Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин к-сі,1
Басшысы Попова Галина Владимировна
Байланыс телефоны: +7 71543 2-20-81
Электрондық мекенжайы:
Есіл ауданының Явленка тарихи-өлкетану мұражайы 1972 жылы
19 желтоқсанда жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы ретінде 17 жыл бойы бірінші қоғамдық директоры мен қордың басты сақтаушысы өлкетанушы М. П. Ключеровпен негізі қаланған еді.
1983 жылы Қазақ КСР мәдениет министрлігімен мұражайға халықтық атағы беріліп, ал 1990 жылдан мемлекеттік мәртебеге ие болды.
Көлемі 210 ш.м. тұратын 7 экспозициялық залдары бар. Мұражай жәдігерлері ғасырлардағы аудан тарихы, оның аса маңызды тарихи оқиғалары мен аудан өмірінде жарық із қалдырған тұлғалар туралы әңгімелейді.
Мұражайда экскурсиялар жүргізіледі, дарынды қызығушылық тудыратын адамдармен кездесулер, басқа да іс-шаралар өткізіледі.
Өлке тарихын зерделеу, ауылдардың құрылуы, біздің бабаларымыздың мәдениеті мен дәстүрін зерделеу бағыттарында ғылыми-зерттеулік жұмыстар іске асырылады.
Мұражайда Кеңес Одағының батыры Т. С. Позолотин, Г. З. Закиров, соғысқа қатысушы И. А. Ошмарина, С. Т. Белопухова және тағы басқалардың Ұлы Отан соғысы қайраткерлерінің жиынтығы саны жағынан ең үлкен бөлігін құрайды.
Мұражай «Жерлестер» аудандық клубы, аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесе жауынгерлік отансүйгіштікке баулу жұмыстарын жүргізеді.
«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында жылу жүйесі мен мұражайды жарықтандыру жөндеу жұмыстары жүргізілді, мұражайдың құрал жабдықтары жаңартылуда.