| |
| Облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләловтің алғы сөзі |
| |
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Бiз сiздердi Солтүстiк Қазақстан облысының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.
Егемендi Қазақстан бүгiнгi таңда әлемге өзiне тән ұлтаралық бiрлiкпен, әлеуметтiк әдiлеттiлiкпен, барлық халықтың экономикалық әл-ауқатымен гүлденген және тұрақты мемлекет ретiнде белгiлi.
«Қазақстан-2030» Стратегиясын қабылдау елiмiзде нарықтық экономика қалыптастыруды, демократиялық құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құруды, оның iшкi тұрақтылығын алдын ала анықтады, соның арқасында Қазақстан халықаралық қауымдастықтың толық құқықты және жауапты мүшесi ретiнде бекiдi.
Бiз өзiмiздiң облыста елiмiзде жасалған қолайлы мүмкiндiктердi барынша пайдалануға тырыстық және бүгiнде бiздiң өңiрiмiздiң маңызды әлеуетi талап етiлген және тиiмдi iске қосылған. Бiз аграрлық кешенде, өнеркәсiпте, капиталды құрылыста, көлiкте, шағын және орта бизнес пен басқа салаларды дамытуда қомақты нәтижелерге қол жеткiздiк. Экономиканың жетекшi салаларының қарқынды дамуы бiзге денсаулық сақтауды, бiлiмдi және мәдениеттi дамыту жөнiндегi iрi әлеуметтiк бағдарламаларды табысты жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми сайты сiздерге бiздiң өңiрiмiз туралы жедел, объективтi және нақты ақпараттарға кедергiсiз кiрудi қамтамасыз етедi, жаңа достар мен iскер әрiптестердi табуға көмек бередi деп сенемiз.
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Жаналықтар
| 24.08.2010 «Мектепке барар жол» республикалық акциясы |
| Облыста 2010 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған отбасының, көп балалы отбасының және өмірде қиын жағдайға тап болған балаларын қолдау үшін «Мектепке барар жол» жылсайынғы республикалық акциясы басталды. |
| 17.08.2010 Тағайындау |
| «„Қазақстан“ Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ директорлар кеңесі төрағасының бұйрығымен «„Қазақстан“ РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып Ерлан Бейсенұлы Тоқшылық тағайындалды. |
| 28.04.2010 Петропавлда 24 соғыс ардагері жаңа баспанаға ие болды |
| Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Петропавлда 102 пәтерлі коммуналдық үй пайдалануға берілді. Көптен күткен қуанышқа 24 соғыс ардагері мен әлеуметтік саланың 10 өкілі бөленді. Юбилейный көшесінің жаңа тұрғындарын қоныс тойымен облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады. |
| 27.04.2010 СҚО әкімдігінің отырысы өтті |
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов өткізген отырыста 2010 жылғы өрт қауіпсіздігі маусымына дайындық барысы пысықталды. |
| 27.04.2010 Петропавлда агрокеңес өтті |
| Н.Погодин атындағы облыстық драма театрында облыс әкімі Серік Біләловтың төрағалығымен «агрокешенді дамытуға арналған міндеттер мен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу» тақырыбында кеңес өтті. |
| 26.04.2010 Кезекті жеңіс |
| КазТАГ агенттігінің хабарлауы бойынша «Астана» велокомандасының капитаны Александр Винокуров «Джиров де Трентино» веложарысының бірінші кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастады. Жеке жарыстың 12,5 шақырымға созылған кезеңін Винокуров 15 минут 7 секундта өтті. |