2009 жылы «Үздік инновациялық жоба» конкурсының қорытындысы
2009 жылы «Үздік инновациялық жоба» жыл сайынғы төрт інші өңірлік конкурсы өткізілді .
Конкурс тың жүлделік қоры 3 млн. 150 мың те ң гені құрады: 1 орын үшін – 1 млн. теңге; 2 орын үшін – 750 мың теңге; 3 орын үшін – 500 мың теңге. 300 мың теңгеден үш көтермелеу сыйлықақысы бекітілген.
31өтінім ұсынылды, соның ішінде ауыл шаруашылығы – 9, өнеркәсіп – 8, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 3, энергия ресурсын сақтау – 2, құрылыс – 2, теледидар мен радиохабар – 1, телекоммуникация – 1,басқалар – 11.
Эксперттік кеңестің екі отырысының нәтижесі бойынша 2009 жылдың үздік жобасы болып белгіленді:
1-ші орын - «ЗИКСТО» АҚ-да өндіріске енгізумен 3-8 тартқыш класты тракторға арналған орталықтандырылған сепкіш жүйесімен жиынтықтық-модульдік тұқымсепкіш-қопсытқыштың құрастырмалық құжаттамасын әзірлеу» («ЗИКСТО» АҚ, бас директоры - Коровин И.В.);
2-ші орын – «Құрылымдық оқшаулама жылу панельдері өндірісін ұйымдастыру» («Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС, директоры - А.В.Кондратов);
3-ші орын – «Цифрлық теледидарға арналған өнімдер өндірісі» («С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, бас директоры - М.М. Әбілмәжінов).
Көтермелеу сыйлықақы келесі жобаларға берілді:
«Көкөністерді ілгеріде вакуумдық буып-түюмен тамақ өнімдеріне өңдеу» (ЖК А.З. Нұрмұқанов, Қызылжар ауданы);
«Ауыл шаруашылығына арналған биологиялық белсенді заттарды өндіру тәсілі» (В.В. Поляков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры);
«Бұйымдардың ішкі жұмыс беттерін жасау, қалпына келтіру және нығайту жөніндегі ұтқыр кешенді құруға арналған технологиялық жоба» (С.А. Фомиченко, «Ремплазма» ЖШС).
2009 жылдың 30 қыркүйегінде облыстық әкімдікте «Үздік инновациялық жоба» өңірлік конкурсы жеңімпаздарын марапаттау өтті. Облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов жеңімпаздарға жүлде тапсырды.
2008 жылы «Үздік инновациялық жоба» конкурсының қорытындысы