Экономика
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Солтүстік Қазақстан облысының 2010 жылы қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2010 жылдың қаңтар айы бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 5 703,8 млн.теңгеге өнім өндірді, ол 2009 жылғы қаңтар деңгейінен 1,1 пайызға жоғары.

 Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (56,0 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2010 жылдың қаңтарында 3 195,0 млн.теңгеге өнім өндірілді, бұл 2009 жылдың қаңтар деңгейінен 5 пайызға жоғары.

Диаграмма 1

2010 жылдың қаңтарыңда 2 257,5 млн.теңгеде 16 пайыз құрап тамақ өнімдері өндірілді, күнбағыс май өндірісі – 12,2 есеге, тазартылмаған рапс майы – 11,9 пайызға, этил спирты 19,3 пайызға, дистиллирлендірілген алкогольді ішімдіктер – 77,6 пайызға ұлғайды, ет консервілер өндірісі, дайындалған және консервіленген балық өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 18,7 пайызын алатын машина жасау саласында 596,8 млн. теңге сомаға өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген, бұл 2009 жылғы қаңтар көлемінен 8,5 пайызға жоғары.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында 26,5 млн.теңгеге өнімі өндірілді.

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 10,4 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2010 жылдың қаңтар айы бойынша көлемі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және суды бөлу саласында, 2009 жылдың қаңтар деңгейімен салыстырғанда 16,6 пайызға ұлғайды және 2 508,5 млн.теңгені құрады.

Облыстың индустриялық – инновациялық дамуы аясында 2009 жылы облыста 1,2 млрд. теңгеге, 5 инвестициялық жобалары іске асырылды,300 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2010жылы инвестиция көлемі 6 млрд.теңгеге, 5 ірі инвестициялық жобаның іске асырылуы және 630 жаңа жұмыс орындары құруын жоспарлайды: соның ішінде екеуі жоба тау-кен өнеркәсібінде; біреуі – құрылыс материалдар өнеркәсібінде, екеуі – машиножасау саласында.

Машинажасау облыс өнеркәсібін әртараптандырудың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Үстіміздегі жылы машинажасауды дамыту үшін «ЗИКСТО» АҚ жүк вагондарының 2 жаңа түрі – астық тасымалдайтын жабық вагон-хоппердің үлгісі (астық тасымалдаушы), сондай-ақ жүк тасымалдайтын мамандырылған платформа (контейнер тасымалдаушы) игеріліп, өндіріске енгізеді.

Облыс үшін тау-металлургия және құрылыс салаларында жаңа өндіріс түрлерін игеру аса маңызды. Осы жылы Тайынша ауданында титан-цирконий кенінің Обухов кенішінде, Ақжар ауданында кварц құмдарының Айсары кенішінде байыту фабрикалары пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, құрғақ көбік-бетон қоспалар шығару зауыты пайдалануға беріледі.

Ауыл шаруашылығы. 2010 жылдың қаңтар айы бойынша облыста ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 3 715,8 млн. теңгені, нақты көлем индексі 2009 жылдың қаңтар деңгейінен 102,7 пайызды құрайды.

Сала экономикасын нығайтуды, мамандандыруды және қарқындануды жеделдету үшін агросубъектілердің ілгерідегі ауыл шаруашылық өндірістерді дамыту, шағын шаруа қожалықтарын біріктіру мен оларды ірі компаниялар жанында шоғырландыру бойынша инвестор-фирмаларымен жұмысы жалғастырылуда.

2010 жылғы егістікке 546,2 мың.тонна жақсы дәнді дақылдар тұқымы салынды, бұл облыс шаруашылықтарының толық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сақтауға салынған бүкіл тұқымдар сұрыпталған және аудандырылған.

Жоспарланған астықты қамтамасыз ету үшін сүдігер жерлер бүкіл алаңда жыртылды, сүрі жер дайындалды.

Қазіргі уақытта шаруашылықтарда алқаптарда ылғал жинау, жабдықтар мен техниканы жөндеу, егіс науқанының басталуына материалдық-техникалық және басқа да материалдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

2010ж.10.02. агросубъектілердің трактор паркінің даярлығы 79 пайызды құрады, соның ішінде К-700 – 77 пайыз, сепкіш – 79 пайыз, астық жинау комбайны – 69 пайыз, жүк автомобилі – 72 пайыз, бұл 2009 жылғы сәйкес датасына техника дайындау деңгейінен артық.

Мал шаруашылығында мал мен құстың, өнім өндірудің оң үрдісі байқалады. 2010 жылғы қаңтар бойына өткен жылғы қаңтарыңдағы деңгейге қарағанда ет – 0,3 пайызға, сүт – 3,0 пайызға, жұмыртқа – 56,8 пайызға артық шығарылды. Ірі қара мал саны 0,4 пайызға қысқарды, ешкі мен қой – 2,5 пайызға, жылқы – 3,2 пайызға, шошқа – 2,6 пайызға және құс – 6,5 пайызға өсті.

Саланы әртараптандыруға және қарқындандыруға, оны жоғары қосылған құнымен ірі инновациялық жоғары технологиялық өндірістер игеру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен индустриялық негізге көшіруге алынған бағыт жүзеге асырылуда.

«Зенченко и К» жаңа кезеңгі сүт кешені, «Баско» ЖШС шошқа кешені, «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС, «Тайынша - Астық» ЖШС бірінші кезектегі сүт кешенінің құрылысы аяқталып, қарқынды жұмыс істейді.

2010 жылдың индустриалды-инновациялық даму шегінде 7 млрд. теңгеден астаминвестициялар көлемімен, 4 ірі инвестициялық жобаларын іске асыруы аяқталуда. Бұл жаңа 500-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруын мүмкіндік етеді.

Тайынша ауданында «Баско» ЖШС-мен мал шаруашылығы кешенінде ет өңдеу кешені және құрама жем зауытымен бірге ет комбинаты салынуы аяқталуда, бұл жылда 9 мың. тонна дайын ет өнімдерін өңдеуді мүмкін етеді. Онда 360 жұмыс орнын құру жоспарланады.

Аққайын ауданында «Леонов» КШ 1,3 мың тонна сүт өндіру қуаттылығы жылына бойынша 320 бас сүт кешенінің салуы аяқталады.

Облыс астықтың ірі экспортеры болып саналады, аймақ үшін негізгі экспорттық тауары болады. Ағымдағы жылы Ақжар ауданында экспортық потенциалды арттыру үшін «Еңбек Нан» ЖШС-і 60 мың.тонна сыйымдылықты элеватор қайта пайдалануға беріледі, 80 жұмыс орнын құрыумен. М. Жұмабаев ауданында «Богви» ЖШС 40 мың тонна сыйымдылықты элеватордың салынуы аяқталады,онда 25 жұмыс орны құралады. Бұл сапалы сипаттаманы жақсартуға және астықтың бәсекелестігін ұлғайтуын мүмкіндік етеді.

Облыста ірі және орта тауарлық өндірісті әрі қарай даму мақсатында, «Зенченко и К» КС, «Столыпинское» ЖШС, «Леонов» КШ, «СБИ-Агро-Ташкентка»ЖШС, «Редин» КШ-де мал шаруашылығы бөлімдерінде қайта жаңғартумен жаңа кезеңгі технологияларды және жабдық орнату жүргізіледі.

  Кәсіпкерлік. Облыста 2010 жылда 1 ақпанға рынокта белсенді жұмыс істейтіндердің шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 24 090 бірлік және 2009 жылдың қаңтар деңгейінен 4,3 пайызға арттық.

  Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыспен қамтылғандар саны 69,4 мың адамға құрды, бұл 2009 жылдың қаңтар деңгейінен 1,5 пайызға үлкен.

  Барлық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен 2009 жылда 5,4 млрд.тенгеге өнім шығарылды, бұл 2009 жылдың қаңтар деңгейінен 1,9 пайыз өсіммен.

  Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың айтарлықтай саны саудаға – 38,2%, ауыл шаруашылығына -18,7%, құрылыс – 12,4 пайыз өнеркәсіпке – 8,9% келеді.

Құнсыздану. Облыста 2010 жылдың қаңтар айы бойынша инфляция деңгейі – 1,3%, құрады, бұл орташа республикалық деңгейінен 0,1% төмен. 2010 жылдың деңгейінен азық-түлік тауарлары – 1,5 пайызға ұлғайды, азық-түлік емес тауарлар 0,4%-ға қымбаттады, ақылы қызметтер 1,9 %-ға өсті (Республика бойынша – 1,1%, 0,3%, 2,8%-ға сәйкесінше).

Диаграмма 2

Негізгі капиталға инвестициялар. 2010 жылғы қаңтарды қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 1376,2 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар қарағанда 79,8 пайызды құрайды.

Инвестиция көлемінде ғимараттар және имараттар құрылысы мен күрделі пөндеуге 41,8 %, машина жєне жабдықтар сатып алуға келеді 56,8%, босқа да күрделі жөндеу жүмыстары мен шығыстарғы 1,4 % келеді.

 Бюджет қаражаты (0,1 %), қарыз қаражаты (14,1 %), кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты (85,8 %) инвестициялар.

Басымды салаларға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (39,1% жалпы көлемінен), ақпарат және байланыс (20,8%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (16,6%), өнеркәсіп (12,5%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2010 жылы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2732,4 млн. теңге бөлінді, соның ішінде жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй салуға 588 млн.теңге, ипотекалық тұрғын үй құрылысына 288 млн. тенге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және дамытуға 1025 млн. теңге, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясындағы тұрғын үйлерді салуға және (немесе) сатып алуға – 593,4 млн. теңге, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға – 238,0 млн. теңге.

Жергілікті бюджеттен 1167,2 млн.теңге бөлінді, соның ішінде коммуналдық тұрғын үй салуға – 662,0 млн.теңге, ипотекалық тұрғын үй салуға – 345,8 млн.теңге, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық желілер салуға – 159,4 млн.теңге.

Жоспар бойынша 103,3 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделінген, соның ішінде республикалық бюджет қаражат есебінен - 48,7 мың шаршы метр, (одан 19,0 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй, 29,7 мың шаршы метрі кредиттік қаражат есебінен).

Жоспар бойынша жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 14,6 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй салу көзделінген

Үстіміздегі жылыдың қаңтар айында облысымызда 0,8 мың шаршы метр баспана салынды, бұл 2009 жылғымен салыстарғанда 20,6 пайызы.

Сумен жабдықтау. 2010 жылы облыстың елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 1456,2 млн. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 1303,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 152,8 млн. теңге.

Жылға барлығы 110 км су құбырларын салу және реконструкциялау жоспарлануда, соның ішінде Жамбыл ауданында бұталы ұңғымалы бастоғандар құрылысы (Жер асты суларының Мирный учаскесі – 3 кезек), 16 елді мекенге су бұруды реконострукциялау, су тарату желілері мен 10 елді мекенде сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту және реконструкциялау, 2 елді мекенде жер асты суларынан жергілікті сумен қамтамасыз ету құрылысы.

Әлеуметтік қорғау. 2010 жылдың 1 ақпанына өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға кеміп 3221 адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,9 пайызын құрады, бұл 2007 жылға қарағанда пунктке сәйкес.

2010 жылдың 1 ақпанына 630 жаңа тұрақты жұмыс орындары қүрылып, 675 адам өкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 583 адам жіберілді. Халықтың мақсатты топтарына кіретін азаматтар арасынан 479 адам жұмысқа орналастырылды. Кедейшілік шегінен төмен деңгейде тұратын адам саны 13,1 мың адамды құрайды. Кедейшілік деңгейі 2,0 пайызды көрсетіп, мерзімімен салыстырғанда 0,4 пайыздық пунктке төмендеді.

2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4,1 мың аз қамтылған азаматтарға 27,9 млн теңге сомада, атаулы әлеуметтік көмек белгіленді. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 7487 мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы белгіленді 31,5 млн.тенге сомада.

2009 жылдын қантар-желтоқсандағы айланына облыстағы жалданбалы жұмыс істейтіндердің ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 45673 теңгені құрады. Номиналдық жалақының индексі 2008 жылдың сәйкес мерзіміне 115,1 пайызды құрады.

Білім беру. Балабақшалардың жалпы саны 56 бірлікті құрайды, соның ішіңде 45 мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемелері, 1 1 мемлекеттік емес. Бұдан басқа, 150 шағын орталық жұмыс істейді.

2009-2010 оқу жылы басына облыстың мектеп жүйесі 635 бірлікті құрайды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Пески с. 250 орындық мектеп құрылысы жалғастырылады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Айыртау ауданы Кирилловка с. 240 орынға арналған мектеп құрылысы жалғастырылады.

2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 50 білім беру объектісінкүрделі жөндеу бойынша Жол картасын іске асыруға 980,68 млн.теңге көрделген.

Денсаулық сақтау. 2010 жылғы 1 ақпанға облыстың денсаулық сақтау жүйесі жалпы 5416 кереует санымен 36 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 5373 төсек орынға арналған 34 мемлекеттік, 30 төсек орынға арналған ведомстволық 1, 13 төсек орынға арналған жеке 1, 157 амбулаторлық-емханалық мекеме, 113 - мемлекеттік (соның ішінде 4 өзіндік емхана, әйелдер консультациясы, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 106 дәрігерлік амбулатория,), ведомстволық – 1, жеке меншіктік – 43 заңды тұлға. Бұдан басқа, 37 ФАП, 502 медициналық пункт бар.

«100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы аясында 3 объектінің құрылысы жалғастырылуда:

  • - Жамбыл ауданы Пресновка селосында 90 келімге арналған емханасымен 100 орынға ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
  • - Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское селосында 90 келімге арналған емханасымен 100 орынға ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
  • - Петропавл қаласының 19-ыншы шағын ауданында 500 келімге арналған емхана.

2010 жылы Жол картасының аясында жалпы сомасы 580,6 млн. теңгеге денсаулық сақтаудың 3 объектісін жөндеу жоспарлануда (республикалық бюджет трансферттері есебінен – 387,1 млн. теңге; жергілікті бюджет қаражаты есебінен 193,5 млн. теңге).

Бұдан басқа, Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің трансформаторлық кіші стансасын жөндеуге жергілікті бюджеттен 7,5 млн. теңге қарастырылған.

Облыс бойынша ауылшаруашылық мал басының саны

мың бас

Көрсеткіштер 2008 жыл 2009 жыл қаңтар   2010 ж . 2009 ж . %
2009 ж. 2010 ж.
Мүйізді ірі қара мал саны 351,6 359,5 376,6 374,9 99,6
  оның iшiнде сиыр 174,1 178,2 184,0 186,4 101,3
  Қой мен ешкi 246,4 260,9 245,9 252,1 102,5
  Шошқалар 247,6 262,0 254,5 261,0 102,6
  Жылқылар 88,2 92,1 87,7 90,5 103,2
  Құс 2709,2 3055,4 2725,9 2904,3 106,5


Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлері өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2008 жыл 2009 жыл   қаңтар   2010 ж. 2009 ж. %
2009 ж. 2010 ж.
Астық ( еңдеуден кейінгісалмақлен ) мың тонна 4550,2 5620,8      
Ет, таза салмағы мың тонна 58,7 59,6 5,8 5,8 100,3
Сүт мың тонна 547,7 573,3 16,8 17,3 103,0
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 260,5 305,6 12,1 19,1 156,8
Карта 1
Карта 2

Сыртқы экономикалық қызмет

Шекаралық және экономикалық ынтымақтастық

2009 жылы транзиттік жеткізілімдерді ескермегенде облыстың сыртқы сауда айналымы 208 жылмен салыстырғанда 49,2% қысқарып, 739,4 млн. АҚШ доллар ды құрады. Бұл ретте, экспорт 54,6% қысқарып, 136,8 млн. АҚШ доллар ды, импорт – на 47,8%, 602,6 млн. АҚШ доллар ды құрады.

Кедендік статистика мәліметі бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (транзиттік жеткізілімдерді есепке ала отырып) 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2010 жылғы қаңтарына 27,0 пайызға қысқарды немесе АҚШ долларымен 48,4 млн. құрады, соның ішінде экспорт АҚШ долларымен – 20,4 млн. (28,4 пайызға қысқарды), импорт АҚШ долларымен – 28,0 млн. (25,9 пайызға қысқарды).

Экспорт бойынша негізгі серіктестері: Иран (барлық экспорт көлемінің 25,8 пайызы), Әзібайжан (25,7), Ауғанстан (10,6 пайыз), Ресей (9,8 пайыз), Тәжікстан (6,4 пайыз), Өзбекістан (5,3 пайыз), Финляндия (4,3 пайыз), Кырғызстан (4,1 пайыз), Түркия (3,7 пайыз).

Экспорттық жеткізулерде мына тауарлық топтардың азық-түліктері ең үлкен үлесті орынға ие болады: «дәнді-дақылдан жасалған нан» (экспорттың барлық көлемінен 61,3 пайыз немесе 12,5 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (33,6 пайыз немесе 6,9 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Ресей Федерациясы жетекші болып табылады (импорттың барлық көлемінен 85,5 пайыз), Беларусь (3,3 пайыз), Украина (2,1 пайыз), Эквадор (1,4 пайыз), Австрия (1,1 пайыз), Германия (1,0 пайыз), Жапония (0,7 пайыз).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынға келесі өнім топтары ие болады: «минералды отын және мұнай өнімі» (импорттың жалпы көлемінен 43,5 пайыз немесе 12,2 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (18,9 пайыз немесе 5,3 млн. АҚШ доллары), «жабдықтар, құралдар және аппараттар» (9,2 пайыз немесе 2,6 млн. АҚШ доллары), «химия өнеркәсібінің өнімі» (7,8 пайыз немесе 2,2 млн. АҚШ доллары, «машиналар, көлік құралдары» (5,3 пайыз немесе 1,5 млн. АҚШ доллары).

Географиялық орналасуына байланысты көп жылдар бойы Ресей Федерациясы облыстың негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады, бұл ретте ынтымақтастық негізгі үлесі Омбы, Түмен және Қорған шекаралас облыстарына келеді, олармен экономиканың әртүрлі салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасасылған және олар іске асырылуда.

2009 жылы транзиттік жеткізілімдерді ескермегенде облыстың сыртқы сауда айналымы Ресей Федерациясымен – 507,5 млн. АҚШ доллары (48,0 пайызға қысқарумен) құрады, соның ішінде экспорт – 21,9 млн АҚШ доллары (58,6 пайызға қысқарумен), импорт – 485,6 млн АҚШ доллары (47,4 пайызға қысқарумен).

Кедендік статистика мәліметі бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы Ресей Федерациясымен транзиттік жеткізілімдерді есептегенде – 25,9 млн. АҚШ доллары (2,4 пайызға ұлғайтумен) құрады, соның ішінде экспорт – 2,0 млн АҚШ доллары (17,6 пайызға ұлғайтумен), импорт – 23,9 млн АҚШ доллары (1,3 пайызға ұлғайтумен).

Өзекті
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey