Блог акима
Виртуальная приемная
 
Облыс жайлы
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз ҚР ҰҚО электрондық цифрлық қолтаңбаны алдыңыз ба?
Жоқ
Әзірше қажеті жоқ
Жақындағы күндері алуға барамын
Иә, заңды тұлғаларға үшін
Иә, жеке тұлғаларға үшін

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
   
  Біз және интернет провайдерлер
Облыстың тұрғындары үшін сауалнама
 
  
Жаналықтар
   
 
дс сс ср бс жм сн жк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
 
  
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
   
  Сайт картасы  
  
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
 
Облыстың әлеуметтік-экономикалық паспорты
 

Облыстың әлеуметтік-экономикалық паспорты 


Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған.

Аумағы – 97,99 мың шаршы км, республика аумағындағы үлес салмағы 3,6 пайызды құрайды.

Халық

2010 жылғы 1 қаңтарға халық саны 643,3 мың адамды құрады, немесе республиканың жалпы халқына 4,0 пайыз.

Қалалық халық саны 230,2 мың адамды құрайды, немесе 35,7 пайыз, селолық – 413,1 мың адам, немесе 64,3 пайыз.

Ұлттық құрам бойынша ол мына көріністі тапты*:

  • қазақтар — 218,6 немесе 33,7 пайыз;
  • орыстар — 313,4 немесе 48,3 пайыз;
  • украиндар — 36,5 немесе 5,7 пайыз;
  • немістер — 23,8 немесе 3,7 пайыз;
  • поляктар — 15,6 немесе 2,4 пайыз;
  • татарлар — 14,5 немесе 2,3 пайыз;
  • басқа ұлттар — 25,8 мың адам немесе 3,9 пайыз.

Облыста тұратын халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 6,6 адамды құрайды (СҚО Статистика департаментінің жедел мәліметтері бойынша).

Облыс орталығы – Петропавл қ., 1752 жылы құрылған, 2010 жылғы 1.01. халқы 195,2 мың адамды құрайды.

Әкімшілік-аумақтық бөлу (2010 жылғы 1.01.):

селолық аудандар — 13

облыстық бағыныстағы қала — 1

аудандық бағыныстағы қала — 4

селолық (ауылдық) округтар — 204**

 * статистика Департаментінің 2009 жыл басына берген мәліметтері

 ** селолық округтерге теңестірілген аудандық бағыныстағы қалаларды ескерумен

Демографиялық жағдай, көші-қон *)

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың халық саны 643,3 мың адам, соның ішінде қала тұрғындары – 230,2 мың адам немесе 35,7%, село тұрғындары – 413,1 мың адам немесе 64,3%. Халықтың жалпы саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,9 мың адамға қысқарған. Соның ішінде қала халқының саны 0,5 мың адамға қысқарған, ал селолық - 5,4 мың адамға.

Халық санының төмендеуіне көші-қонның теріс сальдосы әсерін тигізді, онда СҚО Статистика департаментінің 2010 жылғы 1.01. мәліметтері бойынша 5709 адамды құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 359 адамға қысқарған немесе 6%. Көші-қонның теріс сальдосында облыс аралық көші-қон – 3491 адам (61,2%), ТМД елдерінде – 2294 адам (40,2%) айтарлықтай үлесін алады.

Келген халық саны 13253 адамды құрады, кеткендер 18982 адам. Келген халық санын өткен жылмен салыстырғанда 2502 адамға азайған, кеткендер саны – 2841 адамға азайған.

Петропавл қаласын қоспағанда облыстың барлық аудандарында көші-қонның теріс сальдосы қалыптасты (+696).

Жалпы халықаралық көші-қон бойынша және теріс сальдо (-2218 адам) қалыптасты, атап айтқанда ТМД елдеріндегі көші-қонның теріс сальдосы (-2294 адам), ТМД басқа елдерінде 76 адам көші-қонның оң сальдосы байқалады.

Халық санына әсер ететін басқа да маңызды факторлардың бірі табиғи өсу болып табылады (кеткен).

2009 жылы облыс бойынша 749 адам санында табиғи халықтың өсуі байқалады, 2008 жылға (490 адам) қарағанда 52,9%-ға өсті. Айыртау (-36), Аққайың (-64), М.Жұмабаев (-82), Мамлют (-17) аудандарын қоспағанда халықтың табиғи өсуі көптеген облыс аудандарында байқалады.

2009 жылғы облыс бойынша барлық туылғандар саны 8797 адамды құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (9236 адам) 4,8 %-ға кеміді. Өткен жыл деңгейіне қарағанда туылғандардың ең көп саны Айыртау (37 адам) және Ақжар (32 адам) аудандарында байқалады.

Қайтқандар саны 8048 адамды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 8,0%-ға (8746 адамға) кеміді. Петропавл қ. өлім-жітім – 261 адамға, Тайынша ауданында – 90 адамға, Қызылжар ауданында – 70 адамға қысқарды.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша иммиграция квотасына енгізілген 550 отбасынан және Солтүстік Қазақстан облысына келген 154 оралмандар отбасыларынан нақты 138 отбасы немесе 25,1% тұрады.

Петропавл қаласына келген оралмандар жергілікті ауа райы жағдайына жақсы бейімделді және облыстың әлеуметтік –экономикалық ортасына кірікті – 21 отбасынан олардың 100% тұрады, М.Жұмабаев ауданына келген 21 отбасынан 20-сы тұрады (95,3%), Қызылжар ауданында келген 29 отбасынан нақты 27-сі тұрады (93,1%), Тайынша ауданында 19 келгеннен 13-і тұрады (68,5%).

Қалған аудандарда қоныстанудың төмендігі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысы Жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы әзірленіп, бекітілген, онда облыстың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы және Бағдарламаға қатысушылар әлеуетін іске асыру мүддесіндегі елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарына, қазір шет елде тұратын бұрынғы Қазақстан азаматтары этникалық қазақтарды тиімді қоныстандыруға және жайластыруда жәрдемдесуге бағытталған.

Жалпы өңірлік өнімнің құрылымы Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша экономика салалары кесіндісінде төмендегідей сипатталады (пайызда):

2004 жыл

 2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

 2009 жылғы 9 ай

Ауыл шаруашылығы

36,42

36,2

30,9

27,9

29,4

31,5

Өнеркәсіп

13,7

11,8

9,9

8,3

9,1

10,1

Құрылыс

1,4

3,2

3,1

2,7

2,6

2,7

Көлік байланыс

12,30

10,8

10,5

8,0

7,5

5,9

Сауда

18,9

17,8

15,4

13,7

17,6

14,3

Басқалары

17,3

20,2

30,2

39,4

33,8

35,5

Ескерту: 2009 жылдағы алдын-ала мәліметтер Статистика департаменті 2010 жылғы наурыз айында ұсынады.

Өнеркәсіп

Кадрлық әлеуеті және жоғары өндірісі бар облыс экономикасының өнеркәсіптік саласы қызмет түрлерінің кең спектрімен ұсынылған.

Өнеркәсіптік өнім өндірісімен айналысатын 743 астам кәсіпорындар мен өндірістер бар, одан қызметтің негізгі түрі «Өндіріспен» - 233. Өнеркәсіпте 14 ірі және 44 орташа кәсіпорындар қызмет атқарады. Өнеркәсіптік өнім өндірісімен 15 мыңнана астам жұмысшы айналысады, немесе экономиканың нақты секторында жұмыс істейтіндердің 10,9 пайызы. Облыстық жалпы өңірлік өнімде өнеркәіптің үлесі шамамен 10 пайызды құрайды. жалпыреспубликалық жалпы өңірлік өнімде өнеркәсіптің үлесі – 0,9 пайыз.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы негізгі көлемі 76,3 пайыз өңдеу өнеркәсібінің үлесіне келеді, тамақ өнімдерін шығару және машинажасау оның негізгі қызмет түрі болып табылады (өңдеу өнеркәсібінің көлемінде сәйкесінше 58,2 және 27,6 пайыз).

Облыс өнеркәсібінің жағдайын сипаттаса, соңғы 2 жыл бойынша орташа жылда физикалық көлем индексінің өсімімен 5,7 пайызға өнім шығаруда ұлғайтылуының беталыс байқалуын белгілеу керек.

Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Осыған орай экономиканың нақты сектрында соңғы жылдары байқалған өнім шығару үшін ұлғаю үрдісі 2009 жылда да сақталды.

2009 жылдың нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптьік секторымен 76,8 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, өнеркәсіптік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2008 жылдың көрсеткішін 5,1 пайызға артық.

Тау – кен өнеркәсібі белсенді дамып келеді. 2009 жыл бойынша өндіріс көлемі 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 26,3 пайызға ұлғайтылып және 274,6 млн. теңгені құрады.Өсім шағыл тас өндіруінің ұлғайтуынан, жол-құрылыс сферасынын қажеттілігімен қамтылып етілді. Тау өндіру өнеркәсібі белсенді дамуда, онда бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда:

Тайынша ауданында – «Жылына 40 мың куб. м титан-циркондық құмдардың Обухов кенішін өңдеу және өндіру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс» («Тиолайн» ЖШС). Қосу-жөндеу жұмыстары, коллективті концентратын селективке бөлу технологияларын пысықтау (ильменит, рутил және циркондық) жүргізілуде. Кенді қосымша байытуды енгізу едәуір қымбат тауар өнімдерін алуға мүмкіндік береді.

Ақжар ауданында - «Жылына қуаттылығы 350 мың тонна кварц құмын байыту бойынша құрылыс фабрикасымен шыны құмдардың Айсары кенішін игеру» («Ақтөбе GIass» ЖШС),

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсімі машина жасау өнімін өңдіруде 27,7 пайызға, химия өнеркәсібіне 3,3 есеге, ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау көлемінің 6,4 пайызға артуынан қматмасыз етілді.

Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестициялар 2,1 млрд. теңгені құрайды.

2009 жылы өнеркәсіпте жаңа, реконструкциялау және әрекеттегі кәсіпорындарды (өндірісті) кеңейту есебінен 992 жұмыс орыны құрылған. 42 жаңа кәсіпорын құрылды (өндіріс).

2010 жылғы 1 қаңтарға облыста халықаралық стандарттардың талдаптарына сай менеджмент жүйесін енгізу және сертификаттауды 68 кәсіпорын жүзеге асырды.

Машинажасау саласы. Облыстың барлық өндіріс көлемінен 21,1 пайызын немесе өңдеу өнеркәсібі көлемінен 27,6 пайызын алатын машина жасау саласында 16,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2008 жылдың көлемінен 27,7 пайызға артық.

Бүгінде салада негізгі үш бағыт қалыптаасқан – мұнайгаз, көлік және ауылшаруашылық машина жасау.

Өндіріс көлемі жетекші кешендердің қажеттілігі үшін импортты ауыстыратын өнім шығару есебінен өсіріледі.

Өндіріс көлемін арттыруды мыналар қамтыды: «Мұнаймаш» АҚ 3,1 есеге, «Көп профильдегі жабдық зауыты» ЖШС 2,5 есеге, «С.Киров атындағы зауыт» АҚ 1,3 есеге, «ЗИКСТО» АҚ 13,6 пайызға, «ПЗТМ» АҚ 1,6 есеге, «Қазмұнайгазмаш» АҚ 31,1 пайызға.

Сұйықтарды айдауға арналған орталықтан тепкіш сорғылар өндірісі 2,4 есеге, мұнайгаз өңдеу жабдықтары 3,5 есеге, мұнай өндірісі жабдығы 1,8 есеге, ауыл шаруашылық машиналарының бөлшектерін өндіру - 21,4%, теміржол локомотивтерінің және жылжымалы құрамның бөлшектері 24,7 пайызға ұлғайтылып, жүк вагондарынын шығарылымы жалғастыруда.

Машина жасаудың ірі базалық кәсіпорындары қысқа мерзімді шарттарға сәйкес жұмыс атқарады. 2009 жылдың нәтижесі бойынша машина жасау кәсіпорындарының республиканың өндіріс кешендері мен шетелдік серіктестіктерге тапсырыс портфелі 2008 жылғымен салыстырғанда 21,1 пайызға өсті және 17,7 млрд. теңгені құрады., соның ішінде жетекші өндіріс кешендері бойынша 54,7 пайызға өсумен 14,0 млрд. теңге сомаға. Өнім жеткізу бойынша шарттардың ең көп көлемі темір жол кешені компанияларымен жасасылған – 7,5 млрд. теңге және мұнай газ екшені – 6,3 млрд. теңге.

Жасасылған шарттар аясында облыстың машиа жасау кәсіпорындарымен 2009 жылы 2008 жылға 23,8 пайызға өсумен 13,7 млрд. теңгеге өнім шығарылған, соның ішінде Қазақстанның жетекші кешендері үшін 48,4 пайызға артумен 13,0 млрд. теңгеге.

Өңір және республика үшін индустриалдық дамдың принципиалдық жаңа бағыты игерілуде – болашақта олардың түрлерін кеңейтумен жүк вагондарын шығару. «ЗИКСТО» АҚ 2008 жылы «Жүк вагондарының келешекті түрлерін әзірлеу және оларды өндіріске енгізу» атты инвестициялық жобаны іске асыру есебінен жартылай вагонды өндіруді игерді. 2008 жылы 30 жартылай вагон шығарылған, 2009 жылы – 179.

2009 жылы кәсіпорын «Ыстық окатыш және агломерат (окатыш тасымалдаушы) тасымалдау үшін вагон-хопперға сертификаттық сынақтан өткізу» инвестициялық жобасын іске асыруды бастады, оның аясында екі тәжірибелік нұсқа әзірленген, оның біреуі Санкт-Петербург қаласындағы қозғалу құрамын сынақтан өткізу орталығында алдын ала сертификациялау сынағынан өтті.

Сондай-ақ, 2009 жылы «ЗИКСТО» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыруды бастады:

«Ірі тоннажды м контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы платформаның болашақты моделін әзірлеу (контейнертасымалдаушы) және оларды өндіріске енгізу». Кәсіпорынмен ірі тонналық контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы платформаның болашақты моделін әзірлеуге (контейнертасымалдаушы) ҚР ИСМ мен техникалық тапсырма келісілген, техникалық жағдайлар жобасы, конструкторлық құжаттама бар. Тәжірибелік нұсқаның алдын ала қабылдау сынағы жүргізілген, ол Санкт-Петербург қаласындағы қозғалу құрамын сынақтан өткізу орталығында алдын ала сертификациялау сынағында.

«Астық тасымалдау үшін төртосьті жабық вагон-хоппер моделін әзірлеу және оны өндіріске енгізу». Базалық модель анықталған, «Қазақстан темір жолы» АҚ пен техникалық құжаттама әзірленген және келісілген, конструкторлық құжаттама әзірлеу бойынша косультациялық қызмет көрсетуге «Вагондар» НВЦ» АҚ шарт жобасы әзірленген (РФ Санкт-Петербург қ).

«С.М.Киров атындағы зауыттың» АҚ болашақты даму бағыттарының бірі болып «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажеттілігі үшін темір жол автоматикасы мен байланыс құралдарын өндіруді ұйымдастыру болып табылдаы. Кәсіпорын ресейлік «Ижевский радиозавод» ААҚ (Ижевск қ.) бірлесе темір жол кешені үшін өнім шығару ды жалғастыруда (КЛУБ-У, КЛУБ-УП кешенді локомативтік қауіпсіздік қондырғысы, РС-46 МЦ, Радий-301 радио стансалары). Жалпыресейлік ғылыми –зерттеу автоматика және байланыс институтымен ынтымақтастық жалғасуда (ВНИИАС, Мәскеу қ.), онда кешенді локомативтік қауіпсіздік құралдары (КЛҚҚ) және микропроцессорлық тежеу жүйесін әзірлеуде ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, осы жабдықтың программалық қамтамасыз етілуін әзірлейді және жеткізеді.

«Қазақстанда жабдықтардың бөлек түрлерін өндіруді ұйымдастырумен цифрлік теледидарды енгізу «бойынша «Нұр отан» халықтық-Демократиялық партиясының ХІІ съезінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарббаевпен қойылған міндеттерді орындау барысында «С.М.Киров атындағы зауыттың» АҚ Қазақстан Республикасында цифрлік теледидар дамыту үшін (ЦТВ) кешенді жабдықтың тәжірибелік-конструкторлық әзірлемесін жүзеге асырды, оны Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс барысында қазақстан Республикасы Премьер-Министірі К.К.Мәсімовқа презентацияланды.

2009 жылы «ПЗТМ» АҚ темір жол кешені үшін күрделі мұнай газ және мұнай өндіру техникасн өндіруді игеру және жеткізуді, «Мұнаймаш» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК үшін ұңғымалық штангалық сорғылардың кең гаммаларын және мұнай газ өңдеу жабықтарын жеткізуді жалғастырды.

2009 жылғы тамызда «Петропавлдық құбыр зауыты» ЖШС темір құбырлардың жаңа өндірісін шығаруы өтті. Осы жобаны іске асыру импортты ауыстыратын диаметірі 102-219 мм, ұзындығы 6 м. дейін табақша темірден темір құбыр және өлшемі 80-80 мм, 100 – 100 мм төртбұрышты құбыр өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік берді. 2009 жылы үлкен және кіші диаметрлі 765 тонна құбыр әзірленген.

Өңдеу өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі. Осы салада 2009 жылы 855,2 млн. теңгеге өнім шығарылған, бұл 2008 жылдың көрсеткішінен 3,3 есеге артық.

2008 жылғы көрсеткіштен 3,6 есеге өсумен 9669 тонна биоэтанл өндірілді.

«BIOHIM» компаниясы» АҚ биоотынды өндіруді жалғастырды, 2009 жылы кәсіпорынмен жалпы сомасы 1329,8 млн. теңгеге 17121 тонна көлемінде этанол бензині компаундирленді.

Тамақ өнімдерін өндіру. Қазіргі уақытта салаға облыстың барлық өндіретін өнімен 44 пайызынан артығы және өңдеу өнеркәсібі 58 пайыз өнімі келеді. Осы салада 2009 жылы өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, жаңа кәсіпорындар енгізу, ассортиментін енгізу, сапасын артыру және тамақ өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылған.

2009 жылы тамақ өнімдерін өндіру көлемі (үй шаруашылығы секторында өндірісті есептеумен) 34,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көлемнен 1,8 пайызға төмен. 2005 жылдың көрсеткішіне 17 пайыз өсім қамтамасыз етілді.

Ет өңдеуде (7,6 пайызға), құс еті (52,7 пайызға), еттен консервілер (22,4 пайызға), шұжық өнімдері (7,1 пайызға), әзірленген және консервіленген балық (65,7 пайызға), өсімдік майы (1,9 есеге), тазартылмаған рапс майы (7,9 пайызға), өңделген сұйық сүт (12,5 пайызға), йогурт, сүт және ферменттелген кілегей немесе басқа ашытылған (1,8 пайызға), дистирленген алкогольді сусындар (22,6 пайызға) өндіруде оң үрдіске қол жеткізілді.

2009 жылы «BIOHIM» компаниясы» АҚ өндірістік қуаттылығы жылына 40 мың тонна бидай крахмалын өндіру бойынша желігні монтаждау есебінен бидай өңдеу өнімдері ассортименті кеңейтілген. «Идиян» (КНР) фирмасының жабдығы орнатылған.

Өңдеу кәсіпорындар желісін дамыту жалғастырылуда.

Петропавл қ. «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС-де қалдықсыз өндірісімен жаңа заманғы сою цехы салынды және инкубатор құрылысы басталды. 2009 жылдың науырызынан өнім облыстың рыноктырына және Республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі.

 Айыртау ауданында «Керемет» селолық тұтынушылар кооперативімен қуаттылығы жылына 700 тонна сүт өңдеу цехы енгізілді.

Аққайың ауданында «Қиял» ЖШС-мен 14,4 млн.дана жылына қуаттылығымен ыдысқап шығару бойынша өндірістік цех енгізілді, бұл астықты ұнға үгуге, сондай-ақ даяр өнімді өзі шығарған қаптарға салуға мүмкіндік береді.

М.Жұмабаев ауданында «Пальчик» ЖК-мен өнімділігі жылына 48 тонна сары майды қаптау желісі енгізілді.

Петропавл қ. «Деметра» ЖШС-мен 120 тонна күніне қуаттылығымен астықты өңдеу, нан-тоқаш өнімін пісіру бойынша жоба іске асырылды.

Тоқыма және тігін өнеркәсіптері 338,2 млн. теңгеге өнім шығарылған, ИФО- 86,4 пайыз. Жастықтар шығару (55 пайызға), асхана жаймасы (24,3 пайызға), трикотаждан басқа ерлер немесе балалар үшін сыртқы киім (0,9 пайызға), әйелдер және қыздар үшін (1,8 пайызға) шығару ұлғайған.

Тері, теріден жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісінде 118,2 млн. теңгеге өнім шығарылған, ИФО – 68,7 пайыз. Облыстың жетекші кәсіполрындарымен «Петропавл тері зауыты» ЖШС 2008 жылғы көрсеткіштен 32,3 пайызға төмендеумен 35580 мың ш. дециметр шығарылған, бұл әлемдік экономикалық дағдарыстан экспорт көлемінің төмендеуіне негізделген.

Энергетика

Базалық болып табылатын энергетикалық сала өңірдің экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарын энергетикалық ресурстарымен қамтамасыз ете отырып,облыстың ойдағыдай ілгері дамуына жағдай жасайды.

Солтүстік Қазақстан облысының энергетикалық кешені «СолтҚазЭнерго» ЖШС және «Көкшетау Энерго» ЖШС кәсіпорындар тобымен ұсынылған.

«СолтҚазЭнерго» ЖШС кәсіпорындар тобы «СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС (ПТЭЦ-2) жылу энергетикалық орталығын, мына жылыту және электр желілерін – «Петропавл Жылыту Желілері» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан РЭК» ЖШС және «Солтүстік Қазақстан Энерго орталығы» ЖШС – энерго өткізім компаниялармен біріктірілген.

«СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС Петропавл қ. жылыту энергиясының, содай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы сегіз ауданының электр энергияның негізгі көзі болып табылады. Ішкі рынокқа жасалатын жеткізілімдермен қатар, электрэнергия жеткізілімі облыс шекарасынан тыс жерлерге және Ресей федерациясына жүзеге асырылады. Ресей федерациясына 2009 жылы электр энергияның экспорты 38,89 млн.кВтч. құрады.

ПТЭЦ-2 негізгі жабдықтарының құрамына бу өнімділігі 220 т/с он бір энергетикалық бу-көмір қазаны, жылу өнімділігі 100 Гкал/сағ, төрт су жылыту қазаны және жалпы белгіленген электр қуаттылығы 380 МВт және жылыту қуаттылығы 858 Гкал/сағат жеті турбогенератор кіреді. Қазіргі уақытта стансаның қолданыстағы жылыту қуаты 760 Гкал/сағ. құрайды. Станция қуаты облыс экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2009 жылы «СолтҚазЭнерго» ЖШС электрэнергия өндірісі 2377,3 мың кВт/с, бұл 2008 жылдан 6,3 пайызға үлкен. Жылу энергияны пайдалануға берілуі 1910 мың құрады. Гкал, 1935 мың. Гкал 2008 жылға қарсы.

Он үш әкімшілік ауданнан сегізі – Аққайын, Есіл, Жамбыл, М. Жумабаев ат., Қызылжар, Мамлют, Тимирязев және Шал ақын электрэнергиясын бөлу және тасымалдау бойынша монополист-кәсіпорыны – Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан «Солтүстік Қазақстан РЭК» ЖШС қызмет көрсетіледі. Осы аудандар аумағында қызметтейтін электр энергия тарифы 7,3 теңге 1 кВт.сағ, ҚБН-мен құрайды.

Ақмола облысы аумағында орналасқан «Көкшетау Энерго» ЖШС құрылтайшысы болып табылатын «Тайынша Энерго» ЖШС, «Айыртау Энерго» ЖШС, «Целина Энерго» ЖШС және «Рузаев Энерго» ӘКК бес ауданға қызмет етеді: Айыртау,Ақжар, Ғ.Мүсірепов ат., Тайынша және Уәлханов.

Энергетикалық кәсіпорын жабдықтары жағу кезенінің жүктемесінедайын және коммуналдық қызметке тұтынушылар сұранысын толық көлемде қанағаттандыруын мүмкін етеді.

Жағу кезеніне дайындық шегінде «СолтҚазЭнерго» ЖШС сегіз қазанагрегаттары және жеті турбоагрегаттар жөндеуі істелінген.

«Петропавл Жылыту Желілері» ЖШС күрделі жөндеумен жөнделді, 12,8 (108,5 пайыз) км жылыту желілері жетілдірді және қайта жаңартылды, 49 (100 пайыз) насос стансалар жабдықтарының жөндеуі жүргізіді.

«Солтүстік Қазақстан РЭК» ЖШС 1249 км электржеткізу және кабель желілері, 91 кіші стансасы және трансформаторлық пунктілеріне күрделі жөндеуі жүргізілді. Көкшетау Энерго» ЖШС 976 км электржеткізу, 103 кіші станса және трансформаторлық пунктілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

2009 жыл бойынша электр қуат, газ, су өндіру мен бөлудің көлемі 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,9 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар 6,7 пайызға электрэнергия өндірісінің көлемі ұлғайып, 2 386,1 млн. кВт. сағат құрады, жылу энергиясы 10 пайыз, 4246,7 мың. Гкал құрады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік және мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру селолық аумақтарын дамытуға мемлекетті қаржыландыру барысында сапалы арттыруға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі өсіп жатыр, 2009 жылға нақты көлем индексі 114,2% бола тұрып, құны 238,3 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнім құрылымында өсімдік шаруашылығының өнімі 77 пайыздан астамын, мал шаруашылығының өнімі шамамен 23 пайызын алады. Жалпы өнімнің 45 пайызын ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары – 19 пайызын және тұрғындар қожалықтары – 36 пайызын шығарады. Ауыл шаруашылық өнімін шығаруда 637 ауыл шаруашылық кәсіпорын, 3269 шаруа қожалығы қамтылған. Облыс бойынша астықтың үштен бірі шаруа қожалықтарымен өндіріледі.

Аграрлық экономиканы дамыту үшін облыстағы май дақылдарының 85 пайызын, дәнді дақылдарының 43 пайызын қожалықтармен бірлесе өсіру бойынша 26 инвестор-фирма жұмыс істейді.

Шағын шаруа және фермерлік қожалықтарды ірілендіру және қайта ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Егер 3 жыл бұрын шаруа қожалықтарында егіс жерлердің 30 пайызы болса, бүгін – 21 пайыз. 2009 жылы 198 шаруа қожалығы қайта ұйымдастырылды, олардың көбі ірі, экономика жағынан орнықты және тұрақты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың құрамына кірді.

Ауыл шаруашылық пайдаланылатын жер-судың көлемі 6,5 млн. га, сонымен бірге, егістік жер – 4,5 млн. га құрайды.

Облыстың экономикалық тұрақтылығын бидай өндірісі анықтайды, ол өңірдің бас экспорттық тауары болып табылады. Мемлекет жағынан қолдау шараларын көрсету ауыл шаруашылық құрылымдарын дәнді-дақылдар өндірісінде жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Облыстың үлес салмағы елдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемінен шамамен 15% құрайды. Облыстың экономикасы құрылымында аграрлық сектор үлесіне өңірлік өнімнің жалпы көлемі шамамен 30 % болып келеді.

Республикада ауыл шаруашылық пайдалынылатын жерлер 4% құрайтын облыс жыл сайын бидай өндірісінің төртінші жартысынан артық өндіреді, жалпы республикалық көлемде, 17 % - картоп, 6 % - ет, 11 % - сүт пен 9 % - жұмыртқа.

Дәнді дақылдардың егістік алқабтары соңғы жылдары тұрақтандырылды және 3,9 млн. га құрайды. 2005 жылы алғашқы бастапқы салмақта бидайдың жалпы өндірісі – 3970 мың тонна, 2006 жылы – 5197 мың тонна, 2007 жылы – 5678 мың тонна, 2008 жылы – 5018 мың тонна, 2009 жылы – 6416 мың тоннаны құрады.

Астық өндірісін көбейтуге арналған қатарына бірнеше шаралар өткізілген:

  • 3 және 4 ауыспалы егіс айналымдарын енгізу;
  • сүрі жердің үлес салмағы 10 % жеткізілді;
  • соңғы жылдарғы сорттық және аудандырылған тұқымдар деңгейі 100 %-ға дейін жеткізілген; - сорт жаңарту және сорт алмастыру үшін 17,4 мың тонна дегдарлы тұқымы сатып алынды;
  • осы заманғы технологиялар бойынша дәнді дақылдарды себу 2051 мың гектар көлемінде жүргізілген, бұл 2008 жылғы деңгейден 41 % артық;
  • ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен 37,2 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілді, немесе әрекет ететін заттың егістің 1 гектарына 4,8 кг.

Өсімдік шаруашылығына әртараптандыруды жүзеге асыру, қарқынды ылғал ресурстарын жинақтау технологияларын пайдалану арқасында облыста саланың пайдалылығын арттыруда, астық өндірісін ұлғайтуда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. 2009 жылғы қиын ауа райы жағдайында дәнді дақылдардың жақсы егіні өсірілді, жедел мерзімде астық жинау науқаны қамтамасыз етілді, сонымен еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астық мемлекеті ретіндегі республиканың имиджі мен экспорттық әлеуетін арттыруға елеулі үлесін қосты.

Облыстың пайдаланылатын жер құрылымдарды жетілдіру бойынша шаралар қолданған, нәтижесінде 2009 жылы игерілген және тыңайған жерлер 107 мың га. дейін ауыл шаруашылық айналымға ауыстырылған.

Ауыл шаруашылық өндірісті диверсификацияның мақсатында, майлы дақылдардың егіншілігі кеңейтілген, онда 220,8 мың га, сонымен қатар рапс – 139,1 мың га, бұл 2008 жылдағыдан екі есеге артық.

Майлы тұқымдарды қайта өңдеуін қамтамасыз ету үшін, рапс майы өндірісінің қазіргі шет елдік технологиялар бойынша Ғ. Мүсірепов ауданында зауыт жұмыс істейді. «Масло-Дел» ЖШС жылына 65 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін рапстың тұқымдарын қайта өңдеу көлемдері мен зауыттың қуаттылығын кеңейту бойынша жобаны жүзеге асыру қарастырылуда.

Картоптың егістік көлемдері – 26,7 мың га және көкөністер – 4,9 мың га, онымен тұрғындардың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуга мүмкіндік береді.

Жаңа буынның жоғары өндіретін техникамен машина-тракторлық паркты белсенді жаңарту жүргізілуде, 5 жылға 80 млрд. теңге соммаға оны сатып алған, сонымен қатар, 2006 жылы – 11,8 млрд, теңге, 2007 жылы – 18,7 млрд. теңге, 2008 жылы – 20,6 млрд. теңге, 2009 жылы – 17,7 млрд. теңге.

2005-2009 жылдары агролизингтің шарттарында 18,2 млрд. теңгеге осы заманғы ауыл шаруашылық техника әкелінген болатын. 2009 жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы барысымен ол 4,1 млрд. теңгеге түсті.

Мал шаруашылығы саласының көрсеткіштері оның серпінді дамуын растайды. Негізгі бағыты саланың қарқындатуға, индустриалияландыру мен әртараптандыруға алынды.

Ауыл шаруашылық жер-суларының 100 гектарында 14,9 центнер ет, 88,6 центнер сүт, дәнді дақылдардың 100 га егісі, 7,9 мың дана жұмыртқа шығарылады. Мал шаруашылық өнімі негізінен тұрғындардың үй шаруашылықтарында өндіріледі: ет – 89 пайыз, сүт – 94 пайыз және жұмыртқа – 53 пайыз.

2010 жылдың 1 қаңтарына ІҚМ бастарының сандары 359,5 мың басты құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 102,2 %, сонымен қатар 178,2 мың бас сиыр (102,3 %), шошқалар – 262 (105,8 %), қойлар – 260,9 (105,9 %), жылқылар – 92,1 мың бас (103,7 %), құстар – 3055,4 мың бас (112,8 %). Облыстың барлық шаруашылық категорияларында тірідей салмағы 96,2 мың тонна ет өндірілген, 573,3 мың тонна сүт, 305,6 млн. дана жұмыртқа, 789,5 тонна жүн, ол 2008 жылдың дегейінен сәйкесінше 2,0, 4,7 17,3 4,5 % артық. Облыс тұрғындарын өзіндік өндірістегі мал шаруашылығының өнімдерімен толығымен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың бір жанға ет 70 кг өндірілген (сою салмағында), сүт – 890 кг, жұмыртқа – 475 дана, ол оның қажеттілігі стандарттарына артық.

Мал басы өсуінің қарқыны мен мал шаруашылығы өнімнің өндірісі мыналардың есебінен жеткен:

  • табынды өз төлінен өсіру бойынша бағдарламаның орындалуы (қолдан ұрықтандыру 355 пункттер жұмыс істейді, қамту – 22%), оларды ұйымдастыру үшін облыстық бюджет есебінен 46,5 қаражат бөлінген және игерілген;
  • жоғары өнімді ауыл шаруашылық малдарды және құстарды көбейту бойынша асыл тұқымды шаруашылықты дамыту және ұйымдастыру (3 асыл тұқымды зауыт, 23 асыл тұқымды шаруашылық, 2 дистрибьютерлік орталық);
  • асыл тұқымды төл шаруашылықтарды жүзеге асыру бойынша үлесін орындау;
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен мал шаруашылығын дамытуды қаржыландыру;
  • қолда бар фермаларды қайта құру және осы заманғы мал шаруашылық кешендердің құрылысы.

Саланы әртараптандыруға және қарқындандыруға, оны жоғары қосылған құнымен ірі инновациялық жоғары технологиялық өндірістер игеру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен индустриялық негізге көшіруге алынған бағыт жүзеге асырылуда.

Тайынша ауданында «Баско» компаниясымен пайдалануға берілген 100 мың басқа арналған шоқа кешенінің бірінші кезегі жұмыс істеп жатыр. Еуропалық стандарттары бойынша жылдық қуаттылығы кең ассортименттегі 9,0 мың тонна өнім ірі ет өңдеу комбинаты, сондай-ақ 210 тоннаға арналған құрама жем зауыты салынып жатыр.

«Зенченко және К» КС, «Петропавлдық бройлерлік фабрикасы» ЖШС жаңа заманғы сүт кешені жетістікті жұмыс атқаруда, «Тайынша - Астық» ЖШС сүт кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталды.

«Зенченко және К» КС, «Солыпинское «ЖШС, «Леонов» КШ, «Сби-Агро-ташкентка» ЖШС, «Редин» КШ ілгеріде ірі және орташа тауарлық өндірісті құру мақсатында облыста жаңа заманғы технологиялар мен жабдық орнатумен мал шаруашылығы үй-жайларының реконструкциялануы жүргізілуде

Бар құс фабрикаларын жаңғытру бойынша біршама жұмыс жүргізілді. «Бескөлдік құс фабрикасы» ЖШС копьютерлік басқарумен жаңа заманғы құрама жем зауыты салынған. «Алекри» ЖШС-де торлық жабдық орналасьтырылған, жас малдар үшін жаңа үй-жай және дайын өнімді сақтау үшін қойма салынуда. «Петропавлдық бройлерлік фабрикасы» ЖШС жаңа заманғы қалдықсыз өндірістік сойыс цехымен инкубатор құрылысы басталған.

2009 жылға қазақ ақ бас сиыры тұқымын өсіру бойынша 5 жаңа ферма ашылған.

Қолданыстағы бар басқа агро құрылымдардың қатарын қайта құру және мал шаруашылығы осы заманғы жоғары технологиялық объекттерінің құрылысы бойынша тағы да жобалар көзделуде.

Облыстың экономикалық дамудың басым бағыттарына қайта өңдейтін сала анықталған болатын. Дәнді дақылдарды, бидайды, сүтті, етті қайта өңдейтін 232 кәсіпорын қызмет етеді. Жыл сайын ауыл шаруашылық өнімді өңдеу көлемі мен тамақ өнімдерін өндіру көлемі ұлғаюда.

Қолданыстағы кәсіпорындарды жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда, оның ассортименті қазіргі уақытта 600 астам атауы бар. ИСО 9001 сериалы халықаралық стандарт талабына сәйкес келетін сапа менеджментының жүйесі енгізілуде. 2010 жылдың 1 қаңтарына 18 өңдеу кәсіпорыны сәйкестік сертификатын алды.

Тұрғындардың кірісін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өндіріс кәсіпорындарын ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету үшін халықтан ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бойынша жұмыс жалғасуда. 2009 жылы барлығы 8,1 млрд. теңгеге - 58,4 мың тонна сүт, 16,5 мың тонна ет, 155,3 тонна жүн, 64,1 мың дана тері шикізаты сатып алынған немесе 1 үйге шаққанда 87,2 мың теңге, бұл 2008 жылдың деңгейінен 4,6 мың теңгеге артық.

Облыстың өңіраралық саудасының негізгі тауары бидай мен ұн болып табылады. 2009 жылы бидай 1003,7 мың тонна, ұн – 300,7 мың тонна, рапс – 33,9 мың тоннасы экспортқа шығарылған. Елдің басқа өңірлеріне 1745,2 мың тонна бидай жіберілген.

 Сауда

Ішкі сауда

2009 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 45560,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы нәтижеден 5,6 пайызға төмен. Селолық жерлерде 3226,4 млн. теңге сомаға тауарлар сатылған (жалпы көлемдегі жеке салмағы – 7,1 пайыз).

Жыл басынан сауда кәсіпорындарымен тауарларды іске асырудан түскен айналым 31354,8 млн. теңге сомада алынған (68,8 паййыз). Сауда, саудалық емес және аралас рыноктарда және жеке кәсіпкерлер қызметінен тауарлар сатып алу есебінен түскен бөлшектік тауар айналыны көлемі 14205,9 млн. теңгені құрады.

2009 жылға көтерме тауар айналымы 192212,4 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 6,5 пайызға төмен. Көтерме тауар айналымының жалпы көлемінде селолық елді мекенде сауда саттық 1,2 айызды құрады (2382,6 млн. теңге).

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көтерме және бөлшектік сауда-саттықта тауар қорының көлемі 5273,1 млн. теңгеге жетті, одан 57,5 пайызы (3030,4 млн. теңгесі) - көтерме саудада. Бөлшектік жүйеде және көтерме сауда қоймаларында тауар қорымен қамтамасыз ету деңгейі сәйкесінше сауданың 50 және 34 күнді құрады.

Талдамалы кезеңде саудаға жататын қызметтер көлемі 1656,4 млн. теңгеі құрады, бұл 2008 жылғы ұқсас кезеңнен 13,1 пайызға артық.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 4465 сауда объектілері, жалпы тамақтанудың 798 кәсіпорыны, 35 сауда рыногы бар. 2009 жылға 177 сауда мен жалпы тамақтану объектілері ашылған. Жаппай барлық елді мекенде тұтынушы өзінің қажеттіліктеріне және сатып алу жағдайына сәйкес күн сайынғы сұраныстағы тауарлардың барлық жинағын сатып алуға мүмкіндігі бар.

Облыста сауданың жаңа заманғы түрлері мен әдістерін қолданумен сатып алушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасын қаматамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа заманғы сауда-технологиялық жабдықпен қамтамасыз етілген дамыған сауда инфрақұрылымын құру, арнайы, сонымен қарар универсалды бағыттағы ірі сауда кешендері жүйесін дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге үлкен назар аударылады. Облыста соңғы жылдары бірнеше ірі сауда үйлері мен орталықтар пайдалануға берілген («Рахмет» сауда орталығы, «Нан плюс» супермаркеті), рыноктар жетілдірілген («Тайга» бөлшектік рыногы), жалпы тамақтанудың ірі объектілері ашылған – «Түркістан» және «Семиречье» ресторандары.

Сауда объектілерінің сыртқы бейнесі айтарлықтай өзгерді, қызмет көрсету мәдениеті жоғарлады, дүкендердің арнайылану процесстері жетілдірілуде. Облыста кредитке ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларды сатуды жүзеге асыратын сауда кәсіпорындарының саны ұлғайды («Тулпар», «Фрегат», «Бегемот», «Строймарт», «Страна товаров», «Электроника», «Мир меха», «Сулпак», «МебельВилль», «Корона», Спермаркет «Барс Строй» және басқа да дүкендер).

Ашылудағы сауда объектілері тауарларды сөрелік орналастыруды қолданумен супермаркет тұрпатында және бөлшектік және ұсақ бөлшектік қызмет көрсету мүмкіндігімен жұмыс атқарады.

Облыста «Сауда және сервис желісіндегі эквайринг» банк қызметі ойдағыдай дамыды. 419 сауда кәсіпорындарының бөлімдерінде және ұсынылған қызметтер үшін есеп айырысу сала қызметтерін POS терминалы арқылы пластикалық кәртішкелер көмегімен жүзеге асыру мүмкін. Осы бағыттағы жүргізілген жұмыстар қолма-қол ақша айналымының төмендеуіне және ақшасыз есеп айырысу түрлерін пайдалануды кеңейтуге ықпалын тигізеді.

Ішкі рынокты отандық тауар өндірушілердің қантпен, күрішпен және өсімдік майымен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі мен көтерме және бөлшектік іске асырушылармен үш жақты меморандумдарға қол қойылған.

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көмек көрсету мақсатында облыстың сауда саттық рыноктарында өз тауарын сатуды ұйымдастыру үшін тауар өндірушілерге тікелей сауда орындары бөлінген.

Тауар өндірушілер өкілдерінен сауда жүйесіне тауарларды тікелей жеткізуді ұйымдастыру тәжірибеленуде, бұл өнімнің тауар өндірушіден тұтынушыға дейінгі тамақ өтуде делдалдар санын қызқартады.

Бәсекеге қабілетті орта құру, азық-түлік және тұтыну тауарларына бағаны арзандату мақсатында Петропавл қ. «Қызыл Жар-Ақбастау» коммуналдық бөлшек сауда рыногы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және екі көтерме сауда жеміс-жидек рыногы «Южый» мен «Достық» және «Шапағат» көтерме сауда рыногы жұмыс істейді.

Тауар өндірушілерге көтерме рыноктарда орын ұсыну сатылатын көкөніс өнімінің көтерме бағасының төмендеуіне әкеледі, бұл кезегінше облыстың және аудандардың басқа да жеке рыноктардағы бөлшек бағаларға оң ықпалын тигізеді. Облысқа келетін барлық көкөніс-жеміс өнімінің 90 пайызға жуығы көтерме рыноктарда сатылады. 2009 жылы 35,0 мың тоннаға жуық картоп, көкөніс, жеміс және бақша дақылдары сатылды.

«Шапағат» көтерме-бөлшек кешені жұмысын жалғастыруда. Петропавл қ. тұрғындарын төмен бағамен ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылғы қазан айынан бастап Петропавл қ. ірі рыноктары мен сауда үйлерінде бөлшек жәрмеңкелер өткізіліп тұрады, оларға облыстың барлық аудандарының ауыл шаруашылық құрылымдары, өңдеу кәсіпорындары және жеке адамдар қатысады. 2009 жылы 49 жәрмеңке өткізілді, онда 418,7 млн. теңге сомаға тауар сатылды. Жәрмеңкелерде кең ассортиментте ет және сүт өнімдері, балық, жұмыртқа, көкөніс, картоп, ұн, нан және бөлке нан өнімдері сатылады. Сатылатын өнімдердің бағалары орташа рынок бағаларынан 10-15 пайызға арзан.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкелерді өткізген кезде өндіруші-кәсіпорындарға өнімін сату үшін тегін орындар ұсынылады. «Қызыл Жар-Ақбастау» коммуналдық рыноктың әкімшілігі ауыл шаруашылық өнімін өндіруші-кәсіпорындарға жалға төлейтін ақысын 20 пайызға төмендетті, бұл өнім бағасын арзандатуға мүмкіндік берді.

Күнде ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тікелей «Қызыл Жар-Ақбастау» КМК белгіленген бағамен қара мал, шошқа етін, пастериздендірілген сүт, жұмыртқа және ұн әкеледі. 2009 жылы олар 107,0 тонна қара мал етін, 65,0 тонна шошқа етін, 440,0 тонна пастериздендірілген сүт әкеліп, сатты, жұмыртқа мен ұн өтінімдерге сәйкес әкелінеді.

Бұдан басқа, 2009-2001 жылдардың қыс кезінде көкөніс өнімдерін сату үшін «Қызыл Жар-Ақбастау» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны көкөніс қоймасына 597 тонна картоп және 240 тонна көкөніс салып қойды. Қазіргі уақытта олар белгіленген баға бойынша «Шапағат» павильондары мен «Қызыл Жар-Ақбастау» рыногында сатылып жатыр.

Сыртқы сауда

2009 жылы транзиттік жеткізілімдерді ескермегенде облыстың сыртқы сауда айналымы 208 жылмен салыстырғанда 49,2% қысқарып, 739,4 млн. АҚШ долларды құрады. Бұл ретте, экспорт 54,6% қысқарып, 136,8 млн. АҚШ долларды, импорт – на 47,8%, 602,6 млн. АҚШ долларды құрады.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына кеден статистикасының мәліметтері бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы транзиттік жеткізілімдерді есептегенде 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 43,2 пайызға қысқарды және 1006,8 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 347,8 млн АҚШ доллары (51,9 пайызға қысқарды), импорт – 659,0 млн АҚШ доллары (30,9 пайызға қысқарды).

Экспорт бойынша негізгі серіктестері: Иран (барлық экспорт көлемінің 17,9 пайызы), Ауғанстан (15,4 пайыз), Тәжікстан (12,9 пайыз), Ресей (7,6 пайыз), Кырғызстан (7,3 пайыз), Өзбекістан (6,8 пайыз), Украина (5,7 пайыз), Үндістан (4,4 пайыз), Италия (4,3 пайыз).

Экспорттық жеткізулерде мына тауарлық топтардың азық-түліктері ең үлкен үлесті орынға ие болады: «дәнді-дақылдан жасалған нан» (экспорттың барлық көлемінен 47,4 пайыз немесе 165,0 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (32,2 пайыз немесе 112,1 млн. АҚШ доллары), «тері шикізаты, теріден жасалған бұйымдар» (10,3 пайыз немесе 35,8 млн. АҚШ доллары).

2008 жыл көрсеткіштеріне қарағанда дәнді дақылдар 1,3 есеге (1,4 млн. тоннадан 1,0 млн. тоннаға дейін), басқа да мал және өсімдік өнімдер (10%), қара металлдар (17,9 есеге), химия өнеркәсібі өнімдер (96,0%) экспортының қысқаруы сыртқы сауда айналымның төмендеуіне ықпалын тигізді. Сонымен қатар, ТМД елдеріне және шетелге ұн экспорты көлемінің ұлғаюы байқалады. Сөйтіп, 2009 жы ішінде ұн экспорты 304,5 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жыл көрсеткішінен 1,3 есе артық. Бұдан басқа тері шикізаты экспортының көлемі ұлғайды.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Ресей Федерациясы жетекші болып табылады (импорттың барлық көлемінен 79,2 пайыз), АҚШ (4,0 пайыз), Беларусь (2,3 пайыз), Германия (1,9 пайыз), Украина (1,7 пайыз), Қытай (1,5 пайыз), Израиль (1,2 пайыз).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынға келесі өнім топтары ие болады: «минералды отын және мұнай өнімі» (импорттың жалпы көлемінен 33,8 пайыз немесе 222,8 млн. АҚШ доллары), «жабдықтар, құралдар және аппараттар» (17,1 пайыз немесе 112,5 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (14,0 пайыз немесе 92,2 млн. АҚШ доллары), «химия өнеркәсібінің өнімі» (10,1 пайыз немесе 66,3 млн. АҚШ доллары, «машиналар, көлік құралдары» (8,6 пайыз немесе 56,9 млн. АҚШ доллары).

2009 жылы мал және өсімдік өнімдерінің импорттық жеткізілімдері - 7,8%, минералды отын және мұнай өнімдерінің - 48,2%, қара металлдардың - 21,8%, тоқыма өнімдерінің – 13,9% кеміді. Машиналар мен көлік құралдарының импорты - 50,2%, ағаштың – 30,4%, жабдықтар, приборлар мен аппараттардың - 29,7% қысқарды. Сол уақытта химия өнеркәсібі өнімдерінің импорты – 4,7%, құрылыс материалдарының – 37,3%, тері бұйымдарының - 2 есеге ұлғайды.

Туризм

 2010 жылғы 1 қаңтарға облыста 26 туристік ұйым әрекет етеді. Олардың қызметінің негізгі түрлері ішкі және сыртқы туризм. 2009 жылы ішкі бағыттарда 3000 астам туристтер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілді.

Туристік көрмелер облыстың туристік имиджін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады. Жылда туристік ұйымдардың өкілдері халықаралық туристік көрмелерге қатысады: KITF (2005-2008жж, Алматы қ.) «Урал Туризм Спорт» (Екатеринбург қ.), «Турсиб Спортсиб» (Новосібір қ.), MITT (Мәскеу қ.). Бағыттар географиясын кеңейту мақсатында Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен және мәскеу қаласымен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен бағдарламалар әзірленген. Осы бағдарламаларға сәйкес Шалқар және Имантау көлдерінің балаларды сауықтыру лагерлері мен демалыс базаларында ресей және қазақстандық туристерін қабылдау ұйымдастырылған, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының туристтері «Курган курорт» бірлестігінің «Сосновая роща», озеро медвежье (Қорған облысы) шипажайларына барады.

Кәсіпкерлікті дамыту

Облыста 2010ж.01.01 рынокта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 2009 жылы 4,8 пайызға өсіп, 24,0 бірлікті құрады, одан заңды тұлға – 1,8 мың бірлік, шаруа қожалығы – 3,2 мың бірлік, жеке кәсіпкерлер – 19,0 мың бірлік.

2009 жылы белсенді айналысатындар саны 4,0 пайызға ұлғайып, 69,3 мың адамды құрады,соның ішінде орта бизнес кәсіпорындарында 31,2 мың. адам, шаруа қожалығында – 7,7 мың адам, жеке кәсіпкерлікте – 30,4 мың адам.

2009 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 124,4 млрд. теңгеге өнім шығарды, бұл 2008 жылдан 3,6 пайызға артық.

Қаржыландыру жағдайы шағын кәсіпкерлікті дамытудың басты факторларының бірі болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол жетімді болу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Қаржылық-инвестициялық қолдау бірнеше көзден жүзеге асырылады: екінші деңгейлі банктер, қорлар, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік даму институттардың және т.б. қаражаты.

2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейлі банктермен берілген кредиттер көлемі 11,0 млрд. теңгені құрады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ өңірлік филиалы өсімдік және мал шаруашылықтарын дамытуға 130,7 млн. теңге сомаға 397 шағын кредит берді.

Кредиттік серіктер мен шағын кредиттік ұйымдар банктік кредиттеудің баламасы болып табылады, олар арқылы кәсіпкер қаржылық кепілгерлік бойынша кепілсіз қаржылық қолдау ала алады.

Бүгінгі күні облыста 13 кредиттік серіктестік жұмыс істейді, олар әр ауданда орналасқан. 2009 олар 1755,9 млн. теңге сомаға 358 шағын кредит берді.

Облыста 261 шағын кредиттік ұйым тіркелген. Одан 215 шағын кредиттік ұйым 2009 жылы тіркелген. 2009 жылы барлық ШКҰ-мен 535,5 млн. теңге сомаға 1713 шағын кредит берілді.

2009 жылы кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қол жетімді болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін «Даму-Өңірлері» «ЕДБ қаражаттың негізделіп орналастырылуы» бағдарламалары бойынша республикалық қаражат есебінен шағын және орта кәсіпкерліктің 135 субъектісіне 4624,4 млн. теңге сомаға кредит берілген.

«ҚазАгро»НУХ» АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу» бюджеттік бағдарлама аясында 2009 жылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру және село тұрғындарына шағын кредиттер беру үшін облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Қаражат 22 кәсіпкерге 50 жұмыс орынын құрып, селода бизнес жобаларын іске асыруға берілді.

2009 жылы өндірістік қызмет ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету мақсатында кәсіпкерлікті қолдау үшін коммуналдық меншіктегі 2 пайдаланылмайтын объект сенімді басқаруға берілді және 7 объект меншікке қайтарусыз негізде берілді.Осы мақсатта жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға жалпы ауданы 41 мың га 623 жер учаскесі сатылды, жалпы ауданы 91,2 мың га 122 жер учаскесі шаруа және фермерлік шаруашылықтарға жалға берілді.

2009 жылы облыс аудандарында инфрақұрылымның 393 объектісі ашылды. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудандық елді мекендерде 7817 объект жұмыс істейді, одан халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін – 3976, 3341 дүкен, 18 бөлшек және көтерме рынок, 482 жалпы тамақтандыру объектісі.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің барлық қызмет салаларында қосымша 7,1 мың жұмыс орны құрылды, соның ішінде жеке кәсіпкерлермен – 4,4 мың қосымша жұмыс орыны.

Облыстың жол желісі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы пайдаланыстағы көлік жол желісінің ұзақтығы 9002,9 км құрайды, соның ішінде республикалық маңызды – 1468 км, облыстық маңызды – 2432 км, аудандық маңызды – 5102,9 км.

Жалпы автомобиль жолдары желісінен (9002,9 км) автомобиль жолдары мынаны құрайды:

асфальт-бетон және қара жамылғымен – 4456,5 км (49,5%);

қиыршықтасты жамылғымен – 2585 км (28,7%);

топырақты және жақсартылған жолдар – 1961,4 км (21,8%).

Облыстың автомобиль жолдарында ұзақтығы 57 көпір және 3790 п.м. жолөткел, ұзақтығы 32086 п. м 2235 су өткізгіш құбыр орналасқан.

Көркейту

2009 жыл ішінде облыс аудандарында және Петропавл қ. 3379 км көше және жол тазартылып, көркейтілді, 740000 м2 саябақтар мен скверлер, 93000 тұрғын үй және олардың маңындағы алаңдар. 288946 тонн қоқыс шығарылды. 580 қоқыс жиылу жерлері мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, мал қорымы, қи, 584 жоспарланбаған қоқыс орындары. 86000 ағаш отырғызылды, 42000 бұтақ ағаш, 20000 гүлбаға жасалған. 505 ескерткішке маңындағы аумақтарға жөндеу жүргізілген. 15126 қаңғырма жануарлар ұсталды.

Құрылыс индустриясы

Металды емес минералды өнімдер шығару көлемі 2008 жылғы көрсеткішке 30,8% азайды немесе 1233,3 млн. теңгені құрады.

Тауарлық бетон (20,1 %-ға), тақта, тақташа, цементтен жасалған ұқсас бұйымдар және кірпіш, бетон және жасанды тас (68,3 %-ға), құрылыстарға арналған құрастырушы элементтер (30,5 %-ға) өнім шығарудың төмендеуі байқалады.

2009 жылы резеңке және пластмасса бұйымдар өндірістерін шығару көлемі 2008 жылғы көлемге 4,8 %-ға азаюымен 1372,1 млн. теңгені құрады. Пластмассадан жасалған құбыр, түтікше, тармақтар және шлангтер өндірістерінің қысқаруымен азаюы негізделген (24,4 %-ға). Сонымен қатар, пластмассадан жасалған есік, терезе, есікке арналған қорабы және терезе рамалары (6,2 %-ға) артық шығарылған.

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалынған бұйымдар көлемі 6,4 %-ға ұлғайды (364,9 млн. теңгені құрады). Ағаш материалдарының өндірісінің өсуі 1,8 есеге (2,7 мың куб.м), терезе және есік блоктары – 2 %-ға (25,4 мың шаршы м.) қамтамасыз етілген.

Құрылыс материалдары - қиыршықтас және ұсақталған тас өндіріс көлемінің өсуі 40,8 %-ға жетті.

2009 жылы құрылыс материалдары өндірісін дамытуда инвестициялар 741,8 млн. теңгені құрайды.

2009 жылы «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС жобасын іске асыру диаметрі 110-225 мм полиэтилен құбырын және құрылымдық оқшаулау панелдерін өндіру бойынша қосымша 3 желі енгізуге мүмкіндік берді.

«Тез көтерілетін ғимараттар мен имараттар зауыты» ЖШС құрылыс мақсаты үшін металқұрылымдарын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асырған.

2009 жылы «Құрғақ пенобетон қоспа өндіруді ұйымдастыру» («Құрғақ пенобетон қоспа зауыты»ЖШС) жобасын іске асыру басталды. Жылына 36 мың тонна құрғақ пенобетондық құрылыс қоспасы мен қож сілтілі цемент шығару жоспарлануда.

Коммуникациялар

Су шаруашылығы кешенінің құрылымында ұзындығы 2662,65 км 4 топты су құбыры маңызды орын алады, олардың ішінен Булаев – 1718,6 км, Есіл – 531,47 км, Преснов – 234,8 км, Соколов – 177,78 км Есіл ө. басты құрылыстарымен. Кентішкі және қалалық су құбырлар желісінің ұзындығы 1250 км артық.

Негізгі капиталға инвестициялар

2008 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 41,3 млрд. теңгені немесе 2007 жыл деңгейіне 103,2 пайызды құрады. 2009 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 47,2 млрд. теңгені 2008 жыл деңгейіне 108,2 пайызды құрады.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көзі мекемелер мен кәсіпорындардың меншікті қаражаттары (53,2% - 2008 ж., 46,4% - 2009 ж.) және қарыз қаражаты (2008 ж. – 16,5%, 2009 ж. – 18,9%) болып табылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттін қаражаттары негізінде мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды орындауға пайдаланды.

2008 жылға қарағанда 2009 жылы денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына 1,6 есе артық қаражат шығындалды.

2009 жылға облытың 42 объектілерінің құрылысына республикалық бюджеттің 9855,7 млн.теңге нысаналы трансферттері шығындалды, соның ішінде: 3 білім беру объектісі (1306,1 млн.теңге), 4 – денсаулық сақтау (2676,8 млн.теңге), 10 – сумен қамтамасыз ету (1541,2 млн.теңге), 1 – жол құрылысына (1498,4 млн.теңге), 6 – жол картасы объектілерін (767,6 млн.тенге) және инженерлік-коммуникациялық желілерімен тұрғын үй құрылысына (2065,6 млн.теңге).

2009 жылы республикалық бюджеттен бөлінен трансферттер есебінен Уәлиханов-Победа к. 320 орындық балабақша және Петропавл қ. облыстық қан орталығы, Мамлют ауданы Мамлютка қаласында 200 орындық жатын корпусымен 400 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектеп-интернаты және 10 сумен жабдықтау объектісі пайдалануға берілді.

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Пески с. 250 орынға арналған мектеп, Петропавл қ. 19 шағын ауданында ауысымына 500 келімге қалалық емхана, Жамбыл ауданы Пресновка с. және Ғ.МҮсірепов атындағы аудан Новоишимское с. 90 келімге емханасымен 100 төсекке арналған 2 ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер, Қызылжар ауданында «М-51-Петерфельд-Новокаменка-А-16» автожолдарын, сондай-ақ тұрғын үй салу жалғастырылуда.

Жергілікті бюджеттен 50 объекті құрылысына және қайта жаңғыртылуына 2040,2 млн.теңге сома шығындалды, соның ішінде білім беруге 249,4 млн.теңге, денсаулық сақтауға – 73,6 млн.теңге, сумен қамтамасыз етуге – 270,8 млн.теңге, қоршаған ортаны қорғауға – 50,0 млн.теңге, мәдениет және спортқа – 181,3 млн.теңге, тұрғынүй құрылысына – 1055,2 млн.теңге, жол картасы объектілерін – 158,3 млн.тенге және басқаға – 1,6 млн.теңге.

Жергілікті бюджет қаражат есебінен пайдалануға енгізілді: білім берудің 1 объектісі, 3 - денсаулық сақтауға, 1 – спорт, 5 - сумен қамтамасыз ету.

Айыртау ауданы Кирилловка с. 240 орынға арналған мектеп салу, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Чистополье с. және Айыртау ауданы Саумалкөл с. тарату желілерін реконструкциялау, Шал ақын ауданы Сергеевка с. қысым коллектрін реконструкциялау жалғастырылды.

Соңғы жылдарда әлеуметтік салаға инвестициялардың өсуі байқалды. Сөйтіп, денсаулық сақтау объектілердің құрылысына және қайта жаңғыртуларына бағытталған инвестициялардың үлес салмағы толық көлемінде 2008 3,1 % 2009 ж. 7,3 % - ға дейін өсті.

2009 жылы «Петропавл бройлер фабрикасы»ЖШС құс фабрикасының 1 кезегі пайдалануға берілді, инкубатор құрылысы жалғастырылуда. 2008 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Тайынша-Астық» ЖШС-де жаңа заманғы шетел технологиясы бойынша 1000 сиырға арналған сүт кешенін салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. «Баско» ЖШС «Еуропалық одақ стандарттары бойынша мал мен құсты өнеркәсіптік бордақылау кешені, ет комбинаты» жобасын іске асыруда.

2009 жылы жалпы 1,2 млрд. теңге сомаға 5 өңірлік индустриялық инвестициялық жоба іске асырылды, соның ішінде «Даму-Өңірлері» мемлекеттік бағдарламасы аясында Петропавл қаласының «Тез көтерілетін ғимараттар мен құрылыстар зауыты» ШЖС-де пісірілген қоставрлар, сэндвич-панельдер, профлист және С-үлгідегі профиль шығару бойынша «Метал құрылымдарын шығару» атты инвестициялық жоба іске асырылды. «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС-де полиэтилен құбырларын және құрылымдық-оқшаулау панельдер шығару бойынша қосымша 3 желі енгізілген, «Петропавл құбыр зауыты» ЖШС-де шаршы құбырларын, болат құбырларын және басқаларын шығару бойынша жоба іске асырылған.

2009 жылы шетел инвестициялардың үлесі 2003 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыздық пунктке ұлғайып, 1,8% жетті, шетел инвестициялардың көлемі 856,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2003 жылдағыдан 4,5 есеге артық.

Шетел инвестициялары Азиат даму банкінің «Селолық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салу» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялауға (848,6 млн.теңге), Жапон гранты есебінен Бірінші қалалық ауруханаға медициналық жабдық сатып алуға (7,4 млн.теңге) және Петропавл қ. «Сорос Казахстана» қорының қаражаты есебінен әйелдерді қолдау орталығына оргтехника мен жиһаз сатып алуға (0,4 млн.тенге) пайдаланған.

2009 жылы «Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде су шаруашылығының іс-шараларын іске асыруға 2961,3 млн. теңге жіберілген, соның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер түрінде – 1541,2 млн. теңге немесе 2008 жыл деңгейіне 90 пайыз, облыстық бюджеттен – 294,7 млн. теңге немесе 2008 жыл деңгейіне 49 пайыз, Азият даму банкі қарыз қаражаты есебінен 1125,4 млн теңге, бұл 2008 жылдағыдан 4,5 есе артық.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен - 99,24 км, одан: Булаев топты су құбырының 8,7 км реконструкциясы аяқталды (3 кезегі), 6 елді мекенге су тартқыштың 44,3 км реконструкциясы аяқталды, 5 елді мекеннің су құбыры тарату желілерінің 46,24 км реконструкциясы аяқталды және Жамбыл ауданында Екатеринов учаскесінің жер асты суларынан бұталы ұңғымалы бас тоған құрылысы (ІІ кезегі) аяқталды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың 5 селосында жер асты суларынан жергілікті сумен жабдықтау құрылысы аяқталды, облыстың 4 елді мекенінде оның 21,4 км салынды және реконструкцияланды,

Азиат даму банкі жобасын іске асыру аясында облыстың 14 елді мекенінде су тартқыштың 82,8 км реконструкциясы аяқталды.

2009 жылға белгіленген іс-шаралардың орындалуы 12,6 мың адам тұрғыны бар 25 елді мекенге су беруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 52,6 мың адам тұрғыны бар 10 елді мекеннің сумен қамтамсыз етілуі жақсартылды.

Тұрғын үй құрылысы

2009 жылы тұрғын үй құрылысына 3,5 млрд.теңге пайдаланылды, оның ішінде 47,2 пайызы республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен.

Тұрғын үй құрылысына жіберілген қаржының өсу нәтижесінде ендірілетін тұрғын үй көлемі күрт өсті. 2009 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен баспананың 108,7 шаршы метрі пайдалануға берілді, бұл тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарға 101 пайызын құрайды, оның ішінде:

  • халықтың қаражаты есебінен 81,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 77,6 пайыз;
  • республикалық бюджеттен трансферт арқылы тұрғын үйдің 30 пәтерлі, жалпы аумағы 2,8 мың шаршы метр (2,6 пайыз) в с.Кишкенеколь Уалихановского района
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен 54 пәтері жалпы аумағы 7,8 мың шаршы метр (7,2 пайыз);
  • кәсіпорындардың қаражаты есебінен 16,9 мың шаршы метр (15,6%);

Облыс бойынша пайдалануға берілген барлық тұрғын үйлердің 76,5 мың шаршы метрі немесе 70,4 пайызы ауылдық жерлерде салынды.

2008-2010 жылдарға тұрғын үй құрлысы жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында облыста 2010 жылы Құрылысы пайдалануға берілетін мына үйлердің жұмыстарын бастауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді:

Республикалық бюджеттен трансферттер есебінен   Петропавл қ. жалпы алаңы 19 мың шаршы метр (342 пәтер) 3 тоғыз қабатты үйлердің құрылысы;

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасы аясында салынып жатқан тұрғын үймен денсаулық сақтау қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін кредиттік қаражат есебінен Петропавл қ. жалпы алаңы 18,4 мың шаршы метр (215 пәтер) 3 бес қабатты үй және Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское с. жалпы көлемі (0,78 мың шаршы метр) 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы;

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Петропавл қ. жалпы алаңы 14,6 мың шаршы метр (182 пәтер) 2-і көп қабатты үйлерді салу жүргізілуде.

Инвестор-компаниялардың қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысы жалғастырылуда.

Инженерлік коммуникацияларды дамыту мен жайластыруға республикалық бюджеттен 1325 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен Петропавл қ. ұзақтылығы 3,4 км 800 мм диаметр оңтүстік-шығыс су тартқыш пайдалануға берілген, Орман шағын ауданында кәріз және электрмен жабдықтау желілері бойынша жұмыс аяқталған. «Солнечный» шағын ауданына (ұзындығы 1,9 км қос құбыр) магистралдық жылу желілерін салу орындалды. Мемлекеттік бағдарламасы аясында Юбилейная көшесі тұрғын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілер өткізілген және «Байтерек» тұрғын ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын салу бойынша үстіміздегі жылға көзделген қаржыландыру шегінде құрыстық-монтаждық жұмыс көлемі орындалған.Жұмабаев көшесіндегі (1 кезек) су құбырлары желілерін ренконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталған.

174,7 млн.теңге жергілікті бюджеттен бөлінген, салынатын барлық жоспарланған тұрғын үйлерге жайластыру және инженерлік коммуникация жұмыстары жүргізілді.

Қаржылық жағдай

Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыстарының 2009 жылғы 3 тоқсанындағы (экономиканың нақты секторы) сальдоланған қаржылық нәтижелері 1 356,4 млн.теңге сомада шығын ретінде айқындалды.

2009 жылғы 3 тоқсанында 128 кәсіпорын шығынмен жұмыс істеді (кәсіпорындардың жалпы санына 44,3 пайыз), олармен алынған шығынның сомасы 5 233 млн.теңгені құрады. 161 кәсіпорын оң қаржылық нәтижеге ие болды немесе кәсіпорындардың жалпы санына 55,7 пайыз, олар алған пайданың сомасы – 3 876 млн.теңге.

Шығындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығымен – 2 370 млн. теңге; көлек және байланыс – 934 млн. теңге өңдеу өнеркәсібі – 886 млн. теңге айналысатын кәсіпорындарға келеді; пайданың ең көп сомаларын ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы мен – 2 152 млн. теңге; өңдеу өнеркәсібі – 798 млн. теңге; сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу – 285 млн. теңге; айналысатын кәсіпорындар алды.

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының міндеттемелері бойынша жалпы қарызы 2009 жылғы 1 қазанға 226 163 млн.теңгені құрады, одан төлеу мерзімі өтіп кеткен – 10 219 млн.теңге немесе қарыздың жалпы көлемінен 4,5 пайыз.

Облыс кәсіпорындарының еңбекақы төлеу бойынша жұмысшыларымен есеп айырысу бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен қарыз – 88,0 млн.теңгені құрады.

2009 жылғы 1 қазанға дебиторлық қарыз 70 475 млн.теңгені құрады, одан төлеу мерзімі өтіп кеткен қарыз – 1 630 млн.теңге (2,3 пайыз).

Еңбек нарығы және жұмыспен қамтылу

Облыста халықты жұмыспен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2009 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін тиімді қолдану еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 2009 жыл ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша уәкілетті органдарға 22,1 мың адам жолықты, бұл 2008 жылдағыдан 137,4 пайызға артық. Олардың 87,1 пайызы жұмысқа орналастырылды, бұл 2008 жылдағыдан 9906 адамға артық. Өткен кезеңде 3,2 мың азамат жұмыссыз деп танылды, бұл 2008 жыл деңгейінен 3,1 пайызға немесе 102 адамға кем. Одан 1074 адам облыстың жұмыс берушілері талап ететін кәсіптері бойынша біліктілігін арттырды немесе қайта оқытылды, бұл 2008 жыл деңгейінен 6,3 пайызға жоғары.4620 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты, аяқтағандар арасынан 99,2 пайызы жұмысқа орналастырылды.

2009 жылы тіркеген жұмыссыздық үлесі 2008 жыл деңгейінде сақталып, облыстың экономикалық белсенді тұрғындарынан 0,8 пайызды құрады.

Жалақы

2005-2008 жылдар кезеңінде халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 2 есе ұлғайды. 2009 жылғы 3 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары 30445 теңгені құрады. 2005-2009 жылдар кезеңінде бір жұмысшының орташа айлық номиналды жалақысы 2 есе ұлғайып, 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 45 673 теңгені құрады.

Материалдық өндіріс салаларында жалақының максималды (транспорт и связь – 67840 тенге) және минималды (ауыл шаруашылығы – 34197 теңге) деңгейлері арасындағы арақатынас сақталып, келесі айырмашылықты құрады: 2005 ж. - 2,3 есе; 2006 ж. - 2,3 есе; 2007 ж. – 2,2 есе; 2008 ж. – 2,1 және 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 2 есе.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірістік емес салалардағы орташа жалақы қатынастарының диапазоны 39563 теңгеден (білім беру) 80248 теңгеге (қаржылық қызмет) дейінгі шекте қалыптасқан.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2010 жылғы 1 қаңтарға жалпы облыс бойынша тұрмысы кедейшілік деңгейінен төмен тұрғындар саны 13,6 мың адамды құрады, бұл 2008 жылғы сәйкес көрсеткішімен алыстырғанда 1851 адамға кем. Облыс тұрғындарының жалпы санына нақты кедейшілік шегі 2,1% құрады, бұл өткен жыл көрсеткішінен 0,3 пайыздық пунктке төмен.

2010 жылғы 1 қаңтарға «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес 18,2 мың азаматқа жәрдемақы белгіленді, жалпы 268,3 млн. тенге сома төленді. Облыс бойынша І атаулы әлеуметтік көмек алушының орташа жәрдемақы мөлшері 1229 теңгені құрады.

Бұдан басқа, 2009 жылы табысы және әлеуметтік асыраушылықдеңгейі төмен еңбекке қабілетті тұрғындардың мәселелерін шешу мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын кредит беру» қоғамдық қорынан 54 аз қамтылған отбасыға 5,4 млн. теңге сомадағы шағын кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Білім беру

2009-2010 оқу жылы облыста 635 білім ұйымы жұмыс істейді, одан 3 – мемлекеттік емес үлгідегі. Оларда 83,03 мың оқушы тәрбиеленіп, оқиды, соның ішінде 632 мемлекеттік жалпы білім беру мектебінде – 82,8 мың оқушы. 634 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектебі арасынан 148 мектеп – қазақ тілінде оқытады, 109- қазақ және орыс тілдерінде оқытады.

Шағын жинақталған мектептер жалпы мектеп санынан 86% құрайды, оларда 43,9 мың оқушы немесе жалпы санынан 53% оқиды.

Облыста 14,4 мың баланы қамтыған356 балабақша (одан 11 – мемлекеттік емес), соның ішінде 297 мектепке дейінгі шағын орталығы жұмыс істейді. 34 қосымша білім беру ұйымында (одан 6 – мемлекеттік емес) қызығушылығы мен қабілеті бойынша 13,9 мыңнан астам бала мен жасөспірім айналысады.

2009 жылы 4 балабақша және жалпы білім беретін мектептер жанында 243 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды.

Қазіргі уақытта 33 инновациялық білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 9,1 мыңнан астам бала оқиды.

2009 жыл ішінде Жол картасы аясында 50 білім объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, оған 500 млн. теңге игерілді (2009 жылғы нақтыланған жоспардан 100% игерілді).

Барлық жалпы білім беретін мектептер жаңа буынның компьютерлік техникасымен жабдықталған. Интернет желісіне жалпы білім беретін мектептердің 100% қосылды.

Облыста «Оқуnet.kz» ақпараттық-білімдік желі жобасы табысты іске асырылуда, ол 170 білім ұйымының дүниежүзілік білім ресурстарына сапалы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ҰБТ нәтижесі бойынша 2009 жылғы орта мектептер түлектері 81,51 бал (2008 жылы – 74,16 бал) алды, «Алтын белгі» алған орта мектеп түлектерінің саны 34 оқушыға дейін жетті (2007,2008 ж.- 34 адам).

«Болашак» халықаралық бағдарлама бойынша облыс орта мектептерінің 74 түлегі мен магистранты оқиды.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім жүйесі жалпы 4,9 мың оқушыны қамтыған17 мемлекеттік және 3 мемлекеттік емес лицеймен және 143,9 мың оқушыны қамтыған 12 (одан 4 – мемлекеттік емес) колледжбен ұсынылған. Оларда 67 мамандық және 26 кәсіп бойынша дайындық жүргізіледі.

 Облыстың білім мекемелерінде 16 мыңнан астам педагог қызмет етеді, олардың 77% жоғары білімді. Келесі атақтар алғандар: «Білім үздігі» - 480 педаг, «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері - 25 адам, награждены медалью Ы.Алтынсарин медалімен –31 адам марапатталды..

Балалардың қосымша біліммен қамтылуы 28% құрады.

Денсаулық сақтау

Облыстың денсаулық сақтау саласы 253 емдеу-алдын алу ұйымдарымен, оның құрамына кіретін 5 476 төсек-орыннан тұратын 36 ауруханалық ұйыммен көрсетілген (олардың ішінде мемлекеттік – 5443 төсек-орынға арналған 34, ведомстволық – 30 орынға 1, жеке 13 орынға 1).

Облыс аудандарында 1753 төсек-орындық 13 орталық аудандық аурухана, 310 төсек-орындық 9 туберкулезге қарсы диспансер, 155 дәрігерлік амбулаториялар, 485 медициналық пункттер жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға өткен жылға қарағанда 35% өсумен 16,8 млрд. теңгені құрады.

Біздің өңірде «100 мектеп, 100 аурухана» Жобасы аясында 2009 жылы 4 денсаулық сақтау объектісін салу жүргізілген: облыстық қан орталығы, ауысымына 500 келімдік қалалық емхана, Жамбыл ауданы Пресновка с. және Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское с. ауысымына 90 келімдік 100 орынға арналған екі ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер, оған 2677,6 млн. теңге мөлшерінде ассигнования бөлінген және толық көлемде игерілген.

Облыстық қан орталығын салу 2009 жылғы желтоқсанда аяқталған.

2010 жылы 2439,4 млн. теңгеге мыналардың құрылысына бөлінген:

Петропавл қаласында ауысымына 500 келімдік қалалық емхана – 483,6 млн. теңге;

Жамбыл ауданы Пресновка селосында ауысымына 90 келімдік 100 орындық ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер – 759,3 млн. теңге;

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда Новоишимское селосында ауысымына 90 келімдік 100 орындық ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер – 1196,4 млн. теңге;

Қалалық емханалар және екі туберкулезге қарсы диспансерлер құрылысын аяқтау 2010 жылға жоспарлануда.

2008 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққайың ауданы Ленинское с. (құны 99 млн. теңге), Жамбыл ауданы Троицкое с. (құны 98,3 млн. теңге), М. Жұмабаев ауданы Полтавка с. (құны 100 млн. теңге) 3 емдеу амбулаториясының құрылысы басталған, 2009 жылы жоғарыда аталған емдеу амбулаторияларын салуды аяқтауға бөлінген 109,3 млн. теңге игерілген, ол 2009 жылғы шілде – қыркүйекте пайдалануға берілген.

2009 жылы облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 495,6 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінген, соның ішінде республикалық бюджеттен – 290,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 204,8 млн. теңге.

2009 жылы жалпы сомасы 401,3 млн. теңгеге 3148 бірлік медициналық жабдықтар және медициналық арналған бұйымдар сатып алынған, соның ішінде 198,4 млн. теңге сомаға 26 бірлік жоғары технологиялық жабдықтар.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 92,1 млн. теңгеге 41 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынған.

Санитарлық авиациясымен облыстық жедел медициналық көмек көрсету ашылды және жұмыс істейді.

2009 жылы жалпы сомасы 956,8 млн. теңгеге 36 денсаулық сақтау объектісі жөнделген, соның ішінде «Жол картасы» аясында 29 ЕАҰ-на 500 млн. теңге бөлінген және игерілген.

Республиалық трансферттер бөлу есебінен кепілденген ақысыз медициналық көмектің көлемі ұлғайтылды, ауруларды дәрі-ді\әрмекпен қамту жақсартылды.

Облыста дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өткір, осыған байланысты облыстың емдеу ұйымдарын медицина қызметкерлерімен толықтыруға ерекше назар аударылады. Алайда, 2009 жылы облысқа 113 дәрігер келді, бұл 2008 жылға қарағанда 48% артық. Облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде 63 медициналық академиясын бітіруші жұмысын бастады.

Медициналық қызметкерлердің тұрғын үй мәселесін шешу үстіміздегі жылы Петропавл қ. 88 пәтерлі абаттандырылған жатақхана және 60 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйді салуды аяқтау және пайдалануға беру есебінен жоспарлауда.

Озық технологияларды енгізу есебінен әлеуметтік-елеулі ауруларды төмендету жөніндегі шаралар қолдануда. Сонымен, №2 қалалық аурухана базасында Кардиологиялық орталық құрылған және жұмыс істейді. Астана қ. Ғылыми Ұлттық медициналық орталығымен және Каунаса қ. Жүрек институтымен ынтымақтастық аясында 51 жүрек операциясы жүргізілді. Бүгінгі күні облыста Түмен облыстық клиникалық ауруханасы кардиохируг-дәрігерлерімен туа біткен жүрек ақауымен 428 балаға операция жасалынды, оған 50 млн. теңге бөлінген.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде облыс тұрғындары денсаулықтары негізгі көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады. Ана және бала өлім-жітімі, халықтың жалпы аурушаңдық өсу қарқыны төмендеуде. Туберкулезбен аурушаңдық 20%-ға және туберкулезден өлім-жітім 19%-ға төмендеген. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 9%-ға төмендеді.

Мәдениет

2009 жылы мәдениет объектілері желісін сақтау мен кеңейту жұмысы жалғастырылды. Барлығы облыс бойынша 586 объект, одан 454 – мемлекеттік емес. Мәдениет объектілері желісіне 3 театр, 1 филармония, 11 мұражай, барлық меншік түріндегі 245 клуб (308 мемлекеттік), 6 киноқұрылғы (5 мемлекеттік), 1 кинопрокат және 18 телетеатр кіреді.

Мемлекеттік кітапханалар қоры 3730 мың дананы құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілдегі қор - 673,993 мың дана.

Облыстың 43170 компьютер бар. Интернет желісіне 24 кітапхананың 68 компьютері қосылған, одан 3 кітапхана Петропавл қаласында, 21 – аудандарда.

 2009 жылы Жол картасы аясында 40 мәдениет объектісіне жалпы 240,0 млн.теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізілді (2009 жылғы нақтыланған жоспардан 100% игерілді).

33300 астам іс-шара өткізілді, соның ішінде 17 ірі облыстық Фестиваль мен конкурс: «Майские звезды» атты облыстық әскери-патриотық, әскери, майдан өлеңдерінің конкурсы, «Наурыз-айтыс» атты облыстық ақындар айтысы, «Ән-көңілдің ажары» атты облыстық халық әндерін орындаушылардың конкурсы, «Добру и пониманию путь открыт» атты дене бітімінің мүмкіндіктері шектелген облыстық конкурс-фестивалі, «Жігіт сұлтаны» атты облыстық конкурс, Денсаулық фестивалі, «Жас жұлдыздар» атты эстрадалық өлеңдерді орындаушылардың облыстық конкурсы, халықаралық нашақорлыққа және т.б. қарсы күреске арналған «Здоровое поколение – будущее нашей страны» атты наразылық-акциясы.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында өткен «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» республикалық жоба аясында «Тарих қиылыстарында» атты көрме өтті, онда облысымыздың мұражай қорынан алынған экспонаттар орналастырылған.

«Бір ел – бір кітап» атты республикалық акция аясында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Облыстың танымал шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары Халықаралық және Республикалық конкурстар мен фестивальдерге қатысты. Оларды Санкт-Петербург, Омбы, Қорған, Астана, Қарағанды, Павлодара, Кентау және басқа да қалардың көрермендері қошеметпен қарсы алды.

Облыстың 26 шығармашылық көркем өнерпаздар ұжымы «Халық» және «Үлгілі» атақтарын табысты растады, 6 көркем өнерпаздар ұжымы «Халық» атағын алғаш рет алды.

Спорт

Облыста 2166 спорт имараты бар: 32 стадион, 4 спорт кешені, 526 спорт залы, 11 жүзу алапы, 16 шаңғы базсы, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 87 ату тиры, 6 теннис корты, 224 бейімделген үй-жай, 1157 жазықтық имарат, 97 хоккей корты, 2 ипподром, 3 ату алаңы.

М.Жұмабаев ауданы Возвышенка с. және Есіл ауданы Корнеевка с. 2 стадионның, Ғ.Мүсірепов ат. аудан Нежинка с. спорт кешенінің реконструкциялуы жүргізіді;

1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Қызылжар ауданы Бескөл с.), 2 жүзу алапы (Петропавл қ. және Мамлют ауданының қазақ мектеп-интернатында), Мамлют ауданының жалпы білім беру мектебі жанында 1 спорт зал, 14 хоккей корты (3 Ажар ауданында, 2 есіл ауданында, 4 Жамбыл ауданында, 3 Уәлиханов ауданында, 1 Тимирязев ауданында және 1 м.Жұмабаев ауданында).

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын іске асыру мақсатында 4 спорт объектісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 2 селолық объектіге: Ғ.Мүсірепов ат. ауданның БЖСМ, Ақжар ауданының БЖСМ шатырларын күрделі жөндеу және Петропавл қаласында: «Барс» БЖСМ ғимаратын, сумен жабдықтау жүйесін, жылу желілерін, кәрізін, еденін күрделі жөндеу, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының есік, терезелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.                   

Облыста спорт резервін және жоғары класты спортшылар даярлаумен 26 бала-жасөспірім спорт мектебі айналысады, соның ішінде 3 олимпиада резерві мектебі-«Жеңіс», велоспорт бойынша және спорттың су түрлері бойынша «Дельфин» мектебі; К.Байболов ат. спорттың қысқы түрлері және спорттық акробатика бойынша екі мамандандырылған мектеп, сондай-ақ спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты және олимпиада резервін даярлау орталығы. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап облыста жоғары спорт шеберлігі мектебі өз жұмысын бастады.                  

Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың құрамына солтүстікқазақстандық 199 спортшы енгізілген, соның ішінде жазғы спорт түрлері бойынша – 174 (негізгі - 78, жастар - 51, жасөспірімдер– 45) және 25 адам қысқы түрлері бойынша (негізгі -11, жастар -7, жасөспірімдер -7).

 2009 жыл ішінде халықаралық класты 4 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 25 спорт шебері, 116 спорт шеберіне кандидат даярланды.

Облыс аумағында спорттың 19 түрі бойынша өткен «Ақ бидай» атты 4-ші республикалық селолық спорт ойындары 2009 жылдың негізгі оқиғасы болды, оған еліміздің 14 облысынан келген 2000 астам адам қатысты. Ойындар нәтижесіне 1 жалпы командалық орынды Солтүстік Қазақстан облысының құрама командасы алды, 2 орын - Шығыс Қазақстан облысы, 3 орын - Оңтүстік Қазақстан облысы. Қырымызда 28- алтын, 15-күміс, 15 қола медаль бар.

Сондай-ақ, спорттың 15 қысқы түрі бойынша еліміздің аумағында өткен Қазақстан Республикасының Қысқы Спартакиадасында жеңіп алған 2 орынды табысты деп атап өтуімізге болады.

11 чемпионатта және әлем Кубогы кезеңдерінде өңірдің жетекші спортшылары әр түрлі дәрежедегі 12 медаль ұтып алды: 5-алтын, 5- күміс, 2 – қола. Виталий Диденко «Еңбек сіңірген спорт шебері» нормативін орындап, екі мәрте әлем Чемпионы аталды, оған дейін осы жоғары атаққа Александр Винокуров – велоспорт және Мирас Бримжанов – кикбоксинг ие болған. Азия чемпионатында солтүстікқазақстандытар әр түрлі дәрежедегі 17 медаль ұтып алды.

Ханой қ. (Вьетнам) өткен Азия ойындарында біздің спортшылар жабық үй-жайларда 5 алтын, 2 күміс және 3қола медаль ұтып алды.

2009 жылы 1200 астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді, соның ішінде. Он үшінші облыстық халық спорт ойындары, аясында келесі іс-шаралар өткізілді: «Север» облыстық селолық мереке және «Ақ бидай» жазғы спорт мерекесі, «Надежда» мүгедектер спартакиадасы, спорттық ұлттық түрлері бойынша облыстық спартакиада. Ойын нәтижесінде Қызылжар ауданының командасы -1 орын, Аққайың ауданы – 2 орын, Тайынша ауданы – 2 орын алды. Облыс мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері арасында 2 облыстық Денсаулық күні, 7 спартакиада өткізілді.

2009 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 108 мыңнан астам адамды құрады (облыс тұрғындарының жалпы санынан 16,9 пайыз).

Қылмыстылық

Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы жедел жағдайы тұрақты деп сипатталады. Кешенді алдын алу және жедел-іздестіру шаралар нәтижесінде өткен кезеңде қылмыстардың жалпы санының 4,6 % (4655), жалпы қылмыстық қылмыстар санының 8,2% ( 4218-ден 3873-ке дейін) төмендеуі байқалады,

Ауыр қылмыстар түрлерінің саны айтарлықтай қысқарды (-20), соның ішінде қасақана кісі өлтіру (-10,4%), зорлау (-21,2%), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (-36,2%), ұрлық (-29,3%), шабуыл (-8,9%) және бөтен мүлікті ұрлау (-9,4%).

Сонымен қатар, облыста аса ауыр қылмыстар 5,9%, мастық және есірткі әсерінен қозу жағдайында жасалған қылмыстар 15,9% өсті.

2009 жылы кәмелет жасқа толмағандармен 211 қылмыс жасалды, бұл 2008 жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда (243) төмендеу 13,2%құрады.

Қылмыс жасаған адамдардың жалпы саны 0,1% (2773-тен 2771-ге дейін) төмендеді.

Барлығы 2009 жылы облыс 4655 қылмыс тіркелді (2008 жылы – 4881), қылмыстардың 79,0% (2008 жылы – 72,9%) ашылды.


*) Салыстыру үшін берілген 2008-2009 жылдардағы мәліметтер – болжамды мәліметтер

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey