Жедел деректер бойынша 2010 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек тауар айналымының көлемі 11 280,7 млн. теңгені құрады және өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,2%-ға артты.
Сауда ұйымдарының барлық сату арналары бойынша бөлшек тауар айналымының үлесі 64,0%-ды (7223,0 млн. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың тауар айналымының көлемі өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 7,1%-ға кеміді.
2010 жылғы қаңтар-наурызда сомасы 3431,2 млн. теңгенің — азық-түлік тауарлары (бөлшек тауар айналымы көлемінің 30,4%), 7849,5 млн. теңгенің азық-түлік емес тауарлары (69,9%) сатылды.
2010 жылғы қаңтар-наурызда көтерме тауар айналымы 38537,6 млн. теңгені құрады.
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бөлшек және көтерме саудадағы тауар қорының көлемі 7671,6 млн. теңгеге жетті, оның 78,0%-ы (5987,2 млн. теңгесі) — көтерме саудада. Бөлшек тораптағы және көтерме сауда қоймаларындағы тауар қорымен қамтамасыз етілу-деңгейі сауданың сәйкес 39 күні және 73 күнін құрады.
Облыста осы заманғы сауда-технологиялық жабдықтармен жабдықталған, сауданың осы заманғы нысандары және әдістерін қолданумен сатып алушыларға көрсетілетін қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, мамандандырылған сияқты әмбебап бағыттағы да ірі сауда кешендері торабын дамытуға мүмкіндік беретін дамыған сауда инфрақұрылымын құру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары облыста бірнеше ірі сауда үйлері мен орталықтары пайдалануға берілді («Рахмет» сауда орталығы, «Нан плюс 5» супермаркеті), базарлар жаңартылды («Тайга» бөлшек базары), «Түркістан» мен «Семиречье» мейрамханалары — ірі қоғамдық тамақтану объектілері ашылды.
Әдетте, ашылып жатқан сауда объектілері тауардың стеллаждық орналасуын және бөлшек және шағын көтерме қызмет көрсету мүмкіндігін қолданумен супермаркет типі бойынша жұмыс істейді.
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 4472 сауда кәсіпорны, 791 қоғамдық тамақтану кәсіпорны, 35 сауда базары жұмыс істейді. Әр елді мекенде тұтынушының өз қажеттілігі мен сатып алушылық қабілетіне сәйкес күнделікті сұраныс тауарларының барлық жиынтығын сатып алуға мүмкіндігі бар.
Облыс нарығына бірінші қажеттілік тауарларын (қазіргі кезде облыстың тұтынушылық нарығының негізгі көтерме жеткізушілері кесіндісінде тұз, қант, өсімдік майы, күріш сияқты тұғырлар бойынша) жеткізу мониторингі жүргізіледі. Облыс аудандары және қалаларында азық-түлік өнімдерінің қоры апта сайынғы негізде талданады (10 атау бойынша).
Ішкі нарықты қол жетімді бағамен отандық өндірістік қант және өсімдік майымен тұрақты қанықтыру үшін облыс әкімдігі, көтерме және бөлшек саудада сатушылар арасында үш тарапты меморандум жасалды.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге нақты көмек көрсету мақсатында облыстың азық-түлік сауда базарларында өз өнімін сатуды ұйымдастыру үшін тікелей тауар өндірушілерге сауда орындары бөлінген.
Тауар өндіруші өкілдерінен сауда торабына тауардың тура жеткізілімін ұйымдастыру тәжірибесі жүргізіледі, бұл тауар өндірушіден тұтынушыға дейін өнім жеткізілгенде делдалдар санын қысқартады.
Бәсеке ортасын құру, азық-түлік және тұтынушылық тауарларға баға кеміту мақсатында Петропавл қ. «Қызыл Жар — Ақбастау» коммуналдық бөлшек базары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Южный» мен «Достық» — екі көтерме жеміс-көкөніс базары және „Шапағат“ көтерме-бөлшек базары жұмыс істейді. Сондай-ақ қалада 8 „Шапағат“ павильоны жұмыс істейді, оларда ауылшаруашылық және жеміс-көкөніс өнімдері орташа нарықтықтан 10–15%-ға төмен бағамен сатылады.
Көтерме базарларда тікелей тауар өндірушілерге орын беру ұсынылатын көкөніс өнімінің көтерме құнын азайтуға әкеледі, бұл өз кезегінде қала және облыстың басқа жеке базарларында да бөлшек бағаға жағымды ықпал етеді. Көтерме базарлар арқылы облысқа түсіп жатқан барлық өнімнің 90%-дан астамы сатылады. Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурызында осында 5,6 мың тоннадан астам картоп, көкөніс, жеміс сатылды.
Петропавл қ. халқын кемітілген баға бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 2004 жылғы қазаннан облыс орталығы — Петропавл қ. ірі базарлары мен сауда үйлерінде бөлшек сауда жәрмеңкесі өткізіледі, оларға облыстың барлық аудандарының ауылшаруашылық құрылымдары, өңдеу кәсіпорындары және жеке тұлғалары белсенді қатысады. Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурызында 10 жәрмеңке өткізіліп, оларда сомасы 61,9 млн. теңгенің тауары сатылды. Жәрмеңкелерде кең ассортиментте ет және сүт өнімдері, жас балық, жұмыртқа, көкөніс, картоп, ұн, нан және нан-тоқаш өнімдері ұсынылады. Сатылатын тауардың бағасы нарықтықтан 10–15 пайызға төмен.
Күн сайын ауылшаруашылық тауар өндірушілер „Қызыл Жар- Ақбастау“ коммуналдық базары» КМК-ге бекітілген бағамен сиыр еті, шошқа еті, сүт, жұмыртқа және ұн жеткізеді. Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурызында 23,7 тонна сиыр еті, 24,2 тонна шошқа еті, 116,0 мың литр пастерленген сүт сатылды.
Жеміс-көкөніс өнімдерін сату