Мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34.
E-mail: terkom_petr@at.minfin.kz .
Тел./Факс: 46-51-08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 ж. 24 сәурдегі № 387 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің „Тобыл“ өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Қостанай аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» және «Солтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемелері қайта құру қосылуы жолымен құрылды.
Филиал құрылымы
Департамент бастығының орынбасары, филиалдың бастығы
Виктор Владимирович Бланк
Тел.: 46-51-08, 46-32-58
Азаматтарды қабылдау күні — сәрсенбі күні сағат 16-дан 18-ге дейін.
Филиалдың заңды тұлғаларымен және заңды тұлғалардың мүлкімен жұмыс жүргізу бөлімі
Тел.: 46-56-16, 46-20-38, 46-05-84, 46-09-74
Құқықтық және ұйымдастыру бөлімі
Тел.: 46-54-09, 46-76-93, 46-48-88
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Тобыл» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Тобыл» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті құзыретінің шегінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық меншік объектілерін басқару, жекешелендіру және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Филиал қызметінің мәні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында болып табылады:
- республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген негізгі құралдарды қабылдап алу-беру және істен шығару мәселелерімен келісу;
- республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беруді, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- республикалық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру;
- объектіні жекешелендіруге дайындау үрдісінде мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
- жекешелендіру үрдісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту;
- жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру туралы шешім қабылдауы үшін алдағы жекешелендіру туралы хабардар ету;
- жекешелендіру шарттары, түрі мен нысанын анықтау;
- сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің сомасы, егер кәсіпорын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру объектісі болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісім-шарттары мен шарттары туралы ақпаратты дайындайды және береді;
- мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау және жасасу;
- Филиалдың және мемлекеттік органдар өкілдерінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарына қатысуын қамтамасыз ету;
- республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілерін тізбеге енгізу үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары беретін олар жөніндегі ұсыныстарды келісуге қатысу;
- республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілері бойынша конкурстар ұйымдастыру;
- комиссия шешімінің негізінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасу;
- республикалық меншік мәселелері жөніндегі мемлекеттің мүдделерін білдіру және олардың мүліктік құқықтарын қорғау;
- экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру және жүргізуге қатысу, мониторинг субъектілері мен қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестіру;
- республикалық және мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес сенімгерлік басқарушылардың міндеттемелерін орындауы мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде сенімгерлік басқарушыларды тыңдауды жүргізу.