қоғам
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Мекен-жайы: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сі, 48
Басшысы Паламарчук Ирина Михайловна
Қабылдау бөлмесі: +7 7152 46-20-97
e-mail:

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды.

Мұражай 19 ғасырдың соңында салынған сәулет өнерінің ескерткіштері болып есептелетін бірнеше ғимараттарда орналасқан. Мұражайдың негізгі ғимараты бұрынғы саудагер Т. Л. Аркельдің үйінде орналасқан, мұражайдың әкімшілігі, қор сақтау жері және кітапханасы Стрелов көпестің бұрынғы дүкендері мен қоймаларында орналасқан.

Мұражайда 2004–2005 жылдары қазіргі дизайнға сәйкес қайта құру жұмыстары жүргізілді. Мұражайдың көлемі — 2400 шаршы метр, оның ішінде экспозициялығы — 2000 шаршы метр. Экспозиция 13 залда орналасқан және жалпы тарихтық кезеңдер ескеріліп, көне кезден қазіргі кезге дейін көрсетілген.

Мұражай кешенінің жөндеу жұмыстары Алматы қ. «Казреставрация» РМК, бастығы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жүргізді. Көркемдеу жұмыстарын Астана қ. «Дара» ЖШС, бастығы Жансүгіров Алмас Дүзелханұлы жүргізді. Мұражай қайта жасаудан кейін 2005 жылдың 27 қарашасында ашылды.

Мұражайға келушілер Солтүстік Қазақстанның археологиялық зерттеулерінің материалдарымен, өлкеміздің көне тарихы бойынша тамаша жәдігерлерімен таныса алады. Қазақ халқының этнографиясы және қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихы кеңінен көрсетілген. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары кезіндегі дамуын көрсететін экспозиция біраз жерді алған. Ол 3 залдан тұрады: «Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында», «Солтүстік Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында», «Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары». Құжаттардың, фотоматериалдардың негізінде дамып келе жатқан экономика, қоғамды демократияландыру, халықаралық қарым-қатынасы көрсетілген.

Мұражай қорында 350 мың жәдігер бар. Мұражай өзінің топтамаларын экспедициялар арқылы, басқа мұражайлармен айырбастау арқылы, қалалықтардың көмегі арқылы толықтырды. Мұражай мұражайлық топтамаларды өндеу бойынша әдіснаманы жетілдіру үшін «Музеолог» бағдарламасын алды.

2006 жылдың 6 қыркүйегінде мұражайға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келді, ол Қазақстан облыстары мұражайларының ішінде ең жақсы мұражай екенін айтып жоғары баға берді. Ашылғаннан кейін мұражайға Қазақстанның, Ресейден, Үндістаннан, Польшадан, Германиядан мәртебелі қонақтар келді.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі. Мектеп оқушыларына, студенттерге арналған бағдарламалар дайындалған, оның құрамында әр түрлі іс-шаралар бар:

  • «Өткенге жолдар» жобасы бай археологиялық топтамалардың негізінде өлкеміздің көне тарихын насихаттау міндеттерін шешеді.
  • «Туған табиғаттың тазалығы үшін» жобасы туған табиғат туралы тереңдете білу, оған сақтықпен қарауды шешеді.
  • «Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті» жобасы қазақ мәдениетінің бай мұрасын зерттеуді шешеді.
  • «Мәңгілікке қадам басқан» жобасы Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелейді және патриоттық сезімге баулиды, 20 ғасырдың соғыстарын, ядерлік қару сынақтары туралы айтады.
  • «Халық күнтізбесінің мерекелері» жобасы әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен таныстырады, әр түрлі этностардың мәдениетіне құрметпен қарауға баулиды.
01.jpg03.jpg04.jpg05.jpg06.jpg07.jpg08.jpg09.jpg10.jpg11.jpg12.jpg13.jpg02.jpg
Қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey