| Билiк |
| Сауалнама | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сауалнама | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жаналықтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жаңалыққа жазылу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| RSS жаңалықтар /?
RSS (Really Simple Syndication) қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын (хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған. RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Виртуалдық қабылдау |
Виртуалдық қабылдауға өтініштердің шолулары
Сіз пошталық клиенттің көмегі арқылы мекенжайына немесе тікелей сайттан нысанды толтыру арқылы электрондық хат жібере отырып, өз сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, облыс әкімі аппарат басшысының аттарына жолданған сұрақтар қаралатын болады.
-
Salamatsyz ba, Serik Sultangazuly! Sizge khat zhazyp otyrgan Bilim zhane gylym ministrligine karasty Ulttyk testileu ortalygy Memlekettik tildi damyty baskarmasy zhetekshisi Aidos Abdykhalykov degen azamat. Ozingizge belgili azamattardyng kazakh tilin mengeru dengeiin bagalau zhuiesi KAZTEST (TOEFL, ILTES, DALF/DELF, ТРКИ sol siakty zhuelerding otandyk analogy) 2008 zhyly 11 kyrkyiekte Ukimet kaulysymen Tuzhyrymdama retinde bekitilgen bolatyn. KAZTEST zhuiesi kazirgi tangda zhetildirilude. Sizden otinish retinde suraitynymyz KAZTEST zhuiesi arkyly Soltustik Kazakhstan oblysy azamattaryna baikau synaktaryn uiymdastyruga komek kolyn sizsangyz! Kandai aleumettik sala kyzmetkerleri bolsa da bola beredi. Memlekettik kyzmekkerlerden bastap khalykka kyzmet korsetu salasynyng kyzmetkerlerine deiin. Memleketti tildi damymuga degen igi bastamanyng biri bolatyny sozsiz! Turli dengei boiynsh bagalai alamyz. Karapaiym, Bazalyk, Orta, Ortadan zhogary, Zhogary dengeiler. Aldyn ala ulken rakhmet! Sau bolyngyz! Kurmetpen, Aidos!
Abdykhalykov Aidos
22 .06.2010
-
Сәлеметсіз бе құрметті Cepiк Сұлтанғазыұлы!
2010 жылы тойланатын белгілі-де беделді мерекелерінің бipi — ¥лы жеңістің 65 жылдығы. Естуімше биыл Жеңіс паркінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі жоспарланған. Осы ықшам ауданының тұрғындары қайта жөнделген парктың ашылуын асыға күтуде. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?
Муканов Кайролла Ултаракович
02.03.2010
-
Сәлеметсізбе! 2009 жылдың 9 ақпанында 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты, облысыңызда жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрылды ма? Азаматтарға жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құра алатыны жайлы, яғни конституциялық құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі белгілі бір түсіндіру шаралары жүргізілді ме? Ұсыныстар болды ма? Мен осы тақырып жөнінде зерттеу жүмысын жүргізіп жатырмын, сондықтан көмегіңіз үшін алдын ала алғысымды білдіремін.
Бустекова Акмарал Бауржановна
24.02.2010
-
Қурметті Серік Сұлтанғазиевич!
Мен, бірінші топтағы мүгедек, Жакупова Ш.М., 1948 ж.т., 2008 жылдың қыркүйек айынан бері ВТЭК қарастырылып, ИПР сәйкес шешімінде (18.09.2008) мүгедек арбасын (инвалидная коляска), тифломагнитола, сағат мемлекет тарапынан бөлініп берілсін деп ұйғарған сол коляскаға ұолымды жеткізе алмай қойдым. Аудандық собес «Күтіңдер» деген жауаб береді, ал қашанңа дейін күту керегі белгісіз. Сізден өтінішім, ВТЭКтің осы шешімінің жүзеге асуын тездетуге болмас пе екен, нақты кімнен сұрау керегін білсем, Алдын ала алғыс білдіруші: І топтағы мүгедек Жакупова Ш.М.
Андреевка селосы.
Жакупова Шамшия Малбаковна
18.01.2010
-
Сәлеметсіз бе, құрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Менің сізге қояр сұрағым: 12-жылдық білімге көшуге байланысты мектептерге жиһаздар беру жоспарланған ба? Себебі, мектептердегі жиһаздар 12-жылдық білім беруге сай емес, ескі. Благовещенка № 2 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалім Бактыбаева Кулайма Жетписовна 16.12.09.
Бактыбаева Кулайма Жетписовна
16.11.2009 г.
-
Құрметті әкім мырза! 2009 жылы 28 қаңтарда Жамбыл ауданының әкімі Ибраев Серік Кенжетайұлы мырзаға Мирный селолық округінің тұрғындарына, есеп беру жиналысында селолық округтің орталығын Мирныйдан көшіріп, Айымжан ауылына қоныстандыру туралы өтініш табыс етілген. Аудан әкімі бұл өтінішті «ашық» қалдырамын, — деген екен. Осы уақытқа дейін өтініш хатқа орай ешқандай ісшара жасалмағандықтан осы округтің тұрғындары сіздің атыңызға өтінішхаттың көшірмесін жіберіп халықтың жағдайын жақсартатындай жағдай жасауыңызды өтінеді. Еліміздің Президенті халықтың жағдайын жақсартуда көп жұмыс жүргізіп жатқанына орай, сіз Президент тағайындаған адам болғандықтан сізге халық көп сенім артады. Төменде өтініш хаттың көшірмесі.
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты, Жамбыл ауданының әкімі Ибраев Серік Кенжетайұлы мырзаға Мирный селолық округінің тұрғындарын Өтініш хат Құрметті әкім мырза, біздің сіздің атыңызға ашық хат жолдауымыздың себебі төмендегіше: Біз мекендеп отырған Айымжан ауылы Кеңес үкіметіне дейін, жергілікті әкімшілік орталығы болыпты. Ол кезде Таузар ауылнайлығы, — деп аталған екен. Содан 1928 жылы конфискация басталған кезде, оның аты өзгеріп, селолық округ Айымжан деп аталған. Бұған Айымжан, Ұзынкөл, Ортақшыл, Үлгі, Кенже, Қызылой ауылдары қараған. Бұл селолық округ 1957 жылға дейін өмір сүрген. 1957 жылы 10, ақпанда колхоздарды совхозға айналдырғанда, Преснов Айымжан ауылдық кеңесін, Преснов совхозы орталығындағы поселкалық кеңеспен (поссоветпен) біріктіріп жіберген. Содан Айымжан ауылындағы, ауылдық кеңес жұмыс істеуін тоқтатқан болатын.
Бірақ, ол кезде совхоз орталығынан ауылдарға көліктер қатынаушы еді. Осы күнде әсіресе, 1992 жылдан бастап, бұрынғы совхоз орталығының маңайындағы ауылдарға ешқандай жол қатынасы жоқ. Селолық округтен барып, керекті құжаттар алуға еш мүмкіндік жоқ. Селолық округтің аты Мирный деп аталады. Керекті құжаттар алу үшін, Мирныйға жету қиын. Мирныйға қарасты, Айымжан Петровка, Рождественка Ұзынкөл ауылдарының жол қатынасына орай халдері мүшкіл, сондықтан әкім мырза, біздің яғни Мирный селолық округіне қарасты ауылдарда тұратын еңбекшілердің ауыр жағдайын ескеріп, селолық округтің орталығын Мирныйдан көшіріп, Айымжан ауылына қоныстандыруыңызды өтінеміз. Өйткені, Айымжан ауылының орналасқан жері, жол қатынасына өте қолайлы.
Себебі, Петровка, Рождественка, Ұзынкөл, Мирный ауылдары, Айымжан ауылынан бірдей қашықтықта және Айымжан, Благовещенка — Преснов трассасында орналасқан. Осы арада өте назар аударатын қолайсыздық Мирный селосынан, жоғарыда аталған елді мекендер өте шалғай жатыр. Оны Жамбыл ауданынның картасына қарағанда бірден байқауға болады. Бұны өзі өткен совет дәуірінде жіберілген, әрі осы уақытқа дейін түзетілмеген қателіктердің бірі екені, ақиқат. Құрметті әкім мырза! Жергілікті еңбекшілердің осы талап тілегін қанағаттандыруыңызды сұраймыз.
Байсарин Бейбут Зейноллович
27.08.09 г. -
Сәлеметсіз бе, Серік аға! Менің сізден сұрайын дегенім – Өңіріміздің басты командасы «Есіл Богатырь»-дің тағдыры қандай болады екен? Оларға кім қаржы береді? Және де менің ойымша бізге көбірек жаңа жас футболисттер керек! Назарыңызға рахмет! Футбол Жанкүйері
Галимжанов Абай Серикович
02.02.2009 ж.
-
Құрметті, Серік Сұлтанғазыұлы!
Сiз, бiздiң облысымызда көптеген салалардың дамуына себепкер болып отырсыз. Сiздiң облысымызға басшы болып келгеннен берi көптеген өзгерiстер енгiзiлгенiн бәрiмiз көрiп отырмыз. Президентiмiздiң жыл сайын халыққа жолдап отырған жолдауында тұрғын үй мәсәлесiне көп назар бөлiнедi.
Мен, осы Петропавл қаласының тұрғыны Рахметова Қадиша Сағитқызы, сiзге өтiнiшiммен хат жазып отырмын. Мен үш бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты анамын. Жолдасым 1992 жылы жол апатынан қайтыс болған. Сол уақыттан берi бiр Аллаһтың көмегiмен өзiм осы балаларымды өсiрiп келемiн. Жамбыл ауданынан, жұмыссыз қалған соң, балаларымды оқыту мақсатымен 2001 жылы қалаға көшiп келгенмiн.
Биыл студенттердiң арасында темiр жол колледжiнiң жатақханасында тұрғаныма сегiз жыл болып отыр. Өзiм осы жатақханада кезекшi болып жұмыс iстеймiн. Өз басым толық емес отбасы ретiнде аз қамтылған әлеуметтiк қорғалатын азаматтардың тiзiмiнде № 81 нөмiрiмен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар есебiне алынғалы отырмын.
Биыл шiлде айында Басқармадан маған қатынас хат келдi. Онда студенттерден басқа жатақханада тұратын отбасылар бөлмелерiн босатсын делiнген. Бiрақ, менiң барар жерiм болмағандықтан менi қалдырып отыр. Пәтер жалдап тұруға немесе ипотекалық несие арқылы пәтер сатып алуға жағдайым жоқ, өйткенi жалақым өте аз. Жағдайым осы. Сiзден, егер коммуналдық пәтерлер берiлетiн болса, маған да қол ұшын тигiзiп, пәтер беруiңiздi өтiнемiн. Петропавл қаласы Ю.Медведева көшесi № 3, 424 бөлме 38-04-95 Рахметова Қадиша Сағитқызы.
12.12.2008 ж.















