Облыс әкімдігінің 2009 жылғы
31 желтоқсандағы № 394 қаулысымен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Облыстық әкімдік (бұдан әрі - әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын Солтүстік Қазақстан облысының дамуы мүдделерімен және қажеттіліктерімен ұштастыра жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Әкімдікті облыс әкімі басқарады. Әкімдік құрамы н әкім орынбасарларынан, әкім аппараты басшысынан, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан әкім қалыптастырады.
Әкім әкімдік мүшелерінің санын айқындайды.
Әкімдіктің дербес құрамы облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыстық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
3. Әкімдіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
4. Облыс әкімінің аппараты (бұдан әрі – аппарат) әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдауды, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
5. Әкімдіктің ісқағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін және облыс әкімі (бұдан әрі – әкім) бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады. Кіріс хат-хабарларды қабылдау және шығыс хат-хабарларды жөнелту электрондық құжат айналымы жүйесі, сондай-ақ өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
6. Белгіленген үлгідегі бланкілер тек мемлекеттік тілдегі хат-хабарларды ресімдеген кезде ғана қолданылады. Қажеттілігіне қарай ақпараттың орыс тіліндегі нұсқасы бланкілерді қоданусыз қоса беріледі.
2. Жұмысты жоспарлау
7. Әкім орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімдікке және әкімнің қарастыруына енгізілген осы Регламентпен белгіленген нормативтік құқықтық актілер жобалары өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің жыл сайынғы тізбесін әкімдік мүшелері және аппараттың құрылымдық бөлімшелер басшылары, жергілікті атқарушы органдар ұсыныстары бойынша ұйымдастыру-инспекторлық бөлім жасайды. Тізбе облыс әкімі орынбасарымен, облыс әкімі аппаратының басшысымен, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық бөлім меңгерушісімен, мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісімен келісіліп, 10 желтоқсанға дейін облыс әкімімен бекітіледі.
Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдар басшыларына, аудандар (қалалар) әкімдеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.
Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
3. Әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
8. Әкімдік мәжілістері айына бір реттен артық өткізілмейді және оны әкім шақырады, қажет болған жағдайда әкім әкімдіктің шұғыл отырысын шақырады.
9. Әкімдіктің мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған жағдайда, әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
10. Әкімдіктің мәжілістері, әдетте, ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қажетті болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкімдіктің жабық мәжілістерінде қаралуы мүмкін.
11. Әкімдік мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.
Әкімдік мәжілісінде мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
12. Әкім бекіткен тізбе бойынша әкімдік мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге лауазымды тұлғалар кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімдік мәжілістерінде қаралуға тиісті мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
қолы осы органның ресми орнын растайтын құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға (бұдан әрі – бірінші басшы) әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына алдын ала бұрыштама қояды;
әдетте, қаулы жобасы мен анықтама мәтіннің 5 парағынан аспауы тиіс;
күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша жоба және анықтама тақырыптары бірдей болуы тиіс;
әкімдік мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
әкімдік мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
талқыланатын мәселелер бойынша әкімдік мәжілісіне шақырылғандардың тізімін айқындауды және нақтылауды қаулы жобасын әзірлеушілер жүзеге асырады. Әкімдік мүшелерінің түгел қатысуын жалпы бөлім, шақырылғандарды әкімдік мәжілісінде қаралатын мәселелер құзыретіне енетін атқарушы органдар және аппараттың құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етеді.
14. Облыс әкімі аппаратының басшысы ай сайын бесі күніне дейін жалпы бөлім ұсынған облыс әкімдігі мәжілісінің күн тәртібін облыс әкіміне бекітуге енгізеді. Әкімдік мәжілісінің күн тәртібін облыс әкімі бекіткеннен кейін жалпы бөлім ай сайын онына дейін жалпы бөлім меңгерушісі бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға таратылуын қамтамасыз етеді.
Облыс әкімдігінің кезектен тыс мәжілісін өткізу кезінде жалпы бөлім облыс әкімі бекіткен күн тәртібін мәжіліске үш күн қалғанда жалпы бөлім меңгерушісі бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етеді.
Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда, аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Шұғыл түрде әкімдік мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер жөніндегі материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін, не үштен екі бөлігі қағидатын сақтай отырып, әкімдік мүшелеріне сауалдама жүргізу жолымен қабылданады.
15. Әкімдік мәжілісіне қатысатын лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер (қажет болған жағдайда – олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулерінің негізгі мазмұны) және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетілетін хаттама жүргізіледі. Мәжілістерде қарастырылатын мәселелерді талқылау электронды ақпарат тасымалдаушыларға жазылады.
Жалпы бөлім әкімдіктің мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы, әкімдікте мәселелерді қарау құзыретіне енетін облыс әкімінің орынбасары бұрыштама соғады және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі. Қаулыларда көрсетілген және облыс әкімдігі мәжілісінің барысында берілген тапсырмалар тікелей орындаушыларға, басқа да мүдделі органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі. Таратудың тізбесін жалпы бөлім меңгерушісі бекітеді.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары жалпы бөлімнің шешім шығару жөніндегі секторында сақталады.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
4. Әкімдік және әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі
16. Тиісті қаулы қабылдау үшін әкімдік атына жіберілетін ұсыныстар мына мәселелер бойынша атқарушы органмен енгізіледі:
1) әкімдік құзыретіне енетін;
2) жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелері қызметін үйлестіруді талап ететін;
3) мәселенің шешілуі жергілікті атқарушы органдар және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап ететін.
17. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Регламентке сәйкес әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды жүзеге асырады.
Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жобаның келісу парағында «ескертулермен» деген белгі болған жағдайда, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған келіспеушіліктер туралы қажетті түсіндірмелермен анықтама тіркеледі.
Жазбаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы құзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасарларымен кеңес шақырылуы мүмкін.
18. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкестігіне оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапкершілікке ие.
19. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
1) құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен қаралатын мәселелердің мән-жайын ескере отырып, атқарушы органдармен;
2) облыстық бюджетті қаржыландыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаны іске асыру, тауарларды, жұмысты және қызметті, коммуналдық меншікті мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша – облыстық қаржы басқармасымен:
бюджеттік жоспарлау, экономикалық мақсаттылығы және ел мен өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына және бағдарламасына сәйкестігі, қаржыландыру жобасының қамтамасыз етілу мәселелері бойынша – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен;
нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында тіркеген жағдайда жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде сәйкестігі мәселесі бойынша – тілдерді дамыту жөніндегі басқармамен.
20. Жобаны әзірлеуші жобаның барлық мүдделі атқарушы органдармен келісілуін ұйымдастырады.
Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен және тіркелген сәтінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Әкім және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.
Әкімнің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдар басшылары немесе кеңестегі (мәжілістегі) олардың орынбасарлары жобаға бұрыштама қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды тұлғалар жобаға өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобаны келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеулермен келісуден бас тартуға тиіс емес.
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілген (жоба бұрыштамасы бар);
2) жоба ескертулермен келісілген (жобадағы қоса берілуге тиіс ескертулермен бұрыштама);
3) жобаны келісуден бас тартылған (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
22. Келісудің мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші жобаның түпкілікті нұсқасына мүдделі органдардың барлық ұсыныстарын жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте түпкілікті нұсқаны дайындау үдерісінде әзірлеуші өзі келіскен, атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.
Қажет болған жағдайда, әкімнің, әкім орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, әлеуметтік экономикалық салдарын, ол қабылдаған жағдайда, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржылық шығыстар негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.
Мемлекеттік органның басшысы–жобаны әзірлеуші екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюға тиіс.
24. Жобаны әзірлеуші жобада бұрын бір мезгілде қабылданған актілерді қабылданатын актілерге сәйкес келтіру бойынша норма көздейді және нақты орындалу мерзімімен тапсырмалар тұжырымдайды.
25. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі – тексеріс) аппаратқа енгізіледі.
Аппараттың жалпы бөлімінде тіркелер алдында жобаның ісқағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жобаның ісқағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған жағдайда, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы.
Жоба тіркелгеннен кейін оның мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірегейлігі аппарат жалпы бөлімінің шешімдер шығару жөніндегі секторында тексеріледі және құрылымдық бөлімшелерде тексерістен өтеді. Жобаға тексеріс жүргізу мерзімі 3 жұмыс күннен аспауы тиіс.
Аппарат оның мәтіндерінің сәйкестігін тексеру, тексеріс жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде сәйкес еместігі;
2) оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіндігі;
3) осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.
Басқа желеулер бойынша теріс қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
26. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Оларда мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкімнің орынбасарлары қажет болған кезде нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады.
Жоба әкім орынбасарларының келісуін өткеннен кейін облыс әкімі аппараты басшысымен келісіледі.
27. Әкім әкімдік қаулыларына, әкім шешімдері мен өкімдеріне қол қояды. Ол қол қойғаннан кейін көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларына түзетулер енгізілмейді.
27-1. Әкім қол қойған облыс әкімдігінің қаулысы, әкімнің шешімі мен өкімдері оларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын жалпы бөлімге түседі.
27-2. Қол қойылған әкімдік қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне мыналардан тұратын тіркеу номерлері беріледі:
1) қаулылар мен шешімдер үшін – күнтізбелік жылдың басынан реттік номер, өкімдер үшін – сызықша арқылы «ө» әрпі көрсетіле отырып, күнтізбелік жылдың басынан реттік номер;
2) құпия немесе өте құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін – сызықша арқылы құпия үшін «қ» әрпін және өте құпия қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін «өқ» әріптерін, құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік номер қоя отырып, құпия емес қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік номер.
28. Жалпы бөлім меңгерушісі бекіткен тарату көрсекткішіне сәйкес аппараттың жалпы бөлімі әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін таратады.
Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімдіктің және әкімнің актілері тіркелгеннен кейін адресаттарға жөнелтіледі.
Әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары жалпы бөлімнің шешімдер шығару жөніндегі секторында сақталады.
Жалпы бөлім құжаттардың уақытылы шығарылуына және жөнелтілетін адресаттарға тапсырылуына жауапкершілікке ие.
29. Техникалық қателер табылған жағдайда, әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиіс.
30. Әкімдікпен және әкіммен қабылданған актілердің бақылау даналарын есептеу, жүйелеу және жүргізу, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу жалпы бөлімнің шешімдер шығару жөніндегі секторымен жүзеге асырылады.
31. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты барлық актілері әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуге және «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде міндетті жариялануына жатады.
Актілерді мемлекеттік тіркеуге таңдау аппарат басшысының келісімімен, аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімімен жүзеге асырылады.
32. Аппараттың жалпы бөлімі Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
33. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен жалпы бөлім жүзеге асырады.
5. Заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік және әкім актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі
34. Заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімдік, әкім актілерін орындауды ұйымдастыру заңнамамен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
35. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмалары және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
36. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершілік, осылар орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бірайлық мерзімі, ал «шұғыл» деген айдар болған жағдайда, он күндік мерзім белгіленеді.
Бірнеше атқарушыға берілген тапсырмаларды орындауды тапсырмада бірінші көрсетілген лауазымды тұлға үйлестіреді.
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) кідірудің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы осы тапсырманы берген лауазымды тұлғаға жазбаша хабарлауы тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
39. Аппарат әкім айқындаған тәртіппен заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті ақпараттық-талдауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
40. Аппараттың бақылау және ақпарат секторы заңнамалық актілердің, Республика Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актілерді, Республика Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
___________________________________