2010 жылғы қаңтар-наурызда Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 18,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2009 жылғы қаңтар-наурыздан 3,4%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең қомақты көлем — 62,0% — өңдеуші өнеркәсіпке және 33,7% — электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауамен баптауға келеді. Сумен жабдықтау, канализация жүйесі, қалдықтарды жинап, бөлуді бақылау облыстың өнеркәсіптік өндірісінің 4,2%-н алады.
Өңдеуші өнеркәсіпте 2010 жылғы қаңтар-наурызда 2009 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда көрсеткіштер 4,5%-ға артты, 14,5%-ға тамақ өнімдері, 1%-ға сусындар, 46,9%-ға тоқыма бұйымдары, 6,3%-ғағаш бұйымдары, 10,4%-ға қағаз және қағаз өнімдері, 2,2 есе химия өнеркәсібінде, 11,7%-ға резеңке және пластмасса бұйымдары, 40,2%-ға жиһаз өндірістерінде, 24,9%-ға машина жасауда өсім қамтамасыз етілді.
2009 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 12,1%-ға киім, 57,7%-ға металл емес басқа минералдық өнімдер, 16,8%-ға металлургия өнеркәсібі өнімдері, 12,1%-ға машина мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары өндірістерінің көлемі кеміді.
6,5%-ға ет, 35,4%-ға құс еті, 2,1 есе ет консервісі, 7,6%-ға өнімдері, 7,8 есе күнбағыс майы, 2,6%-ға өңделген сұйық сүт және кілегей, 16,4%-ға ұн, 3%-ға кондитер өнімдері, 28,7%-ға этил спирті, 2,3 есе биоэтанол, 11,8%-ға гофрирленген картон қорапшасы, 18,8%-ға пластмассадан терезе мен есік блоктары, 43,7%-ға ас үй жиһазы, 17,8 есе мұнайгаз өңдеу жабдықтары, 7,6 есе жүк вагондары мол шығарылды.
Дайындалған және консервіленген балық, ірімшік пен сүзбе, сыртқы киім, терілердің өндірісі 2009 жылғы қаңтар-наурыз көлемі-деңгейінде сақталды.
Электрмен жабтықтау, газ, бу беру және ауамен баптау саласында 2009 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 14,0%-ға өндіріс көлемі артып, 6,2 млрд. теңгені құрады, сумен жабдықтау, канализация жүйесі, қалдықтарды жинап, бөлуді бақылау — 11,0%-ға және 0,8 млрд. теңгені құрады.
2010 жылғы қаңтар-наурызда облыс кәсіпорындарымен өндірілді: 708,2 млн. кВт. сағат электр энергиясы немесе 2009 жылғы қаңтар-наурыздан 4,6%-ға кем, 1550,4 мың Гкал жылу энергиясы немесе 6,1%-ға көп, 8003,2 мың куб. ауыз суы немесе 5,0%-ға көп.
2010 жылғы қаңтар-наурыз нәтижесі бойынша машина жасау кәсiпорындарының тапсырыс қоржыны 2009 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 3,4%-ға артып, 6,8 млрд. теңгені құрады. Шарттардың ең мол көлемі теміржол және мұнай-газ кешендері компанияларына (сәйкес 3,2 млрд. теңге мен 3,1 млрд. теңге) келеді. 2009 жылғы сәйкес мерзім көлеміне 18,1%-ға өсумен 2,3 млрд. теңгенің, соның ішінде теміржол кешені үшін — 1,2 млрд. теңгенің, мұнайгаз кешені үшін — 0,9 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
Қазақстандық қамтуды дамыту жөнінде өткен іс-шаралар аясында (2010 жылғы 26 қаңтарда Петропавл қ. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері мен облыстың өнеркәсіп кәсiпорындары арасындағы жұмыс кеңесі, 2010 жылғы 31 наурыз — 1 сәуір аралығында Астана қаласында «Қазақстандық қамту — 2010» Қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі республикалық көрме) облыстың өнеркәсіп кәсiпорындары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен сомасы 2745,4 млн. теңгенің меморандумдарына қол қойды. «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ-мен астық тасмалдайтын вагондардың жоспарланған сатып алуы туралы меморандум жасалды.
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қол қойылған меморандумдар аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен шамамен сомасы 1254,8 млн. теңгенің келісімшарттары жасалды.
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы сомасы 27,4 млрд. теңгенің 13 инвестициялық жобасы іске асырылып жатыр мен іске асырылуы жоспарлануда.
Жобалардың салалық құрылымы сан алуан: 4 жоба — АӨК және ауылшаруашылық өнімін өңдеу саласында, 3 жоба — машина жасауда, 3 жоба — құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісінде, 2 жоба — металлургия және дайын металл бұйымдары өндірісінде, 1 жоба — химия өнеркәсібінде.
13 жобаның 4-еуі Петропавл қаласында іске асырылады, қалғандары облыс аудандарында: Ақжар — 3 жоба, Тайынша мен, Аққайың — 2 жобадан, Айыртау мен Мағжан Жұмабаев ат. — 1 жобадан.
Белгіленген жобаларды іске асыру құрылыс мерзімінде — 944 жұмыс орнын, пайдалануға беру мерзімінде 1734 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
2010 жылы инвестицияның 12,4 млрд. теңге жалпы көлемімен тоғыз жобаны, соның ішінде 2010 жылғы 1 шілдеге алты жоба және жыл аяғына дейін үш жобаны іске қосу жоспарлануда.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында жүк вагондары түрлерін кеңейту перспективасымен олардың өндірісі игерілуде. 2010 жылы кәсіпорын астық тасымалдауға арналған жабық вагон-хоппердің (астық тасымалдаушы) мен мамандандырылған платформаның перспективалық үлгісін (контейнер тасымалдаушы) әзірлеу және оларды өндіріске енгізу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруда. «1520 соқпақты жүк вагонының перспективалық арбашасын (үш элементті, қалыпталған) әзірлеу және оларды өндіріске енгізу» жобасын іске асыру жоспарлануда.
Құрылыс материалдары өндірісі саласында, Ақжар ауданында «Жылына 340 мың тонна қуатымен кварц құмын байыту жөніндегі фабрика құрылысымен Айсары шыны құмы кен орнын игеру» ірі инвестициялық жобасы іске асырылуда («Ақтөбе Glass» ЖШС).
Петропавл қ. «Құрғақ көбік-бетон қоспаларының өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру жүзеге асырылуда («Құрғақ көбік-бетон қоспаларының зауыты» ЖШС). Күл-сілті тұтқырының (жоғары маркалы цемент) өндірісі және оның негізінде құрғақ көбік-бетон және құрылыс қоспаларының өндірісі құрылатын болады.
Өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары бәсекеге қабілетті өнім түрлерінің өндірісін игеру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыруды жүргізуде, өндірістік базаны жаңартуды жүзеге асыруда.
«Киров атындағы зауыт» АҚ «КЛУБ-У және КЛУБ-УП типті қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік құрылғысы және РС-46 МЦ типті симплекстік радиостанция шығару жөніндегі өндірісті ұйымдастыру» инвестициялық жобасын іске асыруды жалғастыруда. Құрастыру өндірісін ұйымдастыру, кәсіпорын қуатын пайдаланумен кейбір құрамдас бөліктерін дайындау және өз шегін кезең-кезеңмен арттыру (өндірістің дайындалуы бойынша) жоба мақсаты болып табылады. Қазіргі кезде қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік құрылғысының сериялық өндірісі жүргізілуде.
Сондай-ақ «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ жер бетіндегі эфирлік цифрлік хабар берудің өңірлік торабын құру жөніндегі иновациялық жобаны іске асыруға кірісті. 2010 жылғы мамырда Сергеевка қ. алғашқы көрсету аймағын жабдықтау үшін цифрлық эфирлік теледидар жабдықтарын дайындау жоспарлануда. «Еуразия» теледидар компаниясынан өңірлік цифрлық теледидардың мәтіндік хабарлануы үшін «Еуразия бірінші арнасының" теледидар бағдарламаларын пайдалануға рұқсат алынды. «Қазахстан» НТК теледидар компаниясы теледидар бағдарламаларын пайдалануға рұқсаттан бас тартты. «Хабар» мен «Ел арна» теледидар компанияларынан рұқсат алуға келісу жүріп жатыр.
«Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС 57–1200 мм аралығындағы диаметрімен жер астында тартуға арналған полиэтилен тысындағы және жылудың жер үстінде тартуға арналған мырышталған көбікполиуретанды оқшаулама құбырлар, мырышталған шиыршықталған ауаарналарын өндіру жөніндегі 2 өндірістік желі орнатуды жүргізуде.
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың 74 кәсіпорны мен ұйымы халықаралық стандарт талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін сертификаттауды жүзеге асырды.
2010 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіпте — 7 жаңа өндіріс, оның 6-уы — тамақ өнімдерін шығару жөнінде, 1-еуі электр жинақтау жұмыстарын жүргізу жөнінде пайдалануға берілді.
Жаңа өндіріс енгізу, қолданыстағысын қайта құру мен кеңейту есебінен 180 жұмыс орны құрылды.
- Үздік инновациялық жоба
- Шағын бизнес саласындағы 2006 жылдың таңдаулы кәсіпкері
- «2009 жылдың үздік кәсіпкері» конкурсының қорытындысы
- «2009 жылдың үздік кәсіпкері» конкурсының қорытындысы
- Өнеркәсіптің жетекші кәсіпорындары
- «Алтын сапа 2009» конкурсы
- Инвестициялық жобалар тізбесі