Мекенжайы: Петропавл қ., Егемен Қазақстан 1 к-сі .
Заңдық мекенжайы, реквизиттері: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі
СТН 480100223917 ЖСК 000120200
БЖК 195301070 «ҚР ҚМ СҚО бойынша Қазыналық департаменті» ММ-сіне, Петропавл қ.
e-mail :
Тел.: 46-57-99, 50-02-69
Азаматтардың өтініш беру үшін e-mail: sko_chs@mail.ru
Сенім телефондарының нөмерлері:
46-21-27 жұмыс уақытында
52-24-54 жұмыс уақытында
46-49-65 тәулік бойы
Басшылық
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Сәттібаев Әлейтжан Қалиғұмарұлы 1968 жылы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында туған. 1990 жылы Мәскеу Жоғары командалық жол және инженерлік әскерлер училищесінің инженерлік жабдықталған машиналарды пайдалану бойынша инженері мамандығын тамамдаған; 2005 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, әскери және әкімшілік басқару бөлімін аяқтаған, Ресей Федерациясының халықаралық көлік академиясының нақты мүшесі, Ресей Федерациясы халықаралық көлік академиясының академигі.
1986 жылдан Қарулы Күштер қатарында.
2008 жылдың қыркүйек айынан Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы лауазымында қызмет істейді.
2003 жылы қараша айынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратында қызмет атқарды: 2003-2005 жылдары- Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және шұғыл ден қою департаментінің директоры, 2005 жылғы қаңтардан - Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде 1990 жылдың қыркүйек айынан 2003 жылдың қараша айына дейін взвод командирінен полк командирі дәрежесіне дейін қызмет өткерген.
Наградалары: Азаматтық қорғаныстың Халықаралық медалімен, ІІІ, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалдарымен, «Қазақстан Қарулы Күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалдары, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агентігіне еңбегі сіңген қызметері», «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін» І дәрежелі кеуде белгілері.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Өртке қарсы қызмет полковнигі Оразғали Серғалиұлы Молдабаев , 1958ж. 26.02. туған, казақ, білімі жоғары, 2006 жылы Көкшетау техникалық училищесін тамамдаған.
Өртке қарсы қызмет органында 1981 жылдан.
2008 жылғы қыркүйек айынан Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Өзінің еңбек жолын әскери өрт бөлімі бөлімшесінің командирінен бастаған. Алматы өрт техникалық училищесін тамамдағаннан соң 1988 жылдан 1997 жылға дейін Петропавл қаласындағы түрлі өрт бөлімдерінде қарауыл бастығы қызметін атқарған.
1997 жылдан 2004 жылдар аралығында Петропавл қаласының кәсіпорындарды қорғау жөніндегі өрт бөлімдері бастығының орынбасары лауазымы қызметін атқарған.
2005 жылдан 2008 жыл аралығында Департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Бірнеше рет қатарынан өзі қаланың ірі кәсіпорындарындағы, орман алабындағы өртті оқшаулауға қатысып, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ету және орындау кезінде қол астындағы бөлімшелердеі білікті басшы ретінде көрсете білген.
Наградалары: «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін» ІІІ дәрежелі кеуде белгісі, «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі меделдар, «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі.
Отбасы жағдайы. Үйленген, екі баласы бар.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Құрман-Ғазы Кәрібайұлы Сүйіндіков 1966ж. 12.01. туған, қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тамамдаған.
2008 жылғы қыркүйек айынан Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2006 жылдың қыркүйек айынан Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайларға және өнеркәсіп қауіпсіздігіне мемелкеттік бақылау басқармасында Басқарма бастығының орынбасары лауазымы қызметін атқарды. 2005 жылғы қаңтар 2006 жылғы қыркүйекке дейін өнеркәсіп қауіпсіздігін және АҚ іс шараларының орындалуын қадағалау бөлімінің бастығы. Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары. 2001-2005 жылдар аралығында- Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы лауазымында.
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тамамдаған артынан Петропавл қаласындағы силикатты қабырға материалдары зауытында инженер-маркшейдор болып істеген; маман, бас маман, Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы жер қойнауын қорғау инспекциясының бастығы қызметін атқарған.
Наградалары: «Қазақстанның Мемтаукентехқадағалау 80 жыл» Мерейтойлық белгісімен, «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін» ІІІ дәрежелі кеуде белгісімен марапатталған.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар.