Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Бiз сiздердi Солтүстiк Қазақстан облысының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.
Егемендi Қазақстан бүгiнгi таңда әлемге өзiне тән ұлтаралық бiрлiкпен, әлеуметтiк әдiлеттiлiкпен, барлық халықтың экономикалық әл-ауқатымен гүлденген және тұрақты мемлекет ретiнде белгiлi.
«Қазақстан-2030» Стратегиясын қабылдау елiмiзде нарықтық экономика қалыптастыруды, демократиялық құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құруды, оның iшкi тұрақтылығын алдын ала анықтады, соның арқасында Қазақстан халықаралық қауымдастықтың толық құқықты және жауапты мүшесi ретiнде бекiдi.
Бiз өзiмiздiң облыста елiмiзде жасалған қолайлы мүмкiндiктердi барынша пайдалануға тырыстық және бүгiнде бiздiң өңiрiмiздiң маңызды әлеуетi талап етiлген және тиiмдi iске қосылған. Бiз аграрлық кешенде, өнеркәсiпте, капиталды құрылыста, көлiкте, шағын және орта бизнес пен басқа салаларды дамытуда қомақты нәтижелерге қол жеткiздiк. Экономиканың жетекшi салаларының қарқынды дамуы бiзге денсаулық сақтауды, бiлiмдi және мәдениеттi дамыту жөнiндегi iрi әлеуметтiк бағдарламаларды табысты жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми сайты сiздерге бiздiң өңiрiмiз туралы жедел, объективтi және нақты ақпараттарға кедергiсiз кiрудi қамтамасыз етедi, жаңа достар мен iскер әрiптестердi табуға көмек бередi деп сенемiз.
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!