалары көлемін ұлғайтатынына сендіремін. Ол үшін бізде әлеуеттік мүмкіндіктер мен мемлекеттің кепілді қолдауы бар. Бұл біздің мем-лекеттің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey