қоғам
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   2006–2008 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын орындалуы туралы аналитикалық ақпарат

2006-2008 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет саласын дамыту Бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылдың 13 желтоқсанындағы №307 Қаулысымен бекітілінген.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында:

2006 жылы мемлекеттік жүйеге 27 мәдениет ошақтары ашылды және қайтарылды: Ақжар, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарында 10 кітапхана және 5 клуб ашылды, 12 клуб мемлекеттік жүйеге қайтарылды.

2007 жылы мемлекеттік жүйеге 23 мәдениет ошақтары ашылды және қайтарылды: Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарында 4 кітапхана және 6 клуб ашылды және 8 клуб мемлекеттік жүйеге қайтарылды, 3 клуб өз жұмысын жалғастырды, 1 мұражай ашылды.

2008 жылы мемлекеттік жүйеге 17 мәдениет ошақтары ашылды және қайтарылды: Ақжар, Есіл, Қызылжар, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов аудандарында 7 кітапхана, 2 клуб, 1 мұражай ашылды, 7 клуб мемлекеттік жүйеге қайтарылды.

Бағдарлама шеңберінде 2006-2008 жылдары 29 мәдениет ошақтарында 275,4 млн.теңгеге ағымды және күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді, мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту үшін 39,2 млн.теңгеге негізгі құралдар сатып алынды, соның ішінде:

2006 жылы 102 млн.теңгеге күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді, соның ішінде Аққайын АМҮ – 15,0 млн.теңге, Есіл АМҮ – 15,7 млн.теңге, Благовещенка СМҮ – 1,4 млн.теңге, Тимирязев АМҮ – 5,0 млн.теңге, Уәлиханов АМҮ – 9,3 млн.теңге, Қызылжар АМҮ – 8,0 млн.теңге, Рузаев СМҮ – 10,0 млн.теңге, облыстық қуыршақ театры – 11,2 млн.теңге Н.Погодин атындағы драма театры – 6,3 млн.теңге, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры – 7,0 млн.теңге, «Қарасай-Ағынтай» Мемориалдық кешен – 4,7 млн.теңге, И.Шухов атындағы мұражай – 4,0 млн.теңге, С.Мұқанов атындағы ӘҒҚ – 4,4 млн.теңге.

2007 жылы 95,6 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді, соның ішінде Ақжар АМҮ- 9,132 млн.теңге, М.Жұмабаев ауданының АМҮ – 18,5 млн.теңге, Шал ақын ауданының мұражайы – 16, 709 млн.теңге (соның ішінде жергілікті бюджеттен 8,709 млн.теңге, облыс әкімі бюджетінің тыс қорынан 8 млн.теңге), Қызылжар АМҮ – 8 млн.теңге, қуыршақ театры – 2 млн.теңге, Шал ақын ауданының АМҮ – 18 млн.теңге, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры – 4,915 млн.теңге.

2008 жылы 77,8 млн.теңгеге күрделі жұмыстар өткізілді, соның ішнде Аққайың ауданы Власовка МҮ – 5,0 млнтеңге, Мамлют АМҮ – 5,0 млн.теңге, Жамбыл аудандық кітапхана – 18,125 млн.теңге, Айыртау АМҮ – 25,0 млн.теңге, Ғ.Мүсірепов ауданынң МҮ – 24,680 млн.теңге.

Мәдениет қызметті ұйымдастыруына жағдай жасау мақсатында 2006 жылы 25,4 млн.теңгеге тауар-материалдық құндылар сатып алынды – С.Мұқанов атындағы ӘҒК – 1,0 млн.теңгеге жиһаз, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына 0,854 млн.теңгеге жиһаз, облыстық филармонияға 0,745 млн.теңгеге сазды аспаптар, ОХШ және МҚКО 0,505 млн.теңгеге сазды аппаратура, облыстық қуыршақ театрына 4,345 млн.теңгеге жиһаз, мұражай бірлестігіне 5,275 млн.теңгеге жәдігерлер мен кондиционер, Н.Погодин атындағы орыс драма театрына 4,703 млн.теңгеге жарық-дыбысқұралдар, қазақ сазды-драма театрына 7,074 млн.теңгеге жиһаз, Шал ақын мұражайына 0,175 млн.теңгеге компьютерлік техника, Явленка тарихи-өлкетану мұражайына 0,175 млн.теңгеге компьютерлік техника, И.Шухов атындағы мұражайына 0,549 млн.теңгеге жиһаз және компьютерлік техника алынды.

2007 жылда 4,7 млн.теңгеге материалдық база нығайтылды, соның ішінде С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына 0,8 млн.теңгеге жиһаз, қуыршақ театрына 0,707 млн.теңгеге жиһаз және компьютерлік техника, С.Мұқанов атындағы ОӘҒК 1,72 млн.теңгеге компьютерлер мен ұйымдастыру техника, Ғ.Мүсірепов атындағы БЖК 1,067 млн.теңгеге компьютерлер және ұйымдастыру техника, киновидеопрокат 0,4 млн. теңгеге жиһаз алынды.

2008 жылда 9,2 млн.теңгеге материалдық база нығайтылды, соның ішінде аудандық кітапханаларға 9,2 млн.теңгеге жиһаз және компьютерлік техника алынды.

2006 жылы 8,9 млн.теңгеге автокөлік алынды (Н.Погодин атындағы драма театры – 3 бірлік, «Қарасай-Ағынтай» МК – 1 бірлік, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры – 1 бірлік), 2007 жылы 11,0 млн.теңгеге (С.Мұқанов атындағы кітапхана – 1 бірлік, облыстық қуыршақ театры – 1 бірлік, ОХШ және МҚКО – 1 бірлік, киновидеопрокат – 1 бірлік, мұражай бірлестігі – 1 бірлік), 2008 жылы 2,8 млн.теңгеге (Шал ақын ауданының мұражайы -1 бірлік, Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-өлкетану мұражайы-1 бірлік).

Облыстағы кітапханалардың кітап қорын толықтыруға 2006 жылы 9,8 млн.теңге бөлінді, 2007 жылы – 6,6 млн.теңге, 2008 жылы 5,8 млн.теңге бөлінді.

Облыстағы кітапханаларда 167 компьютер бар. 5 кітапханаларда сайт құрылған. РАБИС бағдарлама қамтуы 8 кітапханада енгізілген. Электрондық ақпарат ресурстар құру жөнінде белсенді жұмыс атқарулуда. Әлемдік ақпараттық жүйесіне облыстың 10 кітапханасы ұсынған.

С.Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кітапхана облыстағы барлық кітапханаларға тренингтар, тақырыптық семинарлар, мастер-класстар, әдістемелік нұсқаулар өткізеді. Кітапхана қызметкерлері компьютермен,  Интернет-ресурстармен, веб-дизайн, сайттар құру, электрондық каталогпен, библиографиялық базалар құру жөнінде жұмыс істеуге оқу оқиды.

2006 жылы мәдени-қызмет көрсету мекемелері қазіргі заманға сай техникалық жабдықтармен жалпы сома 10,5 млн.теңгеге қамталған. 2007 жылы – 28 млн.теңге, 2008 жылы – 9,2 млн.теңге.

«Сана» коммерциялық емес  колледжінде «Кітапханалық іс», «Әлеуметтік-мәдени қызмет» және «халықтық-көркем шығармашылығы» факульттерінде 70 адам білім алуда.

2007 жылдың сәуір айында облыстық театрлар актерлеріне шекарадағы орыс театрларын қолдау Орталығымен Ресей Федерациясы шетел істері жөніндегі Министрлігімен бірлесіп семинар өткізді.

2007 жылдың қазан айында С.Мұқанов атындағы кітапханада аудандық кітапханалардың, мәдениет үйлерінің директорларының, әдіскерлерінің қатысуымен семинар-практикум өтті.

2006 жылы мұражай бірлестігі 2 семинар өткізді.

2007 жылдың маусым айында Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы жанында мұражай қызметкерлеріне семинар-практикум өтті.

2007 жылдың желтоқсан айында Явленка тарихи-өлкетану мұражайы жанында мұражай қызметкерлеріне семинар-практикум өтті.

2007 жылы облыстың мемлекеттік кітапханалардың қызметкерлеріне қаланың оқу орындарының кітапханашыларының шақыруымен 4 семинар өтті.

2008 жылы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана 3 семинар өткізді, соның ішінде 2 аудандарда.

Мәдениет және өнер қызметкерлерді, кітапхана қызметкерлерді қолдау мақсатында мәдениет және өнер саласына елеулі үлес қосқаны үшін жыл сайын 2,0 млн.теңгеден облыс әкімінің сыйақы мен гранттар берілді.

2006 жылы Петропавл қаласында мәдениет қызметкерлеріне 5 коммуналдық пәтер берілді, 2007 жылы Тайынша ауданында 1 пәтер және 2008 жылы М.Жұмабаев ауданында -1, Шал ақын ауданында 2 пәтер берілді.

2006 жылы гастрольдерге және облыстың шығармашылық ұжымдармен, орындаушыларға шекарас облыстарының шығармашылық ұжымдарымен алмастыру 6,4 млн. теңге қаржы бөлініп қамтылды, 2007 жылы – 8,1 млн. теңге, 2008 жылы – 5,4 млн.теңге.

2006 жылы мемлекеттік, ұлттық, діни мерекелерге және ескерткіш даталарға арналған 12,9 млн.теңге жалпы сомасына 14 облыстық шаралар өткізілді, 2007 жылы 12,1 млн.теңгеге 17 шара, 2008 жылы 13,7 млн.теңгеге 27 шара өткізілді.

2006 жылы жазушылардың, ақындардың, суретшілердің, композиторлар мен орындаушылардың шығармашылық кештері, шығармалардың тұсаукесерлері 2,3 млн.теңгеге, 2007 жылы 2,5 млн.теңгеге, 2008 жылы 2,9 млн.теңгеге өткізілді.

Ұлттық-мәдени орталықтарымен бірлесіп орыс, украин, татар, неміс, армян, еврей және т.б мәдениеттерінің күндері өтті. Оларды өткізу үшін 2006 жылы – 1,7 млн.теңге, 2007 жылы – 2,7 млн.теңге, 2008 жылы 3 млн.теңге пайдаланды.

Қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey