Өкімет
Сауалнама
   
 
Сауалнама:
Сіз СЖК болмауына байланысты жеке куәлігіңізді ауыстырдыңыз ба?
Жақындағы күндері ауыстыруға барамын
Ауыстыру қажеттігін естідім, бірақ әлі барған жоқпын
Иә, ести сала ауыстырдым
Жоқ, мен құжатты ауыстыруға асықпаймын

Дауыс беру мұрағаты
 
  
Сауалнама
  Біз және интернет провайдерлер  
Жаналықтар
дс сс ср бс жм сн жк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалыққа жазылу
RSS жаңалықтар /? RSS (Really Simple Syndication) —қазіргі халықаралық формат, Интернетте таралатын
(хабарларды және мақалалар анонстарын) деректерді жөнелту үшін жасалған.
RSS-канал тақырыптан, сипаттамадан және хабардың толық мәтінін оқу үшін
арналған сілтемелерден тұрады. RSS форматында әр түрлі негіздерден берілген
мәлімет жиналуы, өңделуі және қолданушыға қолайлы түрде арнайы
программа-агрегаттар арқылы ұсынылуы мүмкін.
Сайт картасы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
   Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің  Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті»

Мекен-жайы:
1500011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 60, 26 каб.

Веб-адрес: www.ayalyalakansko.kz

E-mail: Depаrtament_SKO@list.ru

Байланыс телефондары: +7 7152 46-06-54, 46-58-61

Басшылықтың байланыс деректемелері:

Литвиненко Владимир Викторович, департамент директоры, тел. 46-58-61 (25 каб.)

Корабельников Анатолий Андреевич, департамент директордың орынбасары, тел. 50-03-06 (27 каб.)

Нұрғалиева София Қайырбайқызы, әкімшілік -қаржы бөлімінің бастығы, тел. 46-37-60 (15 а каб.)

Сеңкібаева Орал Ғалымжанқызы, балалар құқықтарын қорғау, мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы, тел. 50-03-04 (15 каб.)

Черепанова Ольга Владимировна, адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы, тел. 50-03-08 (28 каб.)

Жәйсенбаева Қорлан Қайыргелдіқызы, қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы, тел. 46-48-79 (28 каб.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті СҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментың директоры, директордың орынбасары және бөлім бастықтарымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі

Аты-жөні Қызметі Қабылдау қүндері
мен уақыттары
 1. Литвиненко
Владимир Викторович
Директор айдың 1,3 сәрсенбі
сағат 17:00 – 18:30 дейін
 2. Корабельников
Анатолий Андреевич
Директордың орынбасары айдың 1,3 бейсенбі
сағат 17:00 – 18:30 дейін
 3. Сеңкібаева
Орал Ғалымжанқызы
Балалар құқықтарын қорғау, мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы айдың 2,3 жұма
сағат 17:00 – 18:30 дейін
 4. Жәйсенбаева
Қорлан Қайыргелдіқызы
Қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы айдың 1,4 дүйсенбі
сағат 17:00 – 18:30 дейін
 5. Черепанова
Ольга Владимировна
Адамның адамгершілік-рухани дамауы бөлімінің бастығы айдың 1,3 сейсенбі
сағат 17:00 – 18:30 дейін
 6. Нұрғалиева
София Қайырбайқызы
Әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы айдың 2,3 сейсенбі
сағат 17:00 – 18:30 дейін

Департамент қызметінің мақсаты және мәні

Департамент қызметінің мақсаты қоғамдағы адамгершілік басымдықтары мен рухани байлықты қалыптастыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

       Департамент қызметінің мәні Қазақстан Республикасынының қолданыстағы заңнамасында және Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында көзделген барлық заңды құқықтарды жүйелі бақылау негізінде, осыған қатысты мемлекеттік органдардың, лауазымдық тұлғалардын, педагогтардың, ата-аналардың баланың жеке тұлға ретінде толыққанды өсіп жетілуіне жағдай жасауына ықпал ету болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері, қызметі мен құқықтары

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала қүқықтары туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» Заңдарын және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын қамтамасыз ету;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына және бала қүқықтары туралы конвенцияға сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асырумен байланысты жергілікті деңгейде ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру және іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды бақылау;
  3. балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі аймақтық бағдарламаларды іске асыруда жергілікті атқару органдарына жәрдемдесу;
  4. «әлеуметтік» жетімдіктің, балаларға зорлық-зомбылық көрсету және еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу;
  5. адамгершілік-рухани құндылықтар негізінде балалардың қоғамға кірігуіне бағытталған балалардың өзін өзі іске асыруы үшін жағдай жасау, балалардың қоғамдық бастамалары мен қоғамдық ұйымдарын қолдау және ынталандыру;
  6. Балалардың қүқықтары туралы Конвенцияның Ережелерін іске асырудың, адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларының мониторингі, балалардың әлеуметтік әл-ауқатын талдау және болжау, аймақтағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу;
  7. балалардың құқықтары туралы және оның іске асырылуы туралы жұртшылықтың ақпарат алу деңгейін көтеру;

Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау, олардың адамгершілік-рухани дамуы саласындағы ағартушылық жұмыстары, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен  ведомоствааралық қызметті қамтамасыз ету және үйлестіру;
  2. жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балалардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау, олардың адамгершілік-рухани дамуы саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
  3. балаларға әлеуметтік қолдау көрсету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде тұрғындардың адамгершілік-рухани ағарту мәселелерін шешу бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық негізінде бірлескен жобаларды бастама жасау;
  4. аймақтағы балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізілуіне жәрдемдесу және қолдау керсету, уәкілетті органдар мен білім беру ұйымдарының салааралық өзара байланысының алдыңғы қатарлы тәжірибесін пысықтау;
  5. әлеуметтік жетімдіктің және өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық акциясын өткізуге бастама жасау;
  6. зорлық-зомбылыққа ұшыраған, бас бостандығынан айыру орындарынан келген балаларға арналған дағдарыс орталықтары, әлеуметтік бейімдеу орталықтары жүйесін дамыту және қызметін үйлестіру;
  7. әлеуметтік жетімдіктің, балаларға зорлық - зомбылық көрсетудің және еңбегін қанаудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
  8. өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды тіркеу және есепке алу, олардың заңды құқықтарын іске асыруда көмек көрсету және жәрдемдесу;
  9. ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған қамқоршылық және қорғаншылық үйымдар қызметіне практикалық көмек көрсету мақсатында өзара байланыс орнату;
  10. балалардың қүқықтары мен мүдделерін білдіретін әлеуметтік маңызы бар балалар бастамалары мен жобаларын, балалар ұйымдарын ынталандыру, бағалау және қолдау керсету;
  11. балалар құқықтарын қорғау және қоғамның адамгершілік-рухани дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты, ақпараттық-насихаттық және ағартушылық қызметті жүзеге асыру;
  12. балаларды қорғау және олардың адамгершілік-рухани құндылықтары мәселелері жөнінде конференциялар, «дөңгелек үстелдер», тренингтер және басқа іс-шаралар өткізу;
  13. балалар қүдықтарын қорғау мәселелерімен айналыстын мамандарды кәсіптік дайындауға және аттестаттауға арналған бағдарламаларды әзірлеу жұмысына қатысу;
  14. өңірдегі балалардың жағдайы туралы зерттеулер жүргізу және аумақтық жылдық есепке дайындалу;
  15. балаларды  қорғау және олардың адамгершілік-рухани қалыптасуы мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық тәжірибелерді зерделеу;
  16. аймақтағы балалардың тұрмыс жағдайларын жақсарту мәселелері женінде жергілікті атқарушы органдарға және Комитетке ұсыныстар енгізу;
  17. отбасылар мен балаларға, соның ішінде өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға кеңестік, кұқықтық, психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік және құқықтық сұрақтарын шешуге арналған аймақтық қоғамдық қабылдауларды өткізу;
  18. балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағыттылған Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды бақылау бойынша шараларды іске асыру;
  19. жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттері мен салауатты өмір салтын, заңды тыңдаушылық өнегелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының бағдарламалары мен әдістемелері тәжірибеге енгізу және бақылауды жүзеге асыру;
  20. балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды толық және жан-жақты есепке алу, аймақтық ерешеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең шағын әлеуметтік стандарттарды сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімшарттардың жүзеге асырылуын бақылау;
  21. балалардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөнінде азаматтардың, заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, өз құзыреті шегінде шешім қабылдау;
  22. осы Ережеде көрсетілген мақсат үшін жеке және заңды тұлғалардан мүлікті игілікті және құқықтарын (мүлік, заттар, ақша және тағы басқа) қайырымдылық етуді заңнамаға сәйкес қабылдау.

Департамент белгіленген міндет бойынша қайырымдылықпен берілген мүліктерді пайдалану жөніндегі барлық операциялардың арнайы есебін белгіленген заңнамалық тәртіппен жүргізуі тиіс.

Департамент негізгі міндеттерді іске асыруда және өз қызметінде заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқылы:

  1. өз құзыретінің шегінде балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау және олардың адамгершілік-рухани дамуы мәселелері жөнінде шешім қабылдауға;
  2. аймақтағы балалар мен жастардың адамгерщілік-рухани мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен білім беру мекемелерінің әлеуметтік әріптестіктігін дамытуға ықпал ету;
  3. балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығармашылық бастаманы қолдауда аймақтағы қолдаушылық дәстүрді дамытуға ықпал ету;
  4. ведомствалық иелігі мен меншік түрінен тәуелсіз балалар мәселелерімен айналысатын барлық ұйымдарға кедергісіз кіруге;
  5. заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, Департамент жұмысына қажетті ақпаратты және мәліметтерді сұратуға және алуға;
  6. өз құзыретінің шегіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және толықтыру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
  7. балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірлесіп аймақтағы балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізуге;
  8. балалық шақтың, балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау және олардың адамгершілік-рухани дамуы мәселелері жөнінде хабардар ететін баспасөз қызметін жүзеге асыруға;
  9. балалардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғаумен айналысатын әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен өзара әрекет жасауға;
  10. Департамент құз
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар, 2010 ж.

Іздеу

 

 

 

 

Ассамблея народа Казахстана
 
 

С дипломомом в село

 

Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС

Copyright © 2008—2009 Солтүстiк Қазақстан облысы ресми сайт


Сайтты әзiрлеу және қолдау: «СҚО әкiмдiгiнiң ақпараттық технологиялар орталығы» КМК



?iaaen oeoe?iaaiey