Экономика
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Құрылыс

2009 жылы әлеуметтік сала және тұрғын үй объектілері құрылысына 9,7 млрд теңге қарастырылған, 2008 жылдан (8,4 млрд теңге) 1,3 млрд теңгеге көп, олардың ішінен 7,67 млрд теңге республикалық бюджеттен және 2,13 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.

2008–2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында, ағымдағы жылдың 2009 жылдың 9 айына 96,8 мың шаршы метр салынды және пайдалануға енгізілді, 2008 жылдың кезеңіне сәйкес 496 шаршы метрге көп. 2479 млн теңге игерілді.

Жеке құрылысшылардың қаражат есебіне берілген жалпы тұрғын үй көлемінен жалпы ауданы 73,3 мың шаршы метр 711 үй салынды немесе облыс бойынша берілген жалпы тұрғын үй көлемінен 75,8% (85,0% өткен жылдың кезеңіне сәйкес).

Кәсіпорынның қаражат есебіне жалпы ауданы 13 мың шаршы метр 33 үй (83 пәтер) пайдалануға берілді.

Тұрғын үйлер компаниялардың қаражат есебіне берілді «Вэлта» ЖШС — Интернационал–Әуезоав–Бөкетов көшелері қиылысындағы 42 пәтерлі тұрғын үй (6406 шаршы метр), Цупко ЖК Қазақстан Конституциясы–Брусиловский көшелері қиылысындағы 11 пәтерлі тұрғын үй — (3659 шаршы метр), Аққайың ауданының Черкасское а. «Черкасское» ЖШС 16 пәтерлі тұрғын үйлер (935 шаршы метр), Есіл ауданының Таранғұл а. «Азия-Тарангул» ЖШС 2 бір пәтерлі үйлер (185 шаршы метр), Қызылжар ауданының Новоникольское а. «Зенченко» ШС 2 бір пәтерлі үйлер (960 шаршы метр), Бескөл а. «Заготинтер» ЖШС 8 бір пәтерлі үйлер (368 м²), Кондратовка а. «Южно-Урал темір жолы Петропавл бөлімшесі» ЕК 1 үй (83 шаршы метр), Тайынша ауданының Вишневка а. «Вишневское» ЖШС 1 үй (426 шаршы метр).

Республикалық бюджеттен трансферттер есебіне самасы 592 млн теңге жалдық-коммуналдық тұрғын құрылысына жалпы ауданы 2,8 мың шаршы метр 30 пәтерлі тұрғын үй Уәлихан ауданының Кішкенекөл с. пайдалануға берілді.

Петропавл қ. Юбилейная көшесі бойындағы жалпы ауданы 19 мың шаршы метр 126 пәтерлі және 90 пәтерлі екі 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда, пайдалануға беру 2010 жылға жоспарланған.

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасы аясында «Петропавл қ. облыстық қан орталығы» және «Петропавл қ. ауысымды 500 адам қабылдайтын қалалық емхана» салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерінің жұмысшылары үшін сомасы 289 млн теңге несиелік қаражат есебіне Петропавл қ. Юбилейная көшесі бойындағы жалпы ауданы 18,4 мың шаршы метр 60,75 және 80 пәтерлі 3 бес қабатты үйлердің және салынып жатқан құрт ауруына қарсы диспансердің жұмысшылары үшін Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка а. 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Несиелік қаражат есебіне салынып жатқан тұрғын үйді беру 2010 жылға жоспарланған.

Жергілікті бюджет қаражат есебіне жалпы ауданы 7,7 мың шаршы метр 29 үйлер (63 пәтер) пайдалануға берілді.

Тұрғын үй Айыртау ауданының Саумалкөл а. 5 қабатты үйде 19 пәтер (1454 шаршы метр), Ақжар ауданының Талшық а. кіші отбасылық жатахана (385 шаршы метр), Есіл ауданының Покровка а. жалпы ауданы 3962 шаршы метр 300 орынға арналған жатахана, Ғ,Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка а. 12 пәтерлі тұрғын үй (780 шаршы метр) және Қызылжар ауданының Элитное а. «Бәйтерек» тұрғын кешенінде оралмандар үшін (1634 шаршы метр) 20 бір пәтерлі тұрғын үйлер берілді.

Жергілікті бюджеттің қаражат есебіне коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Юбилейная көшесі бойындағы жалпы ауданы 9,3 мың шаршы метр 102-пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру желтоқсан айына жоспарланған, Жуков көшесі бойындағы 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2010 аяқталатын болады.

Сонымен қатар Қызылжар ауданының Элитное а. «Бәйтерек» тұрғын кешенінде оралмандар үшін 3 үй пайдалануға берілетін болады.

2009 жылға облыс бойынша күтудегі берілетін тұрғын үй 120 мың шаршы метрді құрайды, соның ішінде Петропавл қ. бойынша- 30 мың шаршы метр, облыстың аудандары бойынша 90 мың шаршы метр.

Инженерлік коммуникацияны орнатуға және дамытуға республикалық бюджеттен 1325 млн теңге бөлінді, бөлінген қаражат есебіне 1 кезектегі Жұмабаев көшесі бойындағы су құбыры желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды, оңтүстік-шығыс су тартқышының құрылысы, Орман мөлтек ауданын электрмен жабдықтау және канализация желілері бойынша жұмыстар қараша айында аяқталатын болады. Оңтүстік-шығыс су тартқышын жаңғырту және Солнечный кентіне жылу желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық үйлерге бір уақытта құрылыспен инженерлік коммуникация құрылысы жүргізілуде.

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасы аясында денсаулық сақтау республикалық бюджетінің трансферттер есебіне облыс бойынша 4 денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы қарастырылған.

2009 жылға 2,68 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен желтоқсан айында (985,5 млн. теңге) Петропавл қ. облыстық қан орталығы пайдалануға берілетін болады, (647,6 млн. теңге) Жамбыл ауданының Пресновка а. және (247,6 млн. теңге) Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка а. ауысымына 90 адам қабылдайтын емханамен 100 жататын орыны бар 2 құрт ауруына қарсы диспансер, (8000 млн. теңге) Петропавл қ. ауысымында 500 адам қабылдайтын емхананың құрылысы жалғасуда.

Жергілікті бюджет есебінен денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы бойынша 91,7 млн. теңге қарастырылған. Бөлінген қаржы есебінен (17,6 млн. теңге) Есіл ауданының Явленка а. және, Аққайың ауданының Смирнов а. ауысымына 250 адам қабылдайтын емхананың құрылысына жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау аяқталды және (25,5 млн. теңге) М.Жұмабаев ауданының Полтавка, (23,7 млн.теңге) Жамбыл ауданының Троицкое, (24,8 млн.теңге) Аққайың ауданының Ленинское ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға қосылды.

Сомасы 1,2 млрд. теңге республикалық бюджеттің трансферт есебінен білім объектілері бойынша (115,1 млн.теңге) Ғ.Мүсрепов ауданының Пески ауылында 250 орындық мектептің құрылысы бойынша 2009 жылға бөлінген қаражат көлеміне жұмыстар аяқталды, (396,2 млн.теңге) Петропавл қ. Победа-Хименко көшелері бойында 320 орындық балабақша, (734,6 млн.теңге) Мамлют ауданының Мамлютка қ. 200 орындық ұйықтайтын корпусымен 400 орындық мемлекеттік тілде оқитын мектеп-интернат пайдалануға берілетін болады.

Сомасы 258 млн.теңге жергілікті бюджет есебінен (94,2 млн.теңге) Уәлихан ауданының Береке а. 80 орындық мектеп берілді және 2009 жылға бөлінген қаражат көлеміне (111,4 млн.теңге) Айыртау ауданының Кириловка а. 240 орындық орта мектептің құрылыс жұмыстары аяқталды. Мамют қ. және Петропавл қ. 360 орындық кәсіптік-техникалық лицейдің құрылысына және Қызылжар ауданының Бескөл а. 280 орындық бала бақша, Петропавл қ. 320 орындық бала бақшаның құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 2943,3 млн. теңге аударылады, соның ішінде республикалық бюджет трансфертімен — 1541,2 млн. теңге, облыстық — 276,7 млн.теңге, Азиат даму банкі қаражаты займынан — 1125,4 млрд.теңге.

Осы жылдың тоғыз айында 172 км сутартқышты жаңғырту және құрылысы орындалды сонымен қоса:

  • республикалық бюджет есебінен — 83,24 км: Жамбыл ауданының Пресновка, Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишимка, Уәлихан ауданының Кішкенекөл, Қызылжар ауданының Бескөл, Аққаың ауданының Смирнов ауылдарында 34 км су құбырын таратушы желілерді жаңғырту және дамыту, 5 км Булаев су құбырын жаңғырту орындалды, Жамбыл ауданында Екатериновка учаскелік жер асты суларының топтық ұңғыма су қақпалары (2 кезек) және Есіл ауданының Таранғұл және Двинск (44,3 км), Мамлют ауданының Афонькино, Пробуждение, Новоукраинка және Дубровное ауылдарында су бұрғыш енгізілді;
  • жергілікті бюджет есебінен: Ғ.Мүірепов атындағы ауданның Чистополье а. 9,5 км су құбырын жаңғырту орындалды, Айыртау ауданының Саумалкөл а. су шаруашылығы имаратының құрылысы жүргізілуде, Шал, ақын ауданының Жалтыр, Тайынша ауданының Амандық, Ғ.Мсірепов ауданының Урожайное, Жамбыл ауданының Амангелді және Железное ауылдарында локальды ұңғымалы су қақпаларын пайдалануға берілді;
  • АДБ жоба аясында сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 79,056 км су тартқышты жаңғырту және құрылысы орындалды, сонымен бірге: Ғ.Мүсірепов ауданының Буденое а. (5,574 км), Тайынша ауданының Теңдік а. (9,36 км), Қызылжар ауданының Долматова а. (4,031 км), Ақжар ауданының Ащыкөл а. (7,5 км), Краснознаменное және Калугино, Беловка ауылдарында (23,2 км), Жамбыл ауданының Суаткөл а. (10,9 км), Тимирязев ауданының Акжан а. (4,131 км), М.Жұмабаев ауданының Палудино а. (9,49 км), Богданова а. (1,52 км), Петровка а. (3,35 км), Қызылжар ауданының Кустовое а. және Жамбыл ауданының Рожднственка а. су қақпаларының ұңғымалары бұрғыланған.
Өзекті
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey