Блог акима
Виртуальная приемная
 
Облыс жайлы
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз ҚР ҰҚО электрондық цифрлық қолтаңбаны алдыңыз ба?
Жоқ
Әзірше қажеті жоқ
Жақындағы күндері алуға барамын
Иә, заңды тұлғаларға үшін
Иә, жеке тұлғаларға үшін

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
   
  Біз және интернет провайдерлер
Облыстың тұрғындары үшін сауалнама
 
  
Жаналықтар
   
 
дс сс ср бс жм сн жк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
 
  
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
   
  Сайт картасы  
  
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
 
Өңір тарихынан
 

Қазақстан аумағында адам 1 млн. жылдан астам уақытта пайда болды, оны табылған көне палеолит дәуірінің еңбек құралдары дәлелдейді. Ада мустьер дәуірінде қазақстандық ұсақ шоқыларының солтүстігіне дейін және жоғары палеолитте (35–40 мың жыл бұрын) қазіргі Қазақстанның солтүстік шекарасына дейінгі жерлерде қоныстанған. 1940 жылы Петерфельд с. құдық қазған кезде 18 метр тереңдікте, ағаш көмірі, тастан жасалған құралдар және өңдеудің іздері бар мамонт сүйегі табылды. Бұл олжалы заттың қай уақытқа жататынын айқындау қиын, алайда ол палеолит мұз кезеңіне жататыны даусыз.

Солтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайы, оның ландшафты, климаты, флорасы мен фаунасы плейстоцен және голоцен дәуірлері аралығында адамдардың белсенді қоныстауына қолайлы жағдай жасады. Оған тиісті гирдо жүйенің болуымен қатар, негізі өзендер — Есіл, Тобыл және Ертіс, ағындарының меридиандық бағыты ықпалын тигізді. Атап айтқанда, Есіл меридиандық бағытында Солтүстік Қазақстанның екі облысын кесіп өтіп, ерекше экологиялық гибрид құрып, дала және орманды даланың әртүрлі орфографиялық аудандарын біріктіреді. Көне халық Есіл алқабының қолайлы жағдайларын өмір сүру үшін кеңінен пайдаланды. Оны Есіл маңының тас дәуіріндегі ескерткіштердің археологиялық картасы дәлелдейді. Тас ғасырының тұрғылықты орындары мен шеберханалары көне адамдардың тұрмыс құруына, шаруашылық жүргізуіне барынша қолайлы шағын аудандарды шоғырландырылады.

Палеолит дәуірі адамдарының қоғамдық ұйымдастырылуы күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі — алғашқы қауымдық құрылыс, ол кезде адамдар бірлесіп сақтануы мен шабуыл жасауы, аң аулау мен қорық жинау үшін біріккен. Бұл әулетке дейінгі әлеуметтік құрылымдағы қоғамдық қатынастар дамымаған, мал шаруашылығы жоқ, сол уақытта ерлі-зайыптық қатынастарда реттілік пайда бола басталды.

Мезолит жаңа геологиялық кезең — голоценмен (б.д. дейін ХІІ) байланыста, адам планетаның жаңа кеңістіктерін, тас өңдеудің жаңа технологияларын игере бастады. Климат жағдайы, флора мен фаунаның өзгеруіне байланысты, аң аулау тәсілдері-де өзгерді. Жеке нысандар қажеттілігі туындайды, садақ пен жеде пайда болады. Тас өңдеудің макролитикалық дәстүрінің орынына жапсырма технологиясымен микролитикалық табақты индустрия келді.Мезолит дәуірі Қазақстанның алғашқы тарихындағы ең аз зерделенген кезеңі болып табылады. Мезолиттің бірінші ескерткіштері 1960–70 жылдары ашылды (Алпысбаев Х.А. — Оңтүстік Қазақстанда; Медоев А.Г. — Батыс Қазақстанда). Алайда, өз мазмұны және сипаты бойынша табылған кешендердің бағасы әртүрлі. Солтүстік Қазақстанда жақсы стратификацияланған ескерткіштер табылды (Виноградовка ІІ,VІІ, ХІІ; Куропаткино І; Тельман VІІ, VІІІ, а, ІХ, а, ХІV). Егер Солтүстік Қазақстанда мезолит дәуірі ескерткіштерінің бірқатар топтары табылса (Явленка, Тельман, Виноградовка мөлтек аудандары), Орталық, Батыс және Шығыс Қазақстанда табылған ескерткіштер едәуір бөлшектенген және олардың мәдени жігі сақталмаған.

Адамдардың топтасып орналасуы, мәдени жігінің қуаты мен қанығу дәрежесі қоныстанудың үш түрін айқындауға мүмкіндік береді: үйлерінің және әртүрлі құралдарының қалдықтарымен ұзақ мерзімді базалық лагерлер, қысқа мерзімді маусымдық қоныстану орындары және бір рет келетін қоныстар.

Тобыл-Ертіс өзендері аралағындағы мезолит тайпаларының шаруашылығы иелену үлгісі шегінен шыққан жоқ. Ол күрделі кешенді сипатқа ие болып, негізгі тамақ өнімдерін жеткізетін салаларға негізделді. Бұған көбінесе мезолит ескерткіштерінің ылғалдық кезеңі ауысып тұратын екі ландшафтық аймақта — дала мен орманды далада және континенталды климатта орналасуы ықпалын тигізді. Осы өңір қоныстарының фаунасы мен еңбек құралдарының қалдықтарын зерделеу нәтижесінде мезолит тұрғындарының басымды кәсібі, аң аулау екендігін көрсетеді. Олар бұғы, жабайы өгіз бен жабайы сиыр аулауға шығатын, басы тұйық шағын табақтармен жарақтандырылған жебелер, найзалар сияқты алуан түрлі жапсырма бұйымдары, аңшылардың лақтыратын қарулары болды. Балық аулау да адам үшін маңызды бола бастады.

Адамның әлеуметтік құрылымы да өзгереді. Ұжымдардағы адамдар саны азая түсті, осы кезде қауым ішіндегі адамдардың және халықтың жекелеген топтарының арасындағы қатынастарды реттейтін құқық негіздері бар үлкен отбасылық қауым қалыптасты, ұжымдар арасында, аңшылық жерлері бөлінді. Бұдан басқа, отбасылық қауым ішінде, аңшылық өнімі мен еңбек құралдарының бөлінуі және отбасылық қатынастар регламенттелген болуы тиіс болды.

Жалпы тарихи ұғымда неолит «неолитикалық революциямен» байланысты. Қазақстан аумағында және барлық Еуразиялық далалы орманында «неолитикалық революцияның" белгілері тіркелмеген. Солтүстік Қазақстан облысының неолит кезеңінде Атбасар мәдениеті орналасқан. Ол сырттан келген ықпалға қарай жергілікті мезолитикалық тайпалардың материалдық мәдениеті негізінде қалыптасты. Әсіресе көрнекі ескерткіштері — Виноградовка ІІ, Тельман І, Х, Явленка, Карлуга, Боголюбов селолары жанындағы қоныстар. Атбасар мәдениетінің барлық қоныстары Есіл және Шағлы өзендерінің маңында орналасқан.

Неолиттің аяқ кезінде халықтың шаруашылық қызметінде және тас өңдеу техникасында айтарлықтай өзгерістер пайда болды.

Біздің заманға дейін ІІІ және ІV мыңжылдық шекарасында климат жағдайының, демографиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты Алдағы Азия мен көршілес аумағының даласы мен далалы орманына өзінің өмір салты және дәстүрлері бар жаңа халық келе бастады. Мәдениеттердің араласуы нәтижесінде «Ботай мәдениеті» пайда болды, ол кезде шағын түрінен (нуклеарлық) бөлінбейтін түріне дейін дамыған отбасы қоғамның негізін құрады. Орташа арифметикалық отбасы (10 адам) көне социумның тұрмыс, өмір салтын және мәдениетін көрсетеді, олар өмірінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жылдық цикл ішінде кең байтақ аумақтарды игеруге мәжбүр болды. Бірнеше отбасы экономикалық, мәдени және іліктік қатынастармен байланысқан отбасылық экзогамдық қоғам құрды. Көп зерттеушілердің пікірінше дуалдық ұйымдасудың пайда болуы энеолитикалық дәуірдегі өндіріс шаруашылығының қалыптасу кезеңіндегі жалпы тарихи уақиғаларға қайшы келмейді. Материалдар бойынша Ботай қоныстары ғаламшарда алғашқы рет жылқы малын Солтүстік Қазақстанның орманды даласында үй малына айналдырып, үйретіп алды.

ХІХ-ХVІІІ б.з.д.ғ. қола құю өндірісінің пайда болуына, үй жанындағы мал шаруашылығының және жер шаруашылығының дамуына байланысты қоғамдық қатынастар да біртіндеп өзгерді. Оңтүстік-батыстан келген жаңа көші-қон толқыны протоқалаларымен (Оңтүстік Оралда Арқайым) және нығайтылған кенттерімен (Солтүстік Қазақстанда Петровка, Новоникольское) жаңа мәдени құрылым әкелді, онда арбалы-жауынгерлер күзететін, қола құю өндірісінің құпиясын сақтайтын адамдар тұрды. әскери арбалары бірге көмілген зираттар пайда болды, бұл белгілі бір әскери иерархия мен қоғам ішіндегі қатынастардың өзгеруін көрсетеді.

Туыстық тайпалық ұйымдасуға әскери ұйымдасу кіре бастады, болжам бойынша бұл тайпалардың Қазақстан және Оңтүстік Орал аумағына жылжу кезеңінде және жаңа аумақта өмір салтын тұрақтандыру үшін қоғамдағы басымды ұйымдасу түрі болды. Солтүстік Қазақстанда осы кезеңге жататын көп ескерткіштер табылды. Алыпқаш және Бағанаты атты андрон тайпаларының қазылған зираттары өте бай материалдарға толы болды. Новоникольское І, Петровка ІІ, Явленка І қоныстарын, Бұрлұқ, Семипалатинское, Амангелді зираттарын қазған кезде өте бай материалдар алынды.

Қола дәуір ішінде палеоклиматтық жағдайдың және халықтың «жергілікті» көші-қонының өзгеруі андрон қоғамының шаруашылық-тұрмыстық және әлеуметтік құрылымының өзгеруіне, өмір сүру аумағының кеңеюіне әкелді.

Климаттың аридизациялау жағдайында көне халықтың тұрмыс құруына қолайлы экономикалық қуыстар қысқара бастады, Новоникольское І және Қарлұға ІІ (Солтүстік Қазақстанда) сияқты ірі қоныстар пайда болды. Аумақтың кеңеюіне қарай халықтың жалпы тығыздылығы азайды, бірақ халық өмір сүруіне қолайлы белгілі бір экологиялық қуыстарда шоғырланған.

Андрон мәдени-тарихи қауымы өмір сүруінің соңғы кезеңінде Орал және Обь өзендерінің арасындағы үлкен дала және далалы орман аумағында сарғары және сарғары-алексеевка мәдениеті қалыптасты. Ақмола облысы Атбасар қаласы Жабай өзені Сарғары шатқалында табырған ескеркіштер кешені бойынша аталды. Датасы — б.д.д. ІХ-VІІғғ.

Әртүрлі үйлердің болуы және олардың арасында құрбандық кешендері бар көпбұрышты үйлердің болуы сол кезде социумдардың рухани және қоғамдық өмірінде белгілі бір өкілеттері бар абыздық басшылардың болғанының дәлелі.

Соңғы жылдары Шал, ақын ауданында Бағанаты мен Байқара зираттарының қазбаларын зерттеу тарихтың жаңа беттерін ашты. Бағанаты зираты қола дәуірінен бастап монғол кезеңіне дейінгі хронологиялық кесіндіні көрсетеді. Зиратта ертедегі темір ғасырының тайпалары — сақтар мен сарматтар пайда болған өте көне андрон өркениеті адамдарының сүйектері табылды. Байқара зираты ғылымда археологиялық ескерткіштердің жаңа түрін — храм кешенін айқындауға мүмкіндік берді.

Б.з.д.ІХ-VІІ ғасырларда Қазақстан аумағына жаңа экономикалық тұрмыс салты- көшпенді мал шаруашылығы қалыптасқан тайпалар келеді. Біржарым-екі ғасыр аралығында шаруашылықтың екі түрі бірге қолданылады, бірақ адиризация жағына өзгерген климат жағдайы табын құрамы өзгерген жылжымалы мал шаруашылығының басымды болуына, сәйкесінше көне халықтың өмір салтының өзгеруіне ықпалын тигізді. Қоғамдық қатынастар да өзгере бастайды. Қазақстан аумағында алғашқы көне түрік мемлекеттері пайда болады.

Жаңа дәуір шекарасында төменгі және орта Есіл аумағында угрофин тайпалары қоныстанды. Біртіндеп, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсерінен олар Зауралье мен Поволжьеге көшті. Б.д. бірінші ғасырларында Қазақстан аумағына ғұн тайпаларының одағы шабуыл жасады. Ғұндар келгеннен кейін жергілікті популяциялардың арасындағы азиат антропологиялық кешеннің үлесі морфологиялық өзгерістердің жалпы көлемінен ¼ бөлігін құрады. Мамандардың пікірінше лингвистикалық тұрғыдан қарағанда ғұндар прототүрік тілінің негізін қалыптастырғанымен қатар, осы өлкенің жергілікті тұрғындары арасында оны табысты енгізіп кетті.

Бұл кезеңнен кейін сақ-үсін мәдени-тарихи қауымы келді, осы уақытта қазақ халқының көне ата-бабаларының этникалық және антропологиялық негізі қалыптасты. Қазақстанның көне индоеуропалық тайпалары және олардың барлық шаруашылық-мәдени дәстүрлері бірыңғай ата-баба негізін құрып, жергілікті тайпалар одақтарының алдағы уақытта даму бағытын айқындады.

Қазақстанның барлық тарихи-мәдени даму нысандарының табиғи тұрақты негізі ретіндегі бірыңғай географиялық орта бірінші орынға шықты. Бірқатар мыңжылдықтар аралығында Қазақстан аумағында тұрақты бір бағыттағы ата-баба нысанының трансформациясы өздік антропологиялық қауымның нақты ұйытқысының қалыптасуына, сондай-ақ Қазақстан халқының этномәдени тұтастылығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Атап айтсақ түрік дәуірінде Қазақстанның кең байтақ аумағы тарихи дамуы мен географиялық орналасуына байланысты көп жылдар бойы Шығыс пен Батыс арасындағы көпір болды, ал оның жергілікті тұрғындары мың жылдар бойы Еуразияның көші-қон жолдарының нағыз ортасында өмір сүруге мәжбүр болды. Осы кезден бастап Ұлы дала аумағының кең байтақ бөлігі Түркістан деп аталды, яғни түріктер елі болды.

Түрік этномәдени кейіпті, тиісті көзқарсы мен еуропоидтік-монғолоидтік кескінді орта ғасырдағы Қазақстан халқын Қазақстан халқының алғашқы ата-бабасына тікелей жақын нысанына жатқызуға болады.

Жалпы алғанда Қазақстанның түрік уақытындағы этникалық құрылымдарының мәдени, лингвистикалық және антропологиялық сипаттарының жиынтығы Еуразияның орта ғасырдағы тарихи географиясындағы дербес этникалық құрылым — қазақ халқының тікелей қалыптасуы мен нақты құрылуына табиғи-тарихи алаңы болып табылды.

Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтың этникалық құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Ан-Нувейридің мәліметі бойынша Ертіс, Балқаш және Арал теңізінен батысқа қарай орналасқан Қазақстанның Солтүстік Батыс, Солтүстік және Орталық аумақтары Жошы ұлысына кірді.

Монғол шапқыншылығының ықпалынан қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір жерлеріне көшті. Осы жерлерге наймандар мен керейіттер-де келді. Бұл этникалық топтардың орналасу картасы өзгертті. Әр түрлі уақытта Солтүстік Қазақстан аумағына татарлар, маңғыттар, жалайырлар, барластар, баарындар және басқа да этникалық топтар көшіп келді.

Өлкеміз қазақ халқы қалыптасуының кең тарихи үрдісінің бір бөлігі болып табылады. 10–12 ғғ қазақ даласында нақты көрініс тапқан консолидациялық үдерістер монғол шапқыншылығының кері салдарын еңсеру барысында жүз жылдан кейін ғана одан әрі даму үшін ынталандырылды.

14–15 ғғ. халықтың жеке мемлекет жүйесіне, ең алдымен монғол ұлыстарына ұзақ уақыт аралығында кіруі Қазақстан аумағында үш жүз ретіндегі этникалық консолидацияның бірнеше түйіндерінің қалыптасуын айқындады. Қазақ жүздерінің әр тайпасы бірегей көшу бағыттары, жалпы этникалық аумағы арқылы бір-бірімен тікелей байланыста болды. Атап айтқанда, Орта жүз Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Солтүстік Шығыс аумағында орналасқан; оның құрамына қыпшақтар, арғындар, наймандар, Қоңыраттар, керейіттер, қарлық тайпалары және т.б. кірді. 17–19 ғғ. көздерінде тіркелген қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы, қазақ жүздеріндегі тайпалар құрамының бөлшектенуі, көне этникалық ұйытқыны толықтырған тайпалар мен әулеттердің олардың көне аумақтарына жылжуы монғол кезеңінен кейінгі Қазақстанның этникалық тарихының негізгі мазмұны болып табылады.

15–16 ғғ. екінші жартасында қазақ халқының негізгі этникалық топтарының және олардың этникалық аумақтарының мемлекеттік бірігуі консолидациялау үрдісінің аяқталуын жылдамдатты. Қазақ хандығының мықты этникалық негізі — қалыптасқан қазақ халқы болды. Монғол шапқыншылығынан кейін алғаш рет Шығыс Дешт-и-Қыпшақтың, Түркістан мен Жетісудың барлық түрік тайпалары мен әулеттері бір мемлекет астына бірікті. 15 ғ. Екінші жартысында қалыптасқан халық көршілерінің сол кезеңді сипаттаған жазбаша көздерінде «қазақтар» деп аталған. Жәнібек, Керей, Қасым, Есім, Тәуекел, Тәуке және Абылай хандарының қызметі мемлекеттің нығаюына ықпалын тигізді. Өзінің игі істерінде хандар әйгілі билерді (Төле, Әйтеке, Қазыбек), батырларды (Қарасай, Ағынтай, Баян, Олжабай, Бөгенбай, Райымбек және т.б.) тірек етті.

Қазақ жүздерінің халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты, бұл көне Еуразия даласында қалыптасқан ерекше шаруашылық-мәдени үлгі (ШМҮ) болды.

Қазақ мемлекетінің құрылуы мен дамуы қазақ этносының ұзақ даму жолындағы тұтастығын сақтауға, қазақ халқының консолидациясы үшін маңызды мағынаға ие, әсіресе 15–17 ғғ.кезеңінде.

… 18 ғасыр басын қазақтың атақты оқымыстысы, Солтүстік Қазақстанның тумасы Шоқан Уәлиханов қазақ халқы өмірінің ең сорақы кезі деп, ал 1723 жылды — Ұлы жұт жылы деп атады. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі адамдардың, малдардың өліміне, қыстаулардың қирауына, халықтың солтүстік және батыс жақтарға жаппай көшуіне әкеліп соқты. Қиын сыртқы саясат жағдайында қалған қазақ хандығының билеушілері бұдан шығу жолы Ресей мемлекетінің протекциясын мойындап, қол астарына өту деп білді.

Осы саяси қадамдардың жақын арадағы нәтижесі Ресейдің жаңа қол астындағыларын қорғау мақсатында Жоңғария мен Қазақстанның арасындағы жағдайға белсенді араласуы болды. 1742 жылдың 2 мамырында Сенат Орта жүз қазақ халқын қорғау және жоңғарлардан қорғану үшін бекіністер салу туралы іс шаралар бойынша Жарлық қабылдады. 1752 жылдың 26 наурызында «сібір жағын ең жақсы қорғау үшін» жаңа жасақтау жолағының құрылуы туралы Жарлық шықты. Омбы және Звериноголовск бекіністерін қысқа бағытта жалғастыруға тиісті Новоишимский (Горкий¬ ащы тұзды көлдер шынжыры бойымен) жолағының құрлысы басталады. Жолақтың орталық бекінісі болып 1752 жылы шілдеде іргесі қаланған Есілдің оң жағасындағы Әулие Петр бекінісі саналады.

1755 жылға қарай жолақ бойындағы негізгі жұмыстар аяқталды. Кейіннен бекініс Петропавл қаласы деген атқа ие болды.

Біздің өңірдің тарихы 18 ғасырдағы Орталық Азия мемлекеттік, ағартушыларының ең белгілілерінің бірі Абылай хан есімімен байланысты. Абылай Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек хан мұрагерлерінің үлкен тармағына жатады. 1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірге Абылай сұлтан Ресей билігін мойындады және әр уақытта Петербург, Оренбург, Омбы, Цин әулеті ресейлік биліктерімен байланыс жасап тұрды.

Абылай хан керемет дипломатиялық қабілеттілігін және мемлекеттік, ағартушы дарынын иеленген алысты болжайтын дана саясаткер ретінде белгілі. Мемлекеттік, ағартушы тактілеріне, сыртқы саясатының стратегиялық иілгіштігі және икемі арқасында қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтай білді. Оның хан ретінде үш қазақ жүзін билеген кезеңі (1771- 1781 жж.) саяси жағдайдың тұрақталуымен, Қазақстан беделінің өсуімен, Еуразия халықтарымен арасындағы экономикалық және мәдени байланысының кеңеюімен сипатталады.

Абылай ханның қонысы Бурабай көлінің маңында орналасқан; Абылайдың қалауы бойынша оның құрылысына жергілікті шаруалар қатысты. Қазақ тұрғындары көшіп келушілерден шөп шабу, жер өңдеу, балық аулау, ветеринария және т.б дағдыларды қабылдады. Әулие Петр бекінісін салар кезде Абылай өз шартын қойды — осы жерден қазақтар үшін Ресеймен сауда орталығын ашу. Абылай ханның бастамасының арқасында Петропавл жүз жылда айырбас және транзит сауданың ірі ошағына дейін өсті.

Әулие Петр бекінісінде Абылайдың хандыққа сайлануы өтті. Мұнда ханға императорлық сыйлықтар, бұлғын тоны, бас киімдер және қылыштар әкелінді. Абылай Ресей мен Қазақстанның Қытаймен арасындағы байланыстың шиеленісуінен қауіптеніп көптеген игілікті сылтаулармен өз билігін жариялау үшін Петропавл бекінісіне келуге бас тартты. Кейіннен бұл сыйлықтар ханға ешқандай іс-шарасыз өз мөлшерінде табыс етілді.

Басында әскери-қорғаныс ретінде ойластырылған Петропавл қорғаны уақыт өте келе өңірдің саяси, сауда-экономикалық және әкімшілік орталығы болып саналды. Әрі қарай мұнда өзенмен қатарласып көшелер көбейе бастады. 18 ғасыр соңында төменгі бөлігінде 172 тұрғын үйлер және 914 тұрғындар, 44 көпестік дүңгіршектер мен қонақ алаңы болды. Бекініс маңының жоғарғы бөлігінде бекіністің билеушілері қазақ сұлтандарын қабылдайтын елшілік үйі орналасқан. Қаланың жоғарғы бөлігіндегі құрылыс 19 ғасырдың 50 жылдарынан бастап қарқынды жүре бастады.

Қалалық құрылыстың өзіндік сипаты сәулет ескерткіштерінен көрінеді. Ондайларға таудағы тас ғимарат («Абылай үйі»), Подгорьедегі Қасым мешіті, Зенков, Смолин көпестерінің қоныстары және т.б, сонымен қатар 19 ғасыр аяғы 20 ғасыр басындағы, ағаш және кірпіштен жасалған құрылыстар жатады. Бұл дәуірдің тұрпаттық құрылыстары болып қазір бейнелеу өнері мұражайы орналасқан ғимарат (бұрынғы Юзефович көпестің үйі), Янгузаров көпестің үйі («Қалыңдық үйі») оған қоса орналасқан мешітпен бірге (қазіргі кездегі Жамбыл көшесі бойындағы мешіт, бұрынғы орнына салынған), Мұратов диірмені, Овсянников және А.Ганшин, ағайындыларының әмбебап дүкені (қазіргі Пушкин көшесіндегі «Қазпошта» ғимараттар кешені) және т.б саналады. Тау етегіндегі собор немесе Покровский (1954 жылдан әулие Петр мен Павелдың соборлары) қаланың батыс бөлігінен кіретін жақтың көрінісін аша түседі. Оның құрылысы 1844 жылы аяқталған болатын.

Шіркеулік ғимараттар орнына (мешіт, шіркеу) бұрынғы кезде келесі оқу орындары қызмет етті: мектептер, медреселер, шіркеулік мектептер, қыздар прогимназиясы, қыздар училищелері және т.б. 20 ғасыр басында Петропавл қаласында Орыс сауда өнеркәсіптік, Сібір сауда, Қоғамдық, Мемлекеттік банктердің, аурухана, жеке типография, Блюменталь кітап дүкені, театр, нақты училище жұмыс істеді. Әлеуметтік объектілер жергілікті көпестіктің меценаттығы мен шапағатының игілікті дәстүрлеріне байланысты құрылды.

Петропавл қаласы транзиттік сауда-айырбас операцияларының арқасында өсіп, дамыды. Әсіресе 19 ғасырдың бірінші жартысында оның қызметінің арқасында Монғолия, Қытай, Ташкент, Қоқан, Хиуамен арадағы кедендік керуен саудасы жақсара түскен Петропавл кеден айналымы өсті. Шетелде 19 және 20 ғасырларда қалада және қала маңында уақытылы базарлар мен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды: Петровский- 25 маусымнан және Андреевский- 20 қарашадан, Игнатьевский- 18 желтоқсаннан (ұзақтығы 30 күнге дейін), Тайыншакөл. Тек қана мал шаруашылығы өнімдерін саудалау үшін қонақтық және айырбастау аулалары жұмыс істеді.

Өңірде экономикалық инфрақұрылымның дамуына 1894 жылы ашылған өңірдің тауар айналымы мүмкіндіктерін барынша кеңейткен Петропавл Транссібір темір жол станциясы ықпалын тигізді. Қала жергілікті халық үшін фабрика-зауыт тауарларының стационарлы саудасының орталық нүктесі болды. Мал шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігі (соның құрамында өрік майы, былғары тері, ішек-қарын, қой майы) Мәскеуге, Петербургке, Ревельге, Қазанға, Либаваға, сондай-ақ алыс шетелдерге: Вена, Париж, Бостон, Берлин, Гамбургқа жіберілді. Тауар өнімдерінің бір бөлігі (ІҚМ былғары терісі) АҚШ- та, Түркияда сұранысқа ие болды. Әсіресе көтерме сауда мен мал саудасы гүлденді. «Абылай жолы» трассасы арқылы Бурабай ауданынан Петропавл қасапханасына барлық даладан жыл сайын миллионға жуық ірі және ұсақ мүйізді қара мал айдалып тұрды.

1894 жылы Петропавл қаласы арқылы нәтижесінде қаланы елдің батысы мен шығысын байланыстыратын маңызды транспорттық торапқа айналдырған Сібір теміржол жолағы салына бастады. Теміржол транспортының дамуы әлеуметтік үдерістің жеделдеуіне-де өз қолтаңбасын қалдырды. Қалада революция кезеңінде кілттік рөл атқарған бірінші марксистік үйірмелер құрыла бастады.

Ресейдегі 1917 жылғы Қазақ төңкерісі жағдайлары Солтүстік Қазақстандағы жағдайға өз әсерін тигізді. 1917 жылдың 8 қарашасында Петропавл Кеңесі Петропавлдық Уақытша Үкіметінің коалиция комитетін құра бастады. Уақытша революциялық Комитет құрылды. Оған қаладағы және уездегі бар билік өтеді. 1918 жылдың көктемінде өңір азаматтық қақтығыстың отына оранды. 1918 жылдың күзінде облыста партизандық қозғалыс дамиды. Солтүстік Қазақстанды босату жолындағы Қызыл әскердің тартыстық қимыл қозғалыстары азаматтық соғыс тарихына Петропавл операциясы деген атпен енді. Ол 1919 жылдың 20 тамызынан 3 қарашасына дейінгі уақытта М. Н. Тухачевскийдің басқаруымен болған еді.

Азаматтық соғыс жылдарындағы большевиктермен өткізілген «соғыстық коммунизм» саясаты шаруа көтерілістеріне, ашаршылық пен күйреуге әкеліп соғады. 1922 жылдан нарықтық қатынас енгеннен кейін облыста ауылшаруашылық өндірісінің өсуі байқалады. Шаруа қожалықтарға көмек көрсетудің әсерлі әдісі кооперацияны ендіру болып саналады. ЖЭС жылдарындағы губерниядағы кооперативтік қозғалыстың өсуі еңбек етушілердің жағдайларына әсер етті. 1925–26 жылдары сауда көлемі 68 млн. рубльді құрады, оның ішінде кооператив үлесі 33 млн. рубльді құрады. Бірінші шаруалардың бірлестіктері құрыла бастады: коммуналар, артельдер. Сонымен, Қарақоға стансасынан 3 км жерде (М.Жұмабаев ауданы) бұрынғы Қардубай жеке меншік алаңы аумағында Солтүстік Қазақстандағы бірінші «Образец» коммунасы құрылды. Бірінші құрылған совхоздардың қатарында «Кондратовский», «Приишимский», «Шаховской» жатады.

Елде орналасқан тоталитарлық жүйе Солтүстік Қазақстанда да жаппай қуғын сүргінге алып келді. 1930 жылдан ұжымдастыру былай айтқанда «көпестікті жою» басталды. Петропавл өңіріндегі 5367 шаруашылықтың 1544- і (29%) орташалар мен кедейлердікі болып шықты. өңір ауылдарында жергілікті тұрғындарды елді мекендерге көшіру саясаты белсенді жүргізілді. Күшпен жасалған ұжымдастыру, жасанды аштық өңір тұрғындарының көрші өңірлерге және қалаларға жаппай көшулеріне алып келді.

Елдегі индустрия облыстың экономикалық дамуына оң әсер етті. Іскер алдындағы бесжылдықтар үшін өңірдегі өнеркәсіп рөлінің өсуі сипатты. Тіпті бірінші бесжылдықта өңірдегі жетекші кәсіпорын консерві, былғары, қой терісі және механикалық зауыттарды реконструкциялауға мүмкіндік болды. 1930–32 жылдары Петропавлда кірпіш зауыты құрылды. Бірінші бесжылдық жылдарында облыс кәсіпорындарындағы жұмысшылардың жалпы саны 18 есе өсті. 1921 жылы Петропавл Көкшетау теміржолының құрылысы басталды, 1927 жылы бұл жолақ Бурабай курорты стансасына дейін ұзартылды, 1935 жылдың ақпанында Приишимьеде «АН» типтес жеңіл ұшақтың уақытылы пошталық жолаушылық рейстері ашылды.

Советтік мемлекеттермен өткізілген мәдени революция ұлттық интеллигенция қатынасындағы қуғын сүргіндермен, оның мұрат-мақсатына және құндылықтарына сәйкес келетін дәстүрлік мәдениет маңыздылығының таралуы және большевиктердің пролетарлық мәдениетінің енгізілуімен есте қалды. Өңірде советтік мәдениеттің шын мәніндегі негізінің бекуі басталды. 1929 жылдың 10 қазанына Петропавлдық радиобайланыстың жергілікті бағдарламаларының уақытылы транцляциясы басталды. 1920 жылы драма театры өз жұмысын қайта жандандырды. Кинотеатр жұмыс істеді.

20–30 жылдары облыста атақты, ақын, жазушылар М.Жұмабаев, И. П. Шухов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов, С.Марков, В.Иванов, Г. Тверитин, М.Дәулетбаев, Ж.Сыздықов және т.б. еңбек етті. 1937 жылы Петропавлдық мұғалімдер институты ашылды. 30 жылдары облыста техникумдар жұмыс ңстеді: ет- өнеркәсіптік, теміржол, жерге құрылысы, жоспарлық- экономикалық, ветеринарлық, құрылыстық, кооперативтік, ауылшаруашылық, ормандық және 4 педагогикалық.

30 жылдары облыс аумағында 30 аурухана құрылды. 1932 жылы Петропавлда физикалық әдіспен емдейтін Қазақ өңірлік институт ашылды. Институт жетекшілерінің бірі невропатолог, облыстағы халық денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы П. А. Нефедов боды.

30–40 жылдары Сталиндік қуғын-сүргін Солтүстік Қазақстанға да әсерін тигізді. Осы уақытта мыңдаған солтүстік қазақстандықтар қуғынға ұшырады (соның ішінде М.Жұмабаев, Ж.Тілеулин, А.Рамазанов, М.Аммосов және басқа да көрнекті тұлғалар).

Ұлы Отан соғысы басында облысқа 20 өнеркәсіптік кәсіпорын қондырғылары көшірілді. Соғыстың алғашқы күндері Петропавлда 314 атқыштар дивизиясы құрылды. Солтүстік Қазақстандықтар соғысқа 120 мың адам шығарып салды, еңбек әскеріне 55 мың, оның 45 мыңнан астамы соғыста қаза тапты. Ұлы Отан соғысы жылдарында 53 солтүстік қазақстандық Совет Одағының Батыры атағына ие болды, 11 Даңқ орденінің толық иегерлері атанды. Петропавлда әскери өндірістік кешен құрылды, ТЭЦ 1 салынды.

Бұрынғы Одақ билігі 1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игеру есебінен соғыстан кейінгі ауыл шаруашылықтарын қайта қалпына келтіру қиындықтарын жою туралы шешім қабылдады. Тың игерушілердің І отряды Солтүстік Қазақстан облысына 1954 жылдың 1 наурызында Алматы қаласынан келді, екінші эшелон Мәскеуден. Тың игеру жылдары 19 жаңа совхоз ұйымдастырылды.

50–60 жылдары өңірде машина жасау және халық тұтынатын тауар өнімдерін өндіруде айтарлықтай қозғалыстар болды. Әлемдік өнімді шығару 10 есеге өсті: 1955 жылмен салыстырғанда кондитерлік өнімдер 90 пайызға, мал майы 64 пайызға, сабын 4 есе, былғары аяқ киімдер 23 пайызға. 1959 жылы газ шаруашылығының тресті құрылды. Облыс орталығы және ауылдық жерлердегі пәтерлерді газдандыру басталды.

Тұрғын үй құрылысының біршама өсуіне қарамастан, Петропавлда әр азаматқа бары 3,2 шаршы метр жер алаңы келді.

«Тың игеру» шығындарын қайтара бастады. 1957 жылға қарай жаңа совхздар оларды ұйымдастыруға шығындарды жауып, 26 млн. рубль табыс әкелді. Облыс Қазақстандағы ірі астық өндірушілер қатарына қосылды.

70–80 жылдары өнеркәсіптік өндірісте, транспортта, құрылыс салаларында өсу байқалды. Облыста 92 өнеркәсіптік кәсіпорын есепке алынды, оның ішінде 14 одақтың және 38 республиканың қарамағында. Машинажасау өнімі басты болып есептелді. Оның үлес салмағы облыстағы жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 46 пайызын құрады. Екінші орын тамақ өнеркәсіп саласына 34,8 тиесілі. Басқалары жеңіл өнеркәсіп, энергетика және т.б.салаларға тиесілі.

Облыс тұрғындары 100 шақты ұлт өкілдерінен құралды. Бірінші қоныстанушылар: орыс шаруалары, Солтүстік Қазақстанда қазақтар 18 ғасыр 50 жылдарының екінші жартысында Горький жолағының жандануынан кейін пайда болды. Приишимьеге Тобыл губерниясы шаруаларының оңтүстік өңірлерінде орналасқан ұрпақтары көшірілді. Ең бірінші көшіп келген ауылдар қатарына Соколовка, Вагулино, Красный Яр жатады.

19 ғасырдың екінші жартысында реформа жүргізілгеннен кейін Ресейдің орталық аудандарынан, Украинаның солтүстік губерниясынан шаруаларды көшіру үдерісі жаңа қарқынға ие болды. әсіресе Қазақстанға көшудің кең ауқымы ХХ ғасыр басындағы столыпин аграрлық реформа жылдарында байқалды. Хандық билік орыс, украин және белорусь шаруаларының көшуін, оларға құрылысқа несие мен жеңілдіктер беру арқылы қалпына келтіріп, қолдап отырды. Солтүстік Қазақстанға татарлардың қоныс аударуы ХІІІ- ХVI ғасырлардағы жалпы тарихи жағдайлармен байланысты. 17 ғасырда Қазақ даласына ислам дінін тарату үшін ортаазия билеушілері татар моллаларын жіберді. Петропавлдың құрылысы мен жергілікті сауданың дамуы Солтүстік Қазақстанға татарлардың (қазандық, түмендік, қасымдық) көпестері мен шаруаларының көшіп келуіне әкеліп соқты. Татарлардың қоныстануы қазіргі Мамлют, Қызылжар, М.Жұмабаев аудандары шекарасында көрініс тапты. Көп таралған татар диаспорасы Петропавл қаласынан орын тепті.

Қазіргі неміс ата бабалары Солтүстік Қазақстанда 18 ғасырда, ақ пайда болды. 1908 жылы Петропавлдан алыс емес жерде Петерфельд деген бірінші неміс елді мекені құрылды. 1941 жылы КСРО-на гитлерлік Германияның шабуылынан кейін Поволожье неміс автономия республикасында тұрған немістер Қазақстанға, соның ішінде Солтүстік Қазақстанға күштеп көшірілді.

Солтүстік Қазақстан аумағында поляктар Горький жолағы құрылысының бірінші онжылдығында сілтемелер есебінде пайда болды. Поляктардың қалған көшулері ұжымдастыру мен жаппай қоныс аударуға байланысты. Дәл сол Батыс Украинадан қоныс аударылғандан поляктардан халық депортациясы үдерісі басталған еді. 1936 жылы Қазақстанға кәсіби көшіп қонушылардың үлкен партиясы олар Украинаның Житомирский мен Хмельницк облыстарының поляктары, ал 1940 жыл көктемінде Польшадан поляктар жіберілді.

Қазақстандағы депортацияға қазіргі кезде өңірдің көпұлтты халқын құрайтын корейлер, қырым татарлары, гректер, шешендер, ингуштер, балкарлар, басқа да халықтар ілекті.

Одақ халықтары өкілдерінің көшіп қонуының келесі бөлімі ХХ ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысында тың игеруге байланысты.

Қазіргі кезде облыстың көпұлтты құрамы сақталған. Мемлекеттің ұлтты саясаты облыстық Қазақстан Халық Ассамблеясы және халықтың ұлттық мәдени орталықтары сияқты ұйымдар аясында іске асырылды. Қалада, ауылда және селоларда сенушілерге арналған шіркеулер, мешіттер, костелдар, соборлар бар. Солтүстік қазақстандықтардың ерекше белгілері: олардың терең келісімдері, бірліктері, рухани жақындықтары. Халықтың жоғары патриоттығы Ұлы Отан соғысы жылдары айқын көрінді. Бұл игілікті сезім солтүстік қазақстанда қазіргі уақытта да жетекшілік етеді. Жергілікті халық қоғамдық өмірде экономикалық және қоғамдық саптың нарықтық қатынастарға өтуін, жеке меншік институттың қайта өрлеуін, шаруашылықтың жайғастырылуын, демократиялық негіздің бар шамамен дамуын шын ниетімен қабылдады.

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey