Сыртқы экономикалық қызмет
Экономикалық және шекаралық ынтымақтастық
Облыстың сыртқы тауар айналымы 2010 жылы қантар-мамырдағы транзиттік жеткізілімдерді есептемегенде 2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,3 пайызға қысқарып 232,5 млн. АҚШ долларын құрады бұл ретте, экспорт 20,3% ұлғайып, 57,0 млн. АҚШ долларды, импорт – на 22,7% қысқарып 175,5 млн. АҚШ долларды құрады.
2010 жылғы қаңтар-маусым айларына кеден статистикасының мәліметтері бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (транзиттік жеткізілімдерді есептегенде) 2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,1 пайызға ұлғайды және 449,9 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 166,2 млн. АҚШ долларымен (5,9 пайызға ұлғайды), импорт– 283,7 млн. АҚШ долларымен (1,5 пайызға қысқарды).
Экспорт бойынша негізгі серіктестері: Иран (барлық экспорт көлемінің 15,4 пайызы), Мысыр (13,3 пайыз), Ауғанстан (12,7 пайыз), Ресей (9,2 пайыз), Тәжікстан (7,7 пайыз), Әзібайжан (7,3 пайыз), Өзбекістан (6,5 пайыз), Турция (6,5 пайыз).
Экспорттық жеткізулерде мына тауарлық топтардың азық-түліктері ең үлкен үлесті орынға ие болады: «дәнді-дақылдан жасалған нан» (экспорттың барлық көлемінен 58,6 пайыз немесе 97,3 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (29,9 пайыз немесе 49,6 млн. АҚШ доллары).
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Ресей Федерациясы жетекші болып табылады (импорттың барлық көлемінен 85,0 пайыз), Беларусь (3,3 пайыз), Украина (2,3 пайыз), Эквадор (1,2 пайыз), Германия (1,2 пайыз), Қытай (0,8 пайыз), Турция (0,7%), Мысыр (0,5 пайыз).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынға келесі өнім топтары ие болады: «минералды отын және мұнай өнімі» (импорттың жалпы көлемінен 33,0 пайыз немесе 93,5 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (17,6 пайыз немесе 49,9 млн. АҚШ доллары), «жабдықтар, құралдар және аппараттар» (12,4 пайыз немесе 35,3 млн. АҚШ доллары), «химия өнеркәсібінің өнімі» (11,4 пайыз немесе 32,3 млн. АҚШ доллары), «машиналар, көлік құралдары» (6,3 пайыз 18,0 млн. АҚШ доллары).
Географиялық орналасуына байланысты көп жылдар бойы Ресей Федерациясы облыстың негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады, бұл ретте Омбы, Түмен және Қорған шекаралас облыстарымен ынтымақтастығы экономиканың әртүрлі салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде іске асырылады.
2010 жылы қантар-мамыр ішінде облыстың Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы (транзиттік жеткізілімдерді есепке алмағанда)– 153,1млн. АҚШ долларды (13 пайызға қысқарумен) құрады, соның ішінде экспорт – 7,5 млн АҚШ доллары (31,6 пайызға ұлғаюмен), импорт – 145,6 млн АҚШ доллары (14,5 пайызға қысқарумен).
Кеден статистикасының мәліметтері бойынша 2010 жылғы қаңтар-маусым айларындағы облыстың Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы (транзиттік жеткізілімдерді есептегенде) – 256,4 млн. АҚШ долларын (17,7 пайызға ұлғаюмен) құрады, соның ішінде экспорт – 15,3млн АҚШ доллары (47,1 пайызға ұлғаюмен), импорт – 241,1 млн АҚШ доллары (16,2 пайызға ұлғаюмен).
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық.
2010 жылдың 8-12 ақпанында Мәскеу қаласында «ПРОДЭКСПО 2010» өндірісі үшін тамақ өнімдерінің, сусындардың және шикізаттардың 17-ші халықаралық көрмесі өтті. Солтүстік Қазақстан облысынан «Асхат-Агро» барды, ол сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша мамандырылған.
«ПЗТМ» АҚ «Нефтемаш» БРҒЗИ-мен бірлесіп, мұнай-химия жабдықтарының өлшемдерін есептеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
«С.М.Киров ат. зауыт» АҚ Бүкілресейлік автоматтандыру және байланыс ғылыми-зерттеу институтымен микропроцессорлық блоктау жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін (АБТЦМ) және кешендік локомотивтік қауіпсіздік қондырғыларын (КЛУБ) әзірлеу мен жеткізу бойынша, сондай-ақ осы жабдықтарды шығару кезінде ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.
«ЗИКСТО» АҚ «Промтехэксперт» ЖШҚ-мен (Мәскеу қ.) бірлесіп, жүк вагондарының пайдалану мерзімін ұлғайту мақсатында оларды техникалық диагностикалау жұмысын жалғастыруда.
2010 жылы «Қазмұнайгазмаш» АҚ «АК «Корвет» ААҚ-мен (Қорған қ.) мұнай мен газ тасымалдау үшін ұңғыма ауызының жабдықтарын және құбыр арматурасын бірлесе өндіру және жинақтау бұйымдарын жеткізу бойынша, «Сенсор» предприятие» ЖШҚ-мен (Қорған қ.) қысымы төмен тиек арматурасын жеткізу бойынша, «Нефтемаш» ААҚ-мен (Түмен қ.) мұнай мен газ тасымалдау үшін құбыр арматурасын жеткізу бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.
Ғылыми-технологиялық және білім салаларындағы ынтымақтастық.
Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С.Біләловтің қатысуымен кәсіптік білімнің агроқұрылымдар, өнеркәсіп және бизнес өкілдерімен өзара қатынас жасау мәселесі бойынша кеңес өтті, оған Ресей Федерациясының «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ өкілдері қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы Т.Әбілмәжінов және Қазақстан Республикасындағы «Комбайновый завод Ростсельмаш» ААҚ өңірлік даму директоры Д.С.Сургучев арасында екі жақты шарт жасасылды.
Сәуір айының басында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Современная Бизнес-Академия НОВА» ЖШҚ (Новосибирск қ.) өкілдері болып қайтты. Ресейлік әріптестер сапарының мақсаты – MANCOSA және Regent Business School (ЮАР) жоғары оқыту орындарымен халықаралық білімдік бағдарламаларды іске асыру аясында университетке ынтымақтастықты ұсыну болды.
Германия Федеративтік Республикасының елшісі Райнер Шлегет пен экономика және баспасөз мәселесі жөніндегі атташа елшілігі Ян-Дитер Госинкомның ресми іссапарымен біздің облысқа келуіне байланысты 2010 жылғы 17 маусымда облыс әкімі Серік Біләловпен кездесу болды. Ынтымақтастық бағытында – Петропавлда неміс орталығын ашу, Германияда кәсіптік жастарды оқыту, біздің медицина кадрлары біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ, туыстас деңгейде Петропавл мен Германияның бір қаласы арасында тығыз қарым-қатынасты орнату белгіленді.
Дене шынықтыру және спорт салаларындағы ынтымақтастық.
Өңірлік және шекаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясы қалаларының спортшыларымен бірлескен спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтіп тұрады.
2010 жылдың қаңтар айында Ишим қаласында бокс бойынша ашық біріншілік өтті, оған солтүстікқазақстандық боксшылар қатысты.
2010 жылдың 20 қаңтарында Челябинск қаласында өтетін конькимен жүгіру бойынша Қазақстан Чемпионатына орай оқыту-жаттығу жиындары өтті.
28 қаңтардан бастап 1 ақпанға дейін Екатеринбург қаласында грек-рим күресі бойынша халықаралық турнир өтті, оған солтүстікқазақстандық спортшылар қатысты.
Омбы қаласында өткен жеткіншектер арасындағы баскетбол бойынша өткен халықаралық турнирде Солтүстік Қазақстан облысының командасы 6 орынға ие болды.
2010 жылғы мамырдың 6-9 аралығында Солтүстік Қазахстандық Виктор Сайко ресейлік Киров қаласында гір спорт бойынша төрт бірдей еліміздің беделін қорғады. 13 медаль ұтып алды, одан 9-ы алтын, 4-і-күміс, сондай-ақ жеті рекорд қойды, соның ішінде – екеуі әлемдік, және тағы екеуі ресейлік.