Өкімет
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Мекен-жай: Петропавл қ., Абай көшесі 64;

Тел.: 46-56-48;

Факс: 46-90-73;

Сенім телефоны: 46-44-42;

Web-сайт: dkzsp.sko.kz

E-mail: , zsp@sko.kz

Азаматтарды қабылдау күндері

 

Лауазымы 

Т.А.Ә. 

Қабылдау күндері 

Басқарма бастығы

Сақыпкереев

Асқар Жоламанұлы

сәрсенбі 9-00-дан

13-00-ке дейін

Басқарма бастығының орынбасары

Тасшығұлов

Жанахмет Балғабайұлы

жұма 9-00-дан 13-00-ке дейін

Басқарма бастығының орынбасары

Яковенко

Сергей Иванович

сейсенбі 9-00-дан

13-00-ке дейін

Басқарма бастығының орынбасары

Құдайбергенова

 Ғалия Бейсенқызы

бейсенбі 9-00-дан

13-00-ке дейін

 

Басқарманың құрылымы

Басшылық

 

Басқарма бастығы – Сақыпкереев Асқар Жоламанұлы (қабылдау - 46-56-48)

қабылдау күні мен уақыты: сәрсенбі 9-00-дан 13-00-ке дейін

 

Басқарма бастығының орынбасары – Тасшығұлов Жанахмет Балғабайұлы (31-20-86)

қабылдау күні мен уақыты: жұма 9-00-дан 13-00-ке дейін

 

Басқарма бастығының орынбасары – Яковенко Сергей Иванович (46-02-21)

қабылдау күні мен уақыты: сейсенбі 9-00-дан 13-00-ке дейін

 

Басқарма бастығының орынбасары – Құдайбергенова Ғалия Бейсенқызы

қабылдау күні мен уақыты: бейсенбі 9-00-дан 13-00-ке дейін

 

Халықты жұмыспен қамту бөлімі

бөлім бастығы - Токарева Татьяна Анатольевна (46-77-59)

 

Әлеуметтік-еңбек қатынастары бөлімі

бөлім бастығы — Мамыкин Евгений Владимирович (46-22-05)

 

Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлім

бөлім бастығы — Зеленская Надежда Николаевна (46-29-01)

 

Әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру бөлімі

бөлім бастығы — Баймұқанова Сәуле Әшенқызы (46-46-97)

 

Әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

бөлім бастығы — Маркова Марина Андреевна (46-73-51)

 

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

бөлім бастығы — Таранов Владимир Викторович (46-37-43)

 

Ақпараттық-талдау бөлімі

бөлім бастығы — Әмрина Батима Қайыргелдіқызы (46-73-39)

 

Бюджеттік бағдарламларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі

бөлім бастығы — Савченко Татьяна Юрьевна (46-71-43)

 

Заң және кадрлар жұмысы бөлімі

бөлім бастығы — Копнина Светлана Валентиновна (46-44-42)

 

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

бөлім бастығы — Керейбаева Қалида Балташқызы (36-43-52)

 

Ішкі бақылау қызметі

бас маман-ревизор - Бондаренко Оксана Петровна (46-72-39)

 

Негізгі міндеттері мен функциялары

 

«Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» (одан әрі мәтін бойынша-басқарма) мемлекеттік мекемесі облыс бюджетінен қаржыландырылатын және жергілікті мемлекеттік басқарудың Солтүстік Қазақстан облысы аумағында еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы функцияларды жүзеге асыруға облыс әкімдігімен өкілдік берілген атқарушы орган болып табылады.

 

Халықты жұмыспен қамту саласында:

  • еңбек рыногының мониторингі;
  • кадрлар даярлаудағы және оларды жұмысқа орналастырудағы қажеттілікті мүдделі органдармен бірлесіп анықтау;
  • шетелдік жұмыс күшін өңір аумағына тарту мақсаттылығы туралы қорытындылар дайындау;
  • шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар қызметін бақылауды іске асыратын органдармен қолданылып жүрген заңнаманның орындалуы және жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ашу, жұмысқа тартылған шетелдік мамандарды біртіндеп ауыстыру үшін қазақстандық азаматтарды кәсіби оқыту жөніндегі шарттарды орындау мәселелері жөнінде байланысты әрекет жасау;
  • уәкілетті органдармен әдістемелік және ұйымдастырушылық басқару;
  • халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
  • халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіру;
  • халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мен реттеу және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
  • облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды үйлестіру саласындағы жобасын әзірлеу және келісу;
  • жұмыспен қамтудың еңбек делдалдығымен айналысатын жеке агенттіктерімен, жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселері жөніндегі жұмыс берушілерімен байланысты әрекет жасау;
  • өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жұмыспен қамту қызметіне арызданған кәсіби құрам мен жұмыссыздардың бос жұмыс орындарына сәйкестігіне талдау жүргізу, айырмашылық себептерін айқындау және еңбек рыногын реттеу жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұратын халықтың нысаналы тобын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шараларды қамтамасыз ету;
  • қоғамдық ақылы жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, квоталанған жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі қызметті қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйлестіру;
  • еңбек рыногының қажеттілігін және оның даму перспективаларын, инвестициялық саясатты, мемлекеттік тапсырысты, жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып білім жүйесін кадрлар даярлауға бағдарлау;
  • азаматтарды жұмысқа орналастыру кезеңін қысқартуға бағытталған жұмыстың озық жаңа нысандары мен әдістерін енгізу, жұмыссыздар мен жұмыс берушілерге қызмет көрсетуге арналған іс-шаралардың сапасын арттыру және тізбесін кеңейту;
  • бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтерге ұсыныстар әзірлеу, жұмыс іздеп жүрген азаматтармен және жұмыссыздармен байланысты әрекет жасауды жақсарту жөнінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу;
  • жұмыссыздарды кәсіби оқыту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • еңбек рыногының бірегей ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау, халықты және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін еңбек рыногындағы жағдай жайлы ақпараттандыру.

Қосымша мәліметтер:

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жұмыссыздық жөніндегі есепке қою үшін мынадай құжаттар қажет:

жеке куәлік; еңбек қызметін растайтын құжат; әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлік (ӘЖК); салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН).

Жоғарыда аталған құжаттардан басқа табысы туралы мәліметтер қоса беріледі (өтініш беру сипатында).

Шел елдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ықтиярхат және ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісі бар құжат ұсынады.

Оралмандар аумақтық көші-қон органдары берген оралман куәлігін ұсынады.

 

Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру саласында:

  • өңірлік мүгедектерді оңалту бағдарламаларын әзірлеу, ұсыну;
  • мүгедек балаларға, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қызмет көрсету қызметін үйлестіру;
  • ардагерлердің, мүгедектердің, зейнеткерлердің әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жазбаша және ауызша арыздарымен жұмыс;
  • халықтың әлеуметтік жұтаң жіктерінің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтерді алу құқықтарын жүзеге асыру;
  • соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • әлеуметтік көмек көрсету үшін кемтар балаларды, жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерді анықтау және есепке алу;
  • мүгедек балалары бар отбасыларына, жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және азаматтардың басқа әлеуметтік жұтаң санаттарын әлеуметтік қорғау саласын бақылауды жүзеге асыру және осы саладағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;
  • соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерін, мүгедектерді пансионаттарға және санаторийлерге жіберу;
  • ардагерлердің, мүгедектердің, зейнеткерлердің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жазбаша және ауызша арыздарымен жұмыс;
  • денсаулық сақтау, білім беру органдарымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және кемтар балаларды медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелері жөнінде өзара әрекет жасау;
  • мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық құралдармен, сурдо-тифло-техникалық заттармен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерге жеке көмекші және ымдау тілі мамандарының көмегін көрсету жөніндегі, сондай-ақ мүгедектер мен ардагерлерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін облыстың мүгедектеріне, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне жолдама беру;
  • облыстың мүгедектеріне, ҰОС ардагерлер і мен мүгедектеріне есту протездеу қызметін көрсетуді ұйымдастыру ;
  • мүгедектер жөніндегі дерекқорды қалыптастыру;
  • мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет жасау ы ;
  • мемлекеттік медициналық әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдама беру;
  • мемлекеттік медициналық әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсету қызметін үйлестіру;
  • халықтың әлеуметтік жұтаң топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы үйлестіру функцияларын жүзеге асыру.

Қосымша мәліметтер:

арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық құралдармен, сурдотифлотехникалық құралдармен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге мұқтаж мүгедектер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттар:

1.     өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2.     мүгедек балалар үшін баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3.     мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

4.     Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы қоса тіркеліп, өтініш береді.

Санаторий-курорттық емделуді қамтамасыз ету үшін жоғарыда аталған құжаттардан басқа, қосымша мыналар:

  • денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшірмесі;
  • тұрғындарды есепке алу кітабының көшірмесі ұсынылады.

Сурдо-тифло құралдармен қамтамасыз ету үшін зейнеткер кәуілігінің көшірмесі қосымша ұсынылады.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар емдеу мекемесінің анықтамасы негізінде протездік-ортопедиялық құралдармен және сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

 

Әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек көрсету саласында:

  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының жергілікті жерлерде орындалуы жұмысын ұйымдастыру және халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге және халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне бағытталған бағдарламалардың жобасын әзірлеуге қатысу;
  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және нормативтік құқықтық актілердің мемлекет белгілеген кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілген топтарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бөлігі талаптарының жергілікті жерлерде орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру және оны бақылауды қамтамасыз ету;
  • «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Републикасы Заңының және нормативтік құқытық актілердің табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бөлігінің іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың әлжуаз топтарын дербес есепке алу, сондай-ақ оларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жүйесін жетілдіру;
  • тұрғын үй көмегін, мүгедек балаларды тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларға әлеуметтік көмек төлеуге, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерді әлеуметтік қолдауға көзделген бюджеттік қаражаттың нысаналы бағытталуы мониторингі қамтамасыз ету;
  • Семей ядролық сынақ полигоныындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік өтемақы тағайындау және оны төлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің «Солтүстік Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін кіші кредиттеу» қоғамдық қоры арқылы азырақ қамтамасыз етілген азаматтарға өңірдегі жұмыссыз халықты жұмыспен қамтуды арттыруға және кедейлік деңгейін төмендетуге ықпал ететін несиелерді беру жөніндегі қызметін үйлестіру;
  • Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің аз қамтамасыз етілген азаматтарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану арқылы олардың санын азайту жөніндегі жұмысын үйлестіру, облыс халқының аз қамтамасыз етілген мейлінше мұқтаж топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету, осы мақсаттарға көзделген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану.

Қосымша мәліметтер:

18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындату үшін өтініш беруші нысанын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш; баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі; отбасының құрамы туралы мәлімет, отбасының мүшелерінің табысы туралы мәлімет беруі қажет.

Адам атаулы әлеуметттік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік жеке кодының нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1.     отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2.     өтініші берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;

3.     жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

2. Өтініші беруші тұрғылықты жері бойынша қажетті құжаттарды қалада-қалалық (қаладағы аудандық), аудандық уәкілетті органға, селолық жерде –кент, ауыл, село) әкіміне табыс етеді.

 

Еңбекақы төлеуді нормалау саласында:

  • меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекақы төлеуді нормалау жағдайына талдау жасау;
  • көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) заңнамада белгілеген тәртіппен бағаны (тарифтердің, жиналымдар ставкасы) мемлекеттік реттеу енгізілген кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек нормасын, жалақы төлеу жүйесін қарау және келісу, қызметкерлердің сандық құрамы бойынша есептердің, жалақы төлеу жөніндегі материалдар жасаудың дұрыстығын тексеру және сараптау;
  • табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау органдарымен байланысты іс-әрекет жасау;
  • меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдармен еңбекті нормалау мәселелері жөнінде түсініктемелік жұмыс жүргізу және оларға консультативтік көмек көрсету.

 Ішкі бақылау саласында:

  •  басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
  •  бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеру және талдау.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey