|
|
|
|
Облыс әкімінің өмірбаяны |
|
БІЛӘЛОВ СЕРІК СҰЛТАНҒАЗЫҰЛЫ
1958 жылы 5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сарытомар ауылында туған. Үйленген, екі баласы және қызы бар.
Целиноград ауылшаруашылық институтын (1983 ж.), Алматы экономика және статистика институтын (1998 ж.) бітірген, зооинженер, экономист.
Еңбек жолын 1974 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Возвышен ауданы Жас гвардияшылар ат. кеңшарда ветсанитар болып бастаған, кейін Бескөл ауданының «Андреев» кеңшарында бөлімше зоотехнигі болып қызметін жалғастырды. Целиноград ауылшаруашылық институтын аяқтағаннан кейін 1983 жылы, Солтүстік Қазақстан облысының кеңшарларында бас зоотехник, Совет ауданының «Арал ағаш» кеңшарында директоры болып қызметтер атқарды. 1992 жылдан «Бескөл құс фабрикасы» АТОҚ бас зоотехнигі, кейін президенті болып қызмет атқарды. 1999 жылдан Солтүстік қазақстан облысының Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев), Есіл, Қызылжар аудандарында әкім болып өсу-өрлеу жолынан өтті. 2007 ж. наурызынан қазанына дейін – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007 жылғы қазан айыннан – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
«Кұрмет» орденімен (2001ж.), «Астана» медалімен (1998ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой (2001ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалдерімен (2006ж.), II дәрежелі «Барыс» орденімен (2009 ж.) марапатталған. |
|