2010 жылдың 1 қаңтарына облыста 224 дiни құрылымдар жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 90-i ислам дiнi; 40 — православиялық бағыттағы христиандық; 14 — католиктiк бағыттағылар; 77 — протестанттық бағыттағылар; 1 — иудаизм; 1 — бiрлестiк дәстүрден тыс дiндердi сонымен қатар 1-i буддизм.
Заңды тұлғалық нышаны жоқ, саны аз дiни топтар ретiнде 103 дiни қауымдастық жұмыс iстейдi, оның iшiнде 65-i ханафиттiк мазхабаның сунниттiк бағыттағы ислам; 4-i православиялық бағыттағы христиандық; 2-i католиктiк бағыттағы христиандық; 32-i протестанттық бағыттағы христиандықты құрайды.
Сенушiлердiң қарамағында 129 дiн үйлерi бар, 104 дiн үйлерi тiркелген.
Облыста дiни қызмет мақсатымен 36 шетелдiк миссионерлер келiп тiркелген. Миссионерлердiң арасында: 25 адам Польшадан, 3 — i Германиядан, 1 — i Оңтүстiк Кореядан, 3 — i Австриядан, 2 — i Швейцариядан, 1 — Рессейден, 1 — Түркиядан, 1 — ислам. 34 миссионер рим-католик шiркеуден, 1 протестанттық.
Облыста әлеуметтiк — мәдени iс-шараларға қатысуға дiни бiрлестiктер тартылады («дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар және кездесулер), олар қоғамда азаматтық татулық және рухани келiсiмдi нығайтуға, дiни экстермизiм идеяларын таратудың алдын алуға бағытталған.
Мешiттермен ғибадатханаларда қайырымдылық асханалар жұмыс iстейдi, онда түскi астар ұйымдастырылып жеткiлiктi түрде қамтамасыз етiлмеген отбасыларына, жетiм балаларға, мүгедектерге азық-түлiк таратылады.
2009 жылы облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында 65 мақала басылып шығарылды, мақалалардамына тақырыптар жарияланған: облыстағы дiни жағдай; дiни экстремизмге қарсы әрекет туралы; дiни мерекелер, әдет-ғұрыптар, салт туралы; дiн саласындағы заң бұзушылық туралы.