Облыста 2010 жылғы 1 сәуірде нарықта жұмыс істейтін белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20,8 мың бірлікті құрады, олардың 1,8 мыңы — заңды тұлғалар, 3,2 мыңы — шаруа қожалықтары, 15,8 мыңы — жеке кәсіпкерлер. Көрсеткіштердің 2009 жылдың сәйкес мерзіміне қатысты өсімі 2,5%-ды құрады.
Белсенді шұғылданатындар саны 80,3 мың адамды құрады: шағын бизнес кәсіпорындарында — 31,1 мың адам; жеке кәсіпкерлікте — 41,5 мың адам; шаруа қожалықтарында 7,7 мың адам жұмыс істейді. Көрсеткіштердің 2009 жылдың сәйкес мерзіміне қатысты өсімі 2,3%-ды құрады.
2010 жылғы қаңтар-наурызда сомасы 17,8 млрд. теңгенің өнімі (тауарлар мен қызметтер) шығарылды, бұл 2009 жылғы қаңтар-наурыздан 0,7%-ға артық.
2010 жылы қаңтар-наурызда шағын бизнес субъектілерімен экономиканың барлық салаларында жаңа өндіріс ұйымдастыру және қолданыстағысын кеңейту есебінен — 1383 қосымша жұмыс орны, соның ішінде 982-сі жеке кәсіпкерлермен құрылды.
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елді мекендерде 10103 инфрақұрылым объектісі әрекет етеді, оның 4805-і — тұрғындарға қызмет көрсету, 4472-сі — дүкен, 35-і — бөлшек және көтерме базар, 791-і — қоғамдық тамақтану объектісі.
2010 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта бизнес субъектілерімен салық түрінде 4705,5 млн. теңге аударылды (оның 1778,2 млн. теңгесі — жергілікті бюджетке), бұл жалпы түсім көлемінің 62,5%-н құрайды.
Кәсіпкерліктің орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қаржы, мүліктік, құқықтық, білім беруші, ақпараттық және басқа да қолдау жүзеге асырылады.
Қаржы ұйымдарымен («Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау» АҚ СҚФ, 261 микрокредиттік ұйым және 13 селолық кредиттік серіктестіктермен) 2010 жылғы 3 айда — сомасы 227,1 млн. теңгенің кредиті және микрокредиттері, үстіміздегі жылдың 2 айында екінші-деңгейлі банктермен сомасы 1292,4 млн. теңгенің кредиті берілді.
Талап етілмеген әлеуметтік-мәдени тұрмыс объектісін шағын бизнес объектісіне қайта пішіндеу, жаңа объекті салу, 1 қабаттағы пәтерді шағын бизнес объектісіне қайта жоспарлау (сауда, қызмет көрсету саласы, шағын өндіріс) мақсатында 61 сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы берілді.
Мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге-де құрылымдардың мамандарымен 2010 жылғы қаңтар-наурызда 11,6 мың ақпараттық-маркетингтік, бизнес-консалтингтік, консультативтік, заң, бухгалтерлік және өзге-де қызметтер берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 223, ақпараттық-түсініктеме мақала орналастырылып, теледидар мен радиода 189 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
«2009 жылдың үздік кәсіпкері» конкурсының қорытындысы