Мекен-жайы: Петропавл қ. 314 Атқыштар дивизиясы к-сі, 83 Басшысы: Воробьева Валентина Петровна Байланыс телефоны: 33-56-46, 39-76-60
Бейнелеу өнері мұражайы 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің негізінде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады.
Алғашқы топтамалары — Қазақстан суретшілерінің кескіндеме туындылары, графика, мүсін өнері 60-шы жылдары Алматы қ. картина галереясына тапсырылды, сондай-ақ, жергілікті суретшілерден кенептер алынды. Топтамалар Мәскеу қ. Вучетича атындағы, Суретшілер Одағы, Қазақстанның Мәдениет министрлігінің көрмелер дирекциясы, сатып алулар және сыйлықтармен толықты.
Топтамалардың негізгі бөлігін графика бөлімі атақты суретшілердің шығармашылығы — В. Фаворский, Кукрыникстер, Г. Поплавский, Р. Хачатряна және т.б. құрайды. Кескіндеме бөлімінің негізгі бөлігін Қазақстан шеберлері Ә. Қастеев, Н. Хлудов, Н. А. Ысмаилов, Ж.Шарденовтердің жұмыстары құрайды.
Сәндік-қолданбалы өнерінің қорына орыс, украин, қазақ қолданбалы өнер шеберлерінің топтамалары: оралдық жайпақ табақ, самаурындар, төс белгілер, керамика және этнография заттары енді.