Облыстың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу желісінен тұрады, олар:
- 34 аурухана
- 166 амбулаториялық-емханалық ұйым, оның ішінде:
- 4 дербес емхана
- 4 БМСК орталығы
- 155 дәрігерлік амбулатория
- 489 медициналық пункт
Мемлекеттік медициналық ұйымдардың төсек-орын қоры – 5433 төсек-орын.
Төсек-орынмен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 000 тұрғынға шаққанда 85,5 -тен 84,2 -ға дейін 1,5%-ға төмендеді (ҚР 2009ж. –76,6).
Соңғы үш жылда дәрігер кадрларының тапшылығы 393-тен 333 дәрігерге дейін азаюына қарамастан, денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамыту дың аймақтық бағдарламасын іске асырудың ең басты проблемасы дәрігер кадрлардың тапшылығы болып отыр.
2009 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша халыққа медициналық көмекті:
- 1466 дәрігер ( 2009ж. – 1446)
- 5319 орта медицина қызметкері (2009ж. – 5194).
Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 000 тұрғынға шаққанда 22,3-тен 22,8 ге дейін (ҚР 2008ж. – 30,8), орта медицина қызметкерлерімен – 79,9-дан 82,6-ға дейін артты (ҚР 2008ж. – 72,8).
2009 жылы облысқа медициналық академиялардың 63 түлегі келді, оның ішінде облыстың аудандарына 18 маман. Жас мамандарға 200 мың теңге көлемінде көтермеақы бөлінді, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
2010 жылдың наурыз айында медицина қызметкерлері үшін Петропавл қаласында 80 пәтерлік жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі. Облыстың әрбір ауданында дәрігерлерге тұрғын үй беріледі, тұрмыстық және басқа да жағдайлар жасалады. Біздің облысқа қызмет етуге келгілері келген дәрігерлерді денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөліміне хабарласуды сұраймыз.
Қаржыландыру
мың.теңге
|
|
2007 жыл |
2008жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
|
Денсаулық сақтау бюджетінің мөлшері, барлығы |
11 941 096 |
12 484 389 |
16852359 |
18743020 |
|
оның ішінде: |
|
республикалық бюджет |
2 918 348 |
2 285 399 |
4455843 |
5528189 |
|
жергілікті бюджет |
9 022 748 |
10 198 990 |
12396516 |
13214831 |
Облыстың денсаулық сақтау бюджеті 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көбейді және 18,7 млрд.теңгені құрады.
2007 жылдан бастап бір тұрғынға арналған шығын 18 013 теңгеден 28 913 теңгеге дейін 1,61 есеге артты.
Денсаулық сақтау ісінің бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу және іске асыру
Үкіметтің қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ісінің бірыңғай ұлттық жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында стационарлық және стационар алмастырғыш көмек көрсететін 31 медициналық, оның ішінде 26 мемлекеттік, 2 мемлекеттік мекеме және 3 жеке меншік ұйым медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі комитет арқылы қаржыланатын болады.
Тапсырылатын шығындар Денсаулық сақтау министрлігімен келісілді және 2010 жылы 6,13 млрд.теңгені құрады.
Одан басқа 16 млн. 907 мың теңге облыстың ауруханалары жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуіне қарастырылған.
Дәрігер мен медицина ұйымын еркін таңдау принципін енгізу Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құжаттарымен реттеледі. Стационарлық көмек алудың шарттары ауруханаға жатқызуға көрсетілімдердің болуы, бекітілген жеріндегі емханадан жолдама, тексерулердің қажетті көлемі және ауруханада бос орын болуы қажет.
Медициналық ақпараттық-талдау орталығы жанында ауруханаға жатқызу бюросы құрылды, оның міндеттері мен қызметтері жұқпалы, туберкулез және психиатриялық аурулардан басқа ТМККК аясында білікті мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік стационарлық көмек көрсету мақсатында ауруханаға жоспарлы жатқызу тіркелім құру, ауруханаға жоспарлы жатқызуға мониторинг жасау және процестің ашықтығын қамтамасыз ету, ҚР аумағында жоспарлы науқастарды ауруханаға жатқызу процесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, күн сайын өңір және елдегі стационарлардағы бос төсек-орындар туралы мәліметтер жинау, ауруханаға жатуға жолдайтын денсаулық сақтау ұйымдарының стационарларында бос төсек-орындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, сала бойынша бос орындар жоқ болған жағдайларда ауруханаға жоспарлы жату үшін тосу парақтарын құрастыру арқылы науқастарды жоспарлы ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру болып табылады.
Денсаулық сақтау басқармасы медицина кадрлары арасында Денсаулық сақтау ісінің бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу туралы түсіндіру жұмысын өткізді.
Облыс пен қаланың барлық емдеу-алдын алу ұйымдарында
34 ақпараттық-насихаттау тобы құрылды және де жұмыс істеп жатыр.
Аудандардағы топтар БАҚ арқылы халыққа Денсаулық сақтау ісінің бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу, азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағында дәрігер мен емхананы еркін таңдау құқығы, ауруханаға жатқызу және стационарлық емделу ережелері туралы түсіндіру жұмысын өткізіп жатыр.
Пациенттер ең көп келетін медициналық ұйымдарда ДСБҰЖ мәселелері жөнінде көрнекі ақпарат орнатылды.
Облыстық телеарналарда денсаулық сақтау басқармасының бастығы, басқарма бастығының орынбасары, МАТО директоры қатысуымен ДСБҰЖ енгізу мәселелері жөнінде тікелей эфирлер өткізілді, облыстық баспасөз құралдарында облыс тұрғындары үшін ДСБҰЖ енгізу туралы түсіндірулер жарияланған.
Солтүстік Қазақстан облысы үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызудың шекті көлемін 17% азайтты (2009 жылы 127941-ден 2010 жылы жоспарланған 105733 жағдайға дейін, олардың 13429 жағдайы жұқпалы, туберкулез және психиатриялық бейінді науқастарға жоспарланған). Ауруханаға жатқызу жоспары 3 есе азаюымен бірқатар стационар алмастырғыш көмектің (күндізгі стационар) жоспарлы көлемі 12544-тен 41307-ге дейін артылды. Осыған байланысты медициналық көмектің қол жетімдігі жақсарады.
2010 жылдың 1 қаңтары 7 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастырылды: Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасы, Тайынша, Қызылжар, Есіл, Айыртау, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, М.Жұмабаев атындағы аудандардың орталық аудандық ауруханалары. Бұл қайта ұйымдастыру облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының кадрлармен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халыққа стационарлық көмекті ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы және қайта жаңарту
мың.теңге
|
|
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
|
Республикалық бюджет |
634 700 |
736 988 |
438 107 |
2677695 |
|
Жергілікті бюджет |
407 800 |
48 808 |
185400 |
111981 |
|
Барлығы |
1 042 500 |
785 796 |
623507 |
2789676 |
|
өткен жылға қарағанда өсім % |
|
-24% |
-21% |
347% |
Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына 2009 жылы 2789,7 млн. теңге жіберілді, бұл 2006 жылғы деңгейден 2,6 есе төмен.
15 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді:
2006 жылы :
- Жамбыл ауданының Благовещенка селосындағы бұрынғы орталық аудандық аурухананың ғимаратын мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесіне қайта жаңарту аяқталды,
- келесі ғимараттар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді:
- Сәбилер үйінің сауықтыру блогі,
- Ақжар ауданының Ленинград селосында туберкулезге қарсы диспансердің шаруашылық кешені,
- М.Жұмабаев ауданының Булаев қаласында 90 қабылдауға арналған емханасы бар 50 төсек-орынға арналған туберкулезге қарсы диспансердің жаңа корпусы,
- Уәлиханов аудандық ауруханасының балалар консультациясына арналған қосымша құрылысы,
- 4 фельдшерлік пункт.
2007 жылы:
Уәлиханов ауданының Кішкенекөл селосында орталық аудандық аурухананың кір жуу орны
Петропавл қаласында 3 қалалық аурухана аумағында патологоанатомиялық бөлімше ғимаратына қосымша құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
2008 жылы құрылыстары басталды:
Петропавл қаласында облыстық қан орталығы
Ауысымына 500 қабылдауға арналған қалалық емхана
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим селосында ауысымына 90 қабылдауға арналған емханасы бар 100 төсек-орынға арналған ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер
Жамбыл ауданының Пресновка селосында ауысымына 90 қабылдауға арналған емханасы бар 100 төсек-орынға арналған ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер
2009 жылы:
Келесі нысандарда құрылыс аяқталды:
- Петропавл қаласында облыстық қан орталығы;
- Аққайың ауданының Ленинское селосында, М.Жұмабаев ауданының Полтавка және Жамбыл ауданының Триоцкое селоларында 3 дәрігерлік амбулатория.
Келесі нысанадрда құрылыс жалғасып жатыр:
- Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишим селосында ауысымына 90 қабылдауға арналған ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
- Жамбыл ауданының Пресновка селосында ауысымына 90 қабылдауға арналған ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
- Петропавл қаласында 500 қабылдауға арналған қалалық емхана.
Материалдық-техникалық базаны нығайту
мың.теңге
|
|
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
|
411 «Активтер сатып алу», оның ішінде |
1 090 441 |
1 569 564 |
1 559 994 |
495756 |
|
республикалық бюджет |
896 212 |
1 285 837 |
1 405 572 |
290844 |
|
жергілікті бюджет |
194 229 |
283 727 |
154 422 |
204912 |
|
431 «Күрделі жөндеу» |
416 108 |
493 600 |
433 400 |
956800 |
|
Барлығы |
1 506 549 |
2 063 164 |
1 993 394 |
1452556 |
|
өткен жылға қарағанда өсім % |
|
137% |
-3% |
-27% |
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2009 жылы 1452,6 млн.теңге жіберілді:
- жергілікті бюджет қаражаты есебіне төмен 956,8 млн.теңге сомасына
36 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жасалды;
- 495,8 млн.теңге сомасына медицина ұйымдары үшін негізгі қаржы (активтер) сатып алынды.
Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау өңірлік бағдармалары
Облыста келесi нысаналы өңiрлiк бағдарламалар әзiрлендi және іске асырылып жатыр:
«Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау және дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы»
Мақсаты мен мiндеттерi:
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi басым дамыту (әрi қарай БМСК) және стационарлық көмектi жетiлдiру, медициналық қызметтердiң сапасын және қолжетiмдiлiгiн арттыру арқылы облыс халқының денсаулығын жақсарту.
2008-2009 жылдары бағдарламаны iске асыруға жұмсалған жалпы шығын 55450,3млн. теңгенi құрады.
«Солтүстiк Қазақстан облысында туберкулезбен күрестi күшейтудiң 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы»
Мақсаты мен мiндеттерi:
2008 жылдың аяғына қарай туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру, 2010 жылға қарай аурушаңдықты, өлiм-жiтiмдi, жұқпалы аурудың жайылуын төмендету.
2008-2009 жылдары бағдарламаны iске асыруға жұмсалған жалпы шығын 1878,4 млн. теңгенi құрады.
«Солтүстiк Қазақстан облысында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2007-2010 жылдарға арналған бағдарлама»
Мақсаты мен мiндеттерi:
АҚТҚ-жұқпасын бас сатыға ауысуына жол бермей, оның таралуын шоғырланған сатыда тұрақтандыру және алдын алу бағдарламасын және АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындарды вирусқа қарсы емдеудiң халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау бағдарламаларын өмiрге енгiзу арқылы ЖҚТБ өлiм-жiтiмдi азайту; АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға арналған әлеуметтiк жобаларды iске асыру, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингтi, бағалауды, жоспарлауды және болжауды жетiлдiру.
Бағдарламаны iске асыруға жұмсалатын жалпы шығын 52,7 млн. теңгенi құрайды.
Халықаралық ынтымақтастық
Ресей Федерациясының Омбы, Қорған, Түмен шекаралас облыстарымен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы – шекаралас Ресей облыстарымен ынтымақтастық аясында балаларға кардиохирургиялық операция жасалатын Қазақстандағы жалғыз облыс.
Алты жылдық ынтымақтастық кезеңінде жылына 2003 жылғы 34-тен 2009 жылы 71-ге дейін операция саны артты. Осы кезеңде облысымызда Түмен облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер-кардиологтары жүрегінің ақауы бар 428 балаға операция жасады. Тегін жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек алу облыстың ең шалғай аудандарының балалары үшін мүмкін болды.
Солтүстік Қазақстан облысының балалар хирургтарының кәсіби дағдыларын жетілдіруде жаңа қадам жасалды. “Бала жүрегі” Солтүстік Қазақстанның дәрігер-педиатрларын Түмен облыстық клиникалық ауруханасының кардиохирургтарымен біріктірді, балаларды бірлесіп емдеу тәжірибесі екі емдеу мекемесінің материалдық базасын және қаражатты пайдаланудың жақсы тиімділігін көрсетті. Жұмыс Түмен қаласының облыстық клиникалық ауруханасының балалар кардиохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, профессор К.В.Горбатиковтың тікелей қатысуымен жүргізіледі.
Жүрек ақауын операциямен емдеуге жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат мөлшері 2003 жылғы 7,4 млн.теңгеден 2008 жылы 27,9 млн.теңгеге дейін өсті.
2009 жылдың 13 маусымы мен 2 шілдесі аралығында ғылыми-практикалық көмек көрсету мақсатында клесі құрамда Каунасс медицина университетінің Кардиология институтының бір топ дәрігерлері жұмыс істеді:
- Бенетис Римантас – медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиологиялық институт директоры;
- Ширвинскас Эдмундас - медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиоанестезиологиялық-реаниматологиялық бөлімше меңгерушісі;
- Киндурис Сарунас - медицина ғылымдарының докторы, профессор, қосымша қан айналдыру қызметінің меңгерушісі.
Халыққа кардиохирургиялық көмек дамыту бағдарламасы аясында 2007-2009 жылдары жақын және алыс шетелдерде келесі мамандар оқытылды.
2007 жылы:
- Израилде 2 дәрігер-кадиолог 2 айлық қайта даярлау курсынан өтті: Әлжанова А.Б., Степанов В.В.;
2008 жылы:
- Литва, Каунас қаласында 2 дәрігер-кардиохиурург 9 айлық қайта даярлаудан өтті - Шумаков И.В., интервенционист Құдратулаев Т.М., және 6 айлық қайта даярлаудан анестезиолог-реаниматолог Донов А.А., перфузиолог Долгова Е.Н. өтті.
2009 жылы:
- Қазан қаласында Жоғары медициналық технологиялар білім беру орталығы. 2009 жылдың 28 тамызызнан 12 қыркүйегіне дейін интервенциалдық кардиология бойынша қайта даярлау курсынан дәрігер рентген-хирург ҚұдратулаевТ.М. өтті.
- Литва, Каунас қаласы, 2009 жылдың 31 тамызы –1 желтоқсаны аралығында кардиохирургия және интервенциалдық кардиология дәрігер рентген-хирург Те Д.В. өтті.
- Литва, Каунас қаласы, кардиохирургия бойынша 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытта дәрігер-кардиохирург Ким В.Г. оқудан өтті.
№2 қалалық аурухана базасында Кардиологиялық орталық ашылды және жұмыс істеп жатыр. 20 төсек-орынға арналған кардиохирургиялық бөлімше де ашылды. 484,9 млн.теңге сомасына құрал-жабдықтар алынды және монтажы жасалды. Палаталар қайта құрылып, жөндеу жасалды. «AXION Aztis dFC» кардиологиялық опциялы ангиографиялық жүйе орнатылды.
ҚР-да кардиологиялық және кардихирургиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында Астана қалысының Ғлымыи Ұлттық медицина орталығы мен Каунасс қаласының жүрек орталығымен ынтымақтастық нәтижесінде ашық жүрекке 51 операция жасалды: аортокоронарлық тұйықтау – 42, протездеу және жүрек қақпашасының пластикасы – 4.