қоғам
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Мәдениет

Облыстағы мұражайлар

  1. Тарихи-өлкетану мұражайы — директор Паламарчук Ирина Михайловна
    тел.: 46-20-97
  2. Бейнелеу өнер мұражайы — директор Воробьева Валентина Петровна
    тел.: 33-56-46
  3. «Қарасай-Ағынтай» Мемориалдық кешенi — директор Омаров Самиддин Ниятоллаұлы
    тел.: +7 71533 2-15-52
  4. Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы — директор Құлбаев Уәлихан Қайроллаұлы
    тел.: +7 71533 2-02-54
  5. Явленка тарихи-өлкетану мұражайы, директор Попова Галина Владимировна
    тел.: +7 71543 2-20-81
  6. И. Шухов атындағы әдебиет-мемориалдық мұражай-үйi, директор Шледовец Нина Васильевна
    тел.: +7 71544 2-11-94
  7. С. Мұқановтың мұражай-үйi, директор Каирова Гүлнар Құттықбайқызы, Сәбит а. Жамбыл ауданы
  8. Ғ. Мүсiрепов атындағы мұражай-үйi, директор Мақмұтов Доспол Әшiмұлы, Ғабит а. Жамбыл ауданы
  9. Шал ақын ауданының мұражайы — директор Қосмағанбетов Жасұлан Қарбиұлы
    тел.: +7 71534 2-02-70
  10. Абылай ханның Резиденциясы — директор Сыздықова Гүлнар Андарбекқызы
    тел.: 49-29-37
  11. М. Жұмабаевтық мұражайы — директор Жүнiсова Айгүл Теңдiкқызы
    тел.: +7 71531 2-34-04

Мәдени қызмет көрсету кәсiпорындар

  1. «Облыстық халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығы» МКҚК — директор Мұқанов Жанболат Темiрболатұлы
    тел.: 49-27-95
  2. «Киновидеопрокат» МКҚК — директор Семенцов Владимир Николаевич
    тел.: 378442

Театралдық кәсiпорындар

  1. Облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театры — директор Лошакова Людмила Николаевна
    тел.: 46-61-35
  2. Облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры — директор Қасымов Қуандық Ишанғалиұлы
    тел.: 41-25-32
  3. Облыстық қуыршақ театры — директор Орлов Сергей Юрьевич
    тел.: 46-89-13
  4. Облыстық филармония — директор Ақмағамбетова Ботагөз Жағыпаровна
    тел.: 46-01-08

Облыстық кiтапханалар

Облыстық С. Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кiтапханасы — директор Әбiлмәжiнова Бейбiтгүл Мағжанқызы — 463110

Облыстық Ғ. Мүсiрепов атындағы балалар мен жасөспiрiмдер кiтапханасы — директор Қасымова Раиса Орынбасарқызы — 463096

Солтүстік Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының 2009 жылдық талдау мәліметтері

Қазіргі уақытта облыста меншік нысанындағы мәдениет мекемелер саны -586, соның ішінде мемлекеттік -454, жеке меншікте-132 нысан. Олар 3 театр, филармония, 11 мұражай, 245 барлық меншік нысандағы клубтар (125 мемлекеттік), оның ішінде ОХШО. 319 барлық меншік нысандағы кітапханалар (308 мемлекеттік), кинобейнеқондырғы, 6 киноқондырғы ( 5 мемлекеттік ).

Ашылып мемлекеттік жүйеге ауыстырылған мәдениет мекемелер саны-14, оның ішінде 10 клуб, 4 кітапхана.

Клубтар;

Есеп кезеңіндеТайынша ауданында 2 клуб, Уәлихан ауданында 3 клуб, Жамбыл ауданында 1 клуб,Есіл ауданында 1 клуб мемлекеттік жүйеге ауыстырылды.

2 клуб ашылды, олар Тайынша ауданында Талап СК, Ғ.Мүсірепов ауданында Чистополе СМҮ.

Ғ.Мүсірепов ауданында Нежинский СК мемлекеттік жүйеден жеке меншікке ауыстырылды.

Кітапханалар;

Уәлиханов ауданында 2 кітапхана ашылды Қаратерек, Аққұдық ауылдарында. Тайынша ауданында Яснаяполяна ауылында, Жамбыл ауданында Жамбыл ауылында кітапханалар ашылды.

Жабылды;

5 ауданда 13 клуб, 4 ауданда 4 кітапханалар жабылды.

Мәдениет басқармасының мәдениет мекемелеріне өткізген тексерістен кейін және аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің берген құжаттарына байланысты 1997-1998 жылдары сатылған жекеменшіктегі мәдениет мекемелері жабылды.

2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен даму» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы негізінде «Жол картасы» бойынша мәдениет мекемелеріне күрделі жөндеулер жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 40 мәдениет мекемесіне 240 млн.тенге қаражат бөлінді. Жол картасы негізінде 461 жұмыс орны құрылды.

Кітапхана қоры 3730673 данасын құрайды, мемлекеттік тілде 673993 дана (барлық қордың 18%). Ағымды кезеңде 45 955.6 мың.тенге сомасына 94 938 дана құжат түсті, мемлекеттік тілде 55 905 дана.

Облыс кітапханаларында компьтер техникасының саны көбеюде. Қазір жүйеде 170 компьютер бар, 82 аудан кітапханаларында орналасқан, 87- Петропавл қаласының кітапханаларында. Интернет жүйесіне 24 кітапханада 68 компьютер қосылған, оның ішінде Петропавл қаласында 3 кітапхана, 21 кітапхана аудандарда.

Кітапханалар дәстүрлі жұмыстарына қоса, элетронды ақпараттық ресурстары батыл құрылып, қолданысқа енуде.Мәдени шараларын өткізуде қолданылатын жаңа технологиялар олардың ашық, қызғылықты және хабарлы өтуіне қолайлы. Ол үшін әртүрлі тұсаукесер слайдалары, бейнесуреттер, электронды суреттер, выставкалар дайындалады.

Мемлекеттік жүйедегі кітапханалармен 2009 жылы 10503 мәдени шаралары өткізіліп, 254 688 адам қамтылды. 2008 ж осы кезңмен салыстырғанда (мәдени шара +2), (қамтылғандар саны +71) көбейді.

2009 жылдың 24-25 қыркүйегі Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстандық ОӘҒК «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған... » республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ғылыми-практикалық конференция Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасының Кітапханашылар ассоциациясымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен, Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасымен, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстандық ОӘҒК ұйымдастырылды.

Конференцияға ұлттық, республикалық, облыстық әмбебап, Солтүстік Қазақстан облыстық, орталық, аудандық және қалалық кітапханалар өкілдері, қаланың шығармашылық зиялылары, оқушылар және студенттер қатысты..

Конференцияның екінші бөлімі С.Мұқанов атындағы ОӘҒК 75-жылдығына арналды. «ОӘҒК өлке мен ел тарихында» дөңгелек үстеліне кітапхана ардагерлері, қала мен облыстың зиялы қауымының өкілдері шақырылды.

Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының 2 кезеңінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында өткен «2009 жылдың үздік аудандық кітапханасы» облыстық байқау-конкурсының қортындысы шығарылды.

Грамоталар мен ақшалай сыйлықтарды берілді. Жеңімпаздар:

 Гран-При — М.Жұмабаев ауданының орталық аудандық кітапханасы;

1 место — Жамбыл ауданының орталық аудандық кітапханасы;

2 место — Есіл және Шал ақын аудандарының орталық аудандық кітапханалары;

3 место — Айыртау ауданының және Тайынша ауданының ортарылық аудандық кітапханалары;

Ынталандыру сыйлығы — Тимирязев аудандық кітапханасы

Облыс театрлары есеп аралығында 581 спектакль, оның ішінде 9 жаңа қойылым көрсетіп, 89 мың көрермен қамтыды. Көрсетілген қойылымдардан 21123,0 мың.тенге ақша түсті.

Театрлардың күрделі жөндеулеріне бюджеттен 16006,8 м.т. бөлінсе, материалдық техникалық базасын нығайтуына -695 м.т қаражат жұмсалды.

Облыстық филармония 145 концерт өткізді, оның ішінде 33 гастролдік, 45 713 көрермен қамтыды, концерттерден 19803,0 теңге ақша түсті.

Облыс мұражайлары 3842 экскурсия, 123 көрме, 457 лекция өткізіліп, 159 340 адам қамтылды. Ақылы қызметтен 6823,8 теңге ақша түсті. Мұражайлардың күрделі жөндеулеріне бюджеттен 28 523,0 м.т. материалдық техникалық базасын нығайтуына -1673,0 м.т

Кинобейнеқондырғы кәсіпорны 1031 киносеансын көрсетіп, 21 490 көрерменді қамтыды, ақылы қызметтен 2000,0 теңге ақша түсті.

Клуб мекемелерінде 22772 мәдени шаралары өткізіліп, 2302882 адам қамтылды.

«Ең үздік ауылдық мәдениет мекемесі» атағына өткізілетін облыстық байқауы 2009 жылдың 27 мамырдан бастап 22 маусым аралығында өтті. Байқаудың өткізілуіне 2.500.000 теңге ақшалай қаражат бөлінді.

Аудандар «Ең үздік ауылдық мәдениет мекемесі» номинациясы бойынша концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Аудандар ең жоғары деңгейде дайындығын көрсетті, ауылдық мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, ауылдықтардың бос уақытын өткізуді ұйымдастырудың әр түрлі нысанды енгізілген.

Әділ қазылар алқасы келесі сый орындарды беруді шешті.

Бас жүлде — Шал ақын ауданы

І орын — Жамбыл ауданы

І орын — Тайынша ауданы

ІІ орын — Айыртау ауданы

ІІІ орын — Мамлют ауданы

ІІІ орын — Уәлихан ауданы

«Көп жанрлығы үшін» номинациясы бойынша — Қызылжар ауданы

«Ұлттық дәстүрлерді дамытқаны және насихаттағы үшін» номинациясы бойынша — Тимирязев ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан.

Облыстық халық шығармашылық орталығы 2009 ж 163 мәдени шараларын өткізіп, 92124 көрермен қамтыды, ақылы қызметтен түскен қаражат 13 244,8 м.т.

Ағымды кезеңде 17 облыстық шаралары өткізіліп, оған бюджеттен 7149,0 мың.тенге бөлінді. Олар:

  • «Солтүстік -2009» облыстық спорттық-көркем мерекесінің салтанатты ашылуы /Ғ.Мүсірепов ауданы
  • «Наурыз айтыс» облыстық ақындар айтысы мен термешілер байқауы
  • Y облыстық Ұлттық жастардың Дельфийлік ойындары
  • «Мамыр жұлдыздары» атты әскери – патриоттық, майдандық және әскери әндерінің облыстық байқауы және тағы басқалары.
  • V Облыстық Ұлттық жастардың Дельфийлік ойындары
  • Славян жазуы және мәдениетіне арналған «Славян базары» хор музыкасы және әндерінің облыстық фестивалі
  • Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күніне арналған
  • «Бақытым –тілім менің» атты облыстық фестиваль
  • Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектердің шығармашылығының «Мейірімділік пен түсінушілікке жол ашық» атты Облыстық фестиваль
  • «Жігіт сұлтаны» облыстық байқау
  • «Праздник круглый год» атты мәдени-қызмет көрсету мекемесінің қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің облыстық байқауы

Фестивальдар мен байқауларда Петропавл қаласының және облысымыздың барлық аудандарынан жеке әншілер мен ұжымдар белсенді қатысты

Солтүстік Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдары және жеке орындаушылары Санкт-Петербург, Астана, Қарағанды, Қорған қалаларда өткен Халықаралық және Республикалық байқаулар мен фестивалдеріне қатысты. Оған бюджеттен 3 855 000 тенге қаражат бөлінді.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы бірінші Президетінің мұражайында көрме

2009 жылдың 20 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы бірінші Президетінің мұражайында «Казахстан, устремленный в будущее» регионалдық жоба негізінде Солтүстік Қазақстан облысы мұражай қорынан «На перекрестках истории» атты көрме ұйымдастырылды

Шығармашылық ұжымдар

2009 жылдың желтоқсан айында облыстың «халықтық», «үлгілі» атақтары бар 26 шығармашылық ұжымдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министірлігінің эсперттерінің сынынан өтіп, атақтарын қорғап қалды және атаққа ұсынылған вокалдық, би топтарының 6 ұжымы жұмыстарын қорғап, аттаққа ие болды. Облыста 32 «халықтық», «үлгілі» ұжымдары жұмыс істейді.

Жас мамандарды қолдау

 Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Айыртау аудандарына жұмысқа барған 10 жас мамандар көтерме ақыларын алды .

 2009 жылы салынған жаңа Байтерек ауылында үлкен үйдің кілтіне Кызылжар ауданының мәдениет үйінің директоры С.Өтепбергенов ие болды. Жамбыл ауданының мәдениет үйінің әдіскері және Уәлиханов ауданының мәдениет үйінің директоры да осындай пәтерлерге ие болды.

Міндеттер;

  • Мәдениет ошақтарының материальдық-техникалық базасын нығайту.
  • Облыстық фестивалдар мен байқауларды ұйымдастыру және өткізу.
  • Маңызды жергілікті іс-шаралар, мемлекеттік ұлттық мерекелерді ұйымдастыру және дайындау.
Қосымша
қосымша
Облыстағы мұражайлар
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey