| Билiк |
| Сауалнама | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сауалнама | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жаналықтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жаңалыққа жазылу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| RSS жаңалықтар /?
RSS (Really Simple Syndication) қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын (хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған. RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тәртіптік кеңестің қызметі туралы |
2010 жылдың 2 тоқсан жағдайы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Тәртіптік кеңесіне өтініш келіп түсіп, қаралды, соның ішінде 5 — саяси мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне, 36 — әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге, 2 — құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, 10 — өзге тұлғалардың іс-әрекеттеріне. Келіп түскен өтініштердің 3- мемлекеттік қызметшілерден, 14 — өзге жеке тұлғалардан, 20 — мемлекеттік органдардан, 4 — өзге заңды тұлғаларданге, 5 — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасы және 7-і өзге тұлғалар.
Есепті кезеңде Басқарма қызметкерлері 95 тексеріс жүргізді, соның ішінде: 94 мемлекеттік қызмет туралы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтау мен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша және бір тексеріс азаматтардың өтініштері бойынша.
Жоспар бойынша тексерілген мемлекеттік органдардың ішінде: 28 -Уәлиханов ауданында, 34 — Жамбыл ауданында және 30 — Шал, ақын ауданында, «ҚР АШМ, АӨК Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы» ММ, «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты» ММ, және «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ, олар ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің СҚО бойынша басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың 2 тоқсанында Тәртіптік кеңестің 4 отырысы өткізілді, соның ішінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында 1 жол жүру отырысы және «Нұр Отан» ХДП СҚФ Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесімен бірлескен 1 отырысы өткізілді, онда 24 мәселе қаралды, оның 17 тәртіптік іс.
Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 70 тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасалды, соның ішінде: 36 ескерту, 7 сөгіс, 26 қатаң сөгіс және 1-не атқарып отырған лауазымынан босату.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы заңдарды бұзғандығы: И. Н. Попова, Тимирязев жалпы білім беру мектеп-интернаты, оған ескерту жарияланды, С. В. Джердж Тайынша ауданы қаржы бөлімінің бастығы, сөгіс түрінде, А. А. Пантелев Есіл облыс аралық хауыздық балық шаруашылығы инспекциясының СҚО бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы, оған ескерту жарияланды, Шал, ақын ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманына қатаң сөгіс түрінде, Шал, ақын ауданы Новопокровка селолық округының жетекші маманы Т.Қ. Қожахметов — жұмыстан босатылды. ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін бұзғаны үшін келесілер жауапқа тартылды — Р. Е. Рамазанов пен С. С. Колесников, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасарлары, К. Н. Шақубаев пен К. К. Кошманов ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен Қызылжар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бастықтары, А. Ф. Сарычев Қызылжар ауданының МСЭБ басқармасының бастығы, М. А. Тілепбаев Айыртау ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Р.К. Әмрин Шал, ақын ауданы білім бөлімінің бастығы, Г.Қ. Алтынбекова Петропавл қаласы білім бөлімінің бастығы, А. С. Накиева Жамбыл ауданы Кладбинка селолық округы әкімі аппаратының бас маманы, К.Е. Тұяқова — Шал, ақын ауданы Ступинка селолық округы әкімі аппаратының бас маманы — сөгіс жарияланды, С.А. Сәкенов Уәлиханов ауданы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, А. П. Опперман Шал, ақын ауданы Юбилейный селолық округы әкімі аппаратының бас маманы — қатаң сөгіс түрінде жаза тартылды.
Тексеріс материалдары мен тәртіптік істерді қарау нәтижесінде Тәртіптік кеңеспен әкімдер мен өзге-де басшылар үшін мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің нормаларын сақтау бойынша 62 ұсыныс дайындалды.
Тәртіптік кеңес отырыстарында 34 жергілікті және құқық қорғау органдарының, олардың бөлімшелерінің басшылары мен лауазымдық тұлғалар қабылданды.
Есепті кезеңде жеке мәселелер бойынша 83 азамат, соның ішінде 35 адам жол жүрулерде қабылданды. Барлық мәселелерге жан — жақты жауап берілді.
Облыс аудандарында мемлекеттік органдарды кешенді жоспарлық тексеру нәтижелерінде Басқарма аудан, селолық округ әкімдерімен, аудандардың атқарушы органдардың басшыларының қатысуымен семинар-жиналыстар өткізілді, онда жою бойынша ұсыныстар беріледі және қолданыстағы заңнамалардың нормалары түсіндіріледі, үстіміздегі жылдың 2 тоқсанында 15 облыстық және өңірлік семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстел», брифинг, конференциялар өткізілді, оларға мыңнан астам қатысушы қатысты, мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде барлық деңгейдегі әкімдер.
Басқарманың және Тәртіптік кеңестің жұмысы туралы, ақпарат республикалық және өңірлік БАҚ-да 326 рет, оның ішінде теледидар арқылы 240 — теледидардан (қайталау арқылы), 5 — радио арқылы, 89 — баспа беттерінде жарияланды.
ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің web-сайтында 50, ақпарат жарияланды.















